Көпмүшенің ортақ көбейткішін жақшаның сыртына шығару
Кейбір көпмүшенің құрамында ортақ көбейткіш бар болады. Мысалы x2 + 2x немесе y2a - 5a2. Осы екі көпмүшенің ортақ көбейткіші бар. Біріншісінде x ал екіншісінде a. Соңдықтан ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығара аламыз:
x2 + 2x = x(x + 2)
y2a - 5a2 = a(y2 - 5a)
Осыны көпмүшенің ортақ көбейткішін жақшаның сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу дейді. Сіз жаттығу ретінде мына көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеніз:
a2 - 7a, xy + y2, b2 + 4ab
Пән: Алгебра