×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Функцияны кестемен беру тәсілі

Создание интернет магазина

Ұлан-байтақ жері бар еліміз бидай өндіруде әлемдегі үздік елдердің қатарында. Мысалы 2016 жылы 15 млн тонна, 2017 жылы 14,8 млн тонна, 2018 жылы 13,9 млн тонна, 2019 жылы 11,4 млн тонна, 2020 жылы 14,3 млн тонна ал 2021 жылы 11,8 млн тонна бидай қамбаға жиналды. Осыны кестеге енгізейік:

Жылы 2016 2017 2018 2019 2020 2021
Салмағы 15 14,8 13,9 11,4 14,3 11,8

Көрініп тұрғандай бір жылға бір салмақ қана сәйкес келеді. Екі не үш салмақ сәйкес келуі мүмкін емес қой. Мысалы 2020 жылы 16 не 26 млн тонна бидай жиналды деп айта алмаймыз ғой. Осы жылы 14,3 млн тонна жиналды. Демек функционалдық тәуелділік бар.

Жылды x ал жиналған бидай салмағын y деп белігесек мынандай кесте аламыз:

x 2016 2017 2018 2019 2020 2021
y 15 14,8 13,9 11,4 14,3 11,8

Бұны функцияны кестемен беру тәсілі деп атайды. Сонғы мысалда x пен y арасындағы функционалдық тәуелділік кесте арқылы берілген. Үстіне x тердің мәндері ал астына оларға сәйкес келетін y тердің мәндері қойылады.

Функцияны кестемен беру тәсілі дегеніміз функционалдық тәуелділікті кесте арқылы көрсету. Көптеген практикалық есептерде функция кесте арқылы беріледі. Формула арқылы емес.

Алгебра 7 сынып

Пән: Алгебра