Көпмүшелерді қосу және азайту амалдар
Көпмүшені өзге көпмүшеге қоса аламыз. Мысалы a2 + ab көпмүшесін ab + b2 көпмүшесіне қоса аламыз:
(a2 + ab) + (ab + b2) = a2 + ab + ab + b2 = a2 + 2ab + b2
Байқасаңыз ұқсас бірмүшелерді біріктірдік. Тағы бір мысал ретінде a3 - 7ax және 5b4 - 2xz көпмүшелерін қосайық:
(a3 - 7ax) + (5b4 - 2xz) = a3 - 7ax + 5b4 - 2xz = 5b4 + a3 - 7ax - 2xz
Соңғы мысалда бірігетін ұқсас бірмүшелер жоқ. Соңдықтан екі көпмүшенің қосындысы деп бар бірмүшелердің тізімін жаза салдық. Дәрежесі үлкендерді алдыға қойып.
Жаттығу ретінде a2 - ax және b2 + ax көпмүшелерін қосындар.
Көпмүшелерді азайту
Екі көпмүшені азайтуға да болады. Мысалы 2a2 + b2 және a2 + с2 көпмүшелері берілсін, біріншісінен екіншісін азайтайық:
(2a2 + b2) - (a2 + c2) = 2a2 + b2 - a2 - c2
(2a2 + b2) - (a2 + c2) = 2a2 - a2 + b2 - c2 = a2 + b2 - c2
Жаттығу ретінде 2x2 + 6 көпмүшеден x2 + 2 көпмүшесін азайтыныз.
Жақшаны ашқанда оның алдында минус танба бар болса жақша ішіндегі сандардың таңбасы өзгеретінің ұмытпай көпмүшелерді азайта аламыз.
Пән: Алгебра