Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу формуласы. Нөлдік дәреже
Дәреже дегеніміз бір санды өзіне өзін бірнеше рет көбейту екенің сіз білесіз. Мысалы:
23 = 2*2*2 (3 рет) = 8,
52 = 5*5 (2 рет) = 25.
Негізі бірдей дәрежелерді көбейттік. Мысалы:
23 * 22 = 25 = 2*2*2*2*2 = 32
Негізі бірдей дәрежелерді көбейткенде олардың дәрежелері қосылатын еді. Ал бөлгенде ше? Мысалы 25 дәрежесін 22 дәрежеге бөлсек не болады? Есептеп көрейік:
25 / 22 = 2*2*2*2*2 / 2*2 = 2*2*2 = 23
Байқасаңыз осы есепте алымындағы 2 санынан бөліміндегі 2 саны алынады:
5 - 2 = 3
Мынандай негіздері бірдей дәрежелерді бөлу формуласы бар:
ai / ak = ai - k, мұндағы i > k
Бағанағы есебімізде a = 2, i = 5, k = 2:
25 / 22 = 25-3 = 22 = 2*2 = 4
Жаттығу ретінде мына негіздері бірдей дәрежелерді бөлу есептерін шығарып көріңіз:
23 / 22, 34 / 33, 55 / 52.
Алгебра сияқты пәнді меңгеріңіз келсе есептерді көп шығарыңыз. Атам қазақ айтқандай - есеп білмеген есек. Тестілеуде көп есеп келеді. Негізінен алгебра пәнінен.
Көрсеткіші нөлге тең дәреже
Санның екінші дәрежесі оны өзіне екі рет көбейту деп танимыз. Мысалы 32 = 3*3 = 9. Санның үшінші дәрежесі деп үш рет, мысалы 33 = 3*3*3 = 27. Ал санның 0 дәрежесі дегенді қалай түсінеміз? Өзіне өзін 0 рет көбейту деп пе?
Көрсеткіші нөлге тең дәреже деп оны өзіне өзін бөлу деп танимыз:
a0 = a1/a1 = a1-1 = a0 (a нөлге тең емес, себебі 0 бөле алмаймыз)
Мысалы 20 = 2/2 = 1
30 дәрежесін бөлу арқылы тауып көріңіз. 50 неге тең? 60 үлкен бе әлде 70 бе?
Негізінен санның 0 дәрежесі әрдайым 1 тең болады. Соңдықтан жоғарыдағы формула былай жазылады:
ai / ak = ai - k, мұндағы i >= k
Осы формула i = k тең болғанда да орынды болады дегені.
Пән: Алгебра