×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Функцияны графиктік тәсілмен беру

Создание интернет магазина

Физика, химия, экономикада көптеген графиктек бар. Мысалы Алматы қаласының маусым айындағы температурасы негізінен мынандай болады:

Температура графигі

Графиктен көрініп тұрғандай түнде 12 градус шамасында болады, кейін таң атып температура бірден көтеріле бастайды, түсте ыстық боп, температура мейлінше жоғары болып кешке қарай қайта суына бастайды.

Бұндай графиктерді температураны үздіксіз өлшеп тұратын метео станцияларда құрады. Арнайы аспаптар секунд сайын температураны өлшеп қағазға не монитор бетіне тіркеп тұрады.

Осы графикте әрбір сағатқа бір температура сәйкес келеді. Мысалы сағат 15 те температура 35 0С градусқа жетті. Ал сағат 0 де 12 0С градус болды. Әр сәтке өзінің температурасы сәйкес келеді. Демек бұл функция болады.

Функционалдық тәуелділігіміз график ретінде берілген. Формуламен емес, кестемен де емес. Осындай графиктер көп. Функцияның аргументі белгілі бір мәнге ие болғандағы мәнің табу үшін, мысалы сағат 10 температураны табу үшін, сағат 10 нан жоғары вертикал сызық саламыз және ол сызықтын графикпен қиылысқандағы нүктесінде горизонтал сызық саламыз:

Функцияны графикпен беру

Суреттен көрініп тұрғандай сағат 10 температура шамамен 27 0С градус болды. Жаттығу ретінде сағат 6, 9, 15, 20 температураларды табындар. Кейін бұларды кестеге қойып функцияның кестемен беру тәсілін орындандар. 

Алгебра 7 сынып

Пән: Алгебра