×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Алгебра 7 сынып оқулық онлайн

Создание интернет магазина

Алгебра 7 сынып мазмұны:

  1. Натурал көрсеткішті дәреже
  2. Негізі бірдей дәрежелерді көбейту
  3. Негізі бірдей дәрежелерді бөлу. Көрсеткіші нөлге тең дәреже
  4. Дәрежені дәрежеге шығару
  5. Көбейтіндіні дәрежеге шығару
  6. Бөліндіні дәрежеге шығару
  7. Теріс көрсеткішті дәреже. Бүтін көрсеткішті дәреже
  8. Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
  9. Санның стандарт түрі. Абсолюттік қателік. Санның жуық мәні
  10. Дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру
  11. Бірмүше деген не? Бірмүшенің стандарт түрі
  12. Көпмүше деген не? Көпмүшенің стандарт түрі және дәрежесі
  13. Көпмүшелерді қосу және азайту
  14. Көпмүшелерді көбейту жолы
  15. Бірмүшені бірмүшеге бөлу. Көпмүшені бірмүшеге бөлу
  16. Көпмүшенің ортақ көбейткішін жақшаның сыртына шығару
  17. Көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу
  18. Өрнекті тепе-тең түрлендіру
  19. Функция
  20. Функцияны формула арқылы беру
  21. Функцияны кестемен беру тәсілі
  22. Функцияны графиктік тәсілмен беру
  23. Сызықтық функция және оның графигі

Алгебра 7 сынып оқулығы жайлы

Біраз жасқа келіп балаларға арнап бірнеше сайт жасадық. Халыққа пайдалы болсын, игілігін көрсін, теру машақаты бізге ал игілігі елге деп оқулық жазуды қолға алуды жөн көрдік. Әуелі алгебрадан бастайық деп. Осы жерде 7 сынып алгебра оқулығы келтірілген. Әр сабақ жеке бетте терілген. Олардың тізімі төменде. Сабақтарды біртіндеп қоса береміз.

Егер есеп шығару керек болса я кейбір есепті түсінбесеңіз төмендегі форма арқылы бізден ұялмай сұрай беріңіз. Атам қазақ айтқандай - сұрау ұят емес, білмей жүру ұят.

Осы алгебра 7 сынып оқулығы авторы Жандос Алпысбай-ұлы. Егер басқа авторлардың оқулығы керек болса "Атамұра" не "Мектеп" сайттарынан қараңыз. Алгебра 7 сынып кітап ретінде бірнеше автормен жазылған. Бұндай авторлардың саны жыл сайын көбейіп жатыр.

Жетінші сыныпта оқылатын алгебрамыз ғылым мен техникада зор қолданыс табады. Мысалы дәреже, ықтималдылық дегендері физика есептерінде жиі ұшырасады. Соңдықтан оқушы осы жылы бар күшін салып алгебраны оқуы керек. Есептерді шешіп, анықтамаларды жаттап, формулаларды қағазға жазып дегендей.

Математиканы тану есеп шығарудан басталады

Математика сияқты пәнді біліп тану үшін көп есеп шығару керек. Ертең тестте не емтиханда жоғары баға алу үшін есепті тез шеше алу керек. Математика физика, химия сияқты пәндердегі есептерді шығару үшін қажетті құрал.

Сіз есеп шығара алмасаңыз осы жерге жіберіңіз. Не сайттағы сабақтарды оқыныз, сол сабақтарда есептер де бар оларды қараңыз. Есепті шығаруға көмектесеміз. Қаншама адамға арнап есеп шығардық.

Алгебра тесттілеуде керек

Өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда барша мамандықтарға математика тестілеуде қосылды. Негізі қате сияқты көрінсе де министрліктің талабы осы.

Өйткені біреу әдебиетке жақын, біреу сурет салуды жақсы көрсе тағы біреу биологияны ұнатады. Оларға математика не керек? Бірақ министрліктің талабы бәріне ортақ. Математиканы білмей жақсы бағаға қол жеткізе алмайсыз. Әсіресе жетінші сыныптын алгебрасынан есептер тестілеуде көп болады.

Пән: Алгебра