Көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу жолы
Көпмүше дегені бірнеше бірмүшенің қосындысынан тұрады емес пе. Мысалы a2 - 2a немесе x2 - 2xy + y2. Және кейде бұларды ортақ көбейткітерге жіктеуге болады. Мысалы a2 - 2a = a(a - 2).
Ал кейде бұндай ортақ көбейткіш көрінбей қалады, мысалы x2 - 2xy + y2. Осыны көбейткіштерге жіктейік:
x2 - 2xy + y2 = x2 - xy - xy + y2
x2 - 2xy + y2 = x2 - xy + y2 - xy
x2 - 2xy + y2 = x(x - y) + y(y - x)
x2 - 2xy + y2 = x(x - y) - y(x - y)
x2 - 2xy + y2 = (x - y)(x - y)
x2 - 2xy + y2 = (x - y)2
Бұны топтау тәсілі деп атайды. Топтау тәсілі ортақ көбейтіндіні табуға тіреледі. Осы тәсіл шеберлікті қажет етеді. Көп есеп шығарған адам ғана бұл тәсілді жетік менгере алады. Сондықтан сіз көп есеп шығарыныз.
Пән: Ағылшын тілі