×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бірмүше деген не? Бірмүшенің стандарт түрі және дәрежесі

Создание интернет магазина

Бірмүше деген не? Мысалы ax2 бірмүше, 4y3 те бірмүше. Сандар мен әріптердің көбейтіндісі бар өрнек бірмүше деп аталады.

7x2yz3 бірмүше болады, себебі осы өрнек 7, x2, y, z3 деген көбейткіштерден құралған. Біріншісі сан ал қалғандары әріпті көбейткіштер.

5 - ax бірмүше бола ма? Болмайды. Неге? Себебі осы өрнек 5 және ax өрнектің айырымынан құралған.

Мына өрнек бірмүше болмайды 1/x2. Себебі бұнда x-тің дәрежесі теріс.

Бірмүшенің стандарт түрі

3x5 y x-2 бірмүшесін ықшамдайық:

3x5 y x-2 = 3x5 x-2 y

3x5 y x-2 = 3x5-2 y

3x5 y x-2 = 3x3​ y

3x5 y x-2 пен 3x3​ y айырмашылығы неде? Екіншісі ықшам ал біріншісі ұзындау. Екіншіні бірмүшенің стандарт түрі деп атайды.

5x3 y x-2 бірмүшені ықшамдаңыз.

Бірмүшенің стандарт түрі дегеніміз барлық көбейткіштер және олардың дәрежелері бір рет қана келтірілетін бірмүше. Яғни негіздері бірдей дәрежелер бірігіп кеткен бірмүшені стандарт түріне келтірілген деп аталады.

Мысалы - 6x2y, c2z, k155u222, -4p3d8, 166g2s-7

Ал мыналар стандарт түріне ие еместері - 7x-7y12x16, fgf, aba. Жаттығу ретінде бұларды стандарт түрін келтіріндер.

Бірмүшенің коэффициенті

Бірмүшенің сандық көбейткіші оның коэффициенті деп аталады. Мысалы 2xy те коэффициент 2 тең. Ал -7dy2 бірмүшеде коэффициент -7 тең.

Жоғарыдағы мысалдардағы коэффициенттерді табындар. Коэффициент бірге тең бола ала ма? Ал минус бола ала ма?

Бірмүшенің дәрежесі

Бірмүшеде бірнеше әріп бар болуы мүмкін. Мысалы a4x2 немесе b3y2.

a4x2 бірмүшесінде 4 және 2 деген дәреже бар, олардың қосындысы 4+2 = 6 бірмүшенің дәрежесі деп аталады. Сонымен a4x2 бірмүшенің дәрежесі 6 тең. Ал b3y2 бірмүшенің дәрежесі 3+2 = 5 тең.

Бірмүшенің дәрежесі дегеніміз оның (бірмүшенің) барлық әріптерінің дәрежелерінің қосындысын атаймыз.

Ұқсас бірмүшелер

Бір-бірінен коэффициенті арқылы ажыратылатын бірмүшелер ұқсас деп аталады. Мысалы 5xy пен 7xy бірүшелер ұқсас болады.

Алгебра 7 сынып оқулығы

Пән: Алгебра