×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Шеңбердің ұзындығы формуласы, шеңбердің радиусы

Создание интернет магазина

Шеңбер дегеніміз центрі деп аталатын бір нүктеден бірдей арақашықтықта жатқан нүктелерді айтамыз:

Шеңбер

Бұл суретте радиусы 5 см тең шеңбер сызылған. Суреттегі шеңбердің центрі қандай нүкте? Шеңбердің радиусы көмегімен шеңбердің ұзындығы есептелінеді.

Шеңбердің ұзындығы формуласы

Шеңбердің ұзындығы формуласы мынандай:

L = 2πR, осы жердегі π жуықтап алғанда 3,14 тең.

Мысалы жоғарыдағы шеңбердің ұзындығын есептейік:

L = 2πR = 2*3,14*5 = 31,4

Жауабы радиусы 5 см шеңбердің ұзындығы 31,4 см тең.

Жаттығу ретінде радиусы 15 см тең шеңбердің ұзындығын табындар.

Шеңбердің периметрі

Шеңбердің периметрі дегеніміз оның ұзындығы. Бұл екеуі бірдей мағына береді.

Дөңгелектің ұзындығы

Дөңгелектің ұзындығы оны қоршап тұрған шеңбердің ұзындығына тең. Дөңгелектің периметрі де сол мағына береді. Дөңгелектің ауданы қажет болса бұл да осы сайтта бар.

Шеңбердің диаметрі

Шеңбердің центрі арқылы түзуді өткізуге болады. Бұл түзу шеңберді екі рет қияды:

Шеңбердің диаметрі

Бұл түзуде жатқан және ұштары шеңберді екі рет қиятын кесіндіні шеңбердің диаметрі деп атайды. Жоғарыдағы суретте ақ түспен боялған. Шеңбердің диаметрің D деп белгілейді. Және бұл радиустан екі есе үлкен:

D = 2R

Соңдықтан жоғарыдағы формуланы былай да жазуға болады:

L = πD

Радиусы 15 см шеңбердің периметрі неге тең? Ал радиусы 30 см болатын щеңбердікі ше?

Пән: Геометрия

Комменттер

DOBAR DAN I DOBRE VIJESTI SVIMA..OVO JE BOŽIĆNA PONUDA KREDITA
michaelgardloanoffice@gmail.com
Jako sam uzbuđen nakon što sam dobio osobni kredit za kupnju novog automobila od Alliant Credit Union Inc. nakon što su me prevarili lažni zajmodavci. Hvala Bogu Svemogućem, kolega koji je također dobio kredit za proširenje poslovanja upoznao me s Alliant Credit Union Inc. i na moje najveće iznenađenje, prije nekoliko dana dobio sam kredit od 100.000 eura.
Pozivam sve vas kojima je potreban kredit da kontaktirate Alliant Credit Union Inc putem e-pošte za zahtjev za kredit:
michaelgardloanoffice@gmail.com
WhatsApp: +385-9156-08706
S poštovanjem.

Жауап беру | Өзгерту | Жою