×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бақыт деген не? "Сіз бақытты болуға лайықсыз!" романы

Роман

Бақыт деген не? Бақыт ол адамның ерекше көңілді күйі, жастар бұндай күйде көп тірлік ете алады. Айға ұшып, тауды қопара алатындай халде болады. Өзіне сенімді болады, өзгеге жылы сөз айтады, кішкентайларға қамқор болады. Қысқасы бақытты адамның қолы кең болады.

Адамның бақытты болуы үшін оның жадындағы ойлар оң, позитивті бағытта болғаны шарт. Осы үшін мен жастарға арнап "Сіз бақытты болуға лайықсыз!" романың жаздым.

Сіз бақытты болуға лайықсыз романы

Сіз бай болғыңыз келе ме? Бақытты болғыңыз келе ме? Осы жайында мен бір кішкентай роман жаздым. Соны оқып сіз тура жолды таба аласыз. Адамды бақытты әрі бай ете алатын жолды, кешегі дана бабаларымыз қалаған ғазиз жолды еске алып олар сияқты күшті ел бола аламыз. Оны мына сілтеме арқылы жүктеп алыныз:

Сен бақытты болуға лайықсың!

Романда Асан Қайғы, Төле би, Бөгенбай батыр, Абылай хан сияқты даналардың ықшам жазылған өмір баяны мен олардын айтқан асыл сөздері келтірілген. Менің мақсатып халыққа көне бабаларымыздың дана жолын, дара жолын ұсыну. Олар сияқты біз де оң, позитивті ойласақ бұл өмірдің барша игіліктеріне жете аламыз.

Көне қазақ қалай көп тірлік етті? Бай әрі бақытты болып. Адамның бай болғаны, бақытқа жетумен байланысты. Біреу азға қанағат етіп, қолдағыны бағалап жатады. Ал тағы біреу көпке де қанағат етпейді, нәтижесінде қолдағыдан да айрыла қалады.

Бақытты адам көп тірлік етеді

Сонау көне сәбеттік заманда қарт болған ақсақалдардың айтқан сөздерін еске алсам олар көбіне азға қанағат еткен, барына разы болған. Және соның салдарынан көп тірлік ете алған. Аянбай ерлік ете алған. Неге? Себебі оларда мені тағдыр алдады, мен мынандай тірлікке лайықты емеспін деп көп уақытын босқа, зая кетірмеген.

Ауыл ақсақалдары барына разы болып, мұңаймай тірлік еткен. Және жұмыс істесе бар күшін салып еңбек еткен. Нәтижесінде оларды бастықтар жоғары бағалап, жұмысына сай премия, сыйлық беріп отырған. Сонау ғұндар римдіктерді қалай жеңді дейсіз? Римдіктердің саны ғұндардан мың есе көп болса да жеңіс біз жақтан болды. Қалайша?

Ғұндай кең пейілді, ақкөңілді, ашуланбайтын, сабырлы, сондықтан парасатты болған. Римдіктердің жандаралдары болса көбіне ашушан, қызғаншақ, сабырсыз болған. Көп күшін, көп ойын болмайтын мұң мен қайғыға, уайымға жұмсап керекті кезде ойдағыдай қарсылық көрсете алмаған.

Пән: Қазақ әдебиеті