×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бірмүшені бірмүшеге бөлу. Көпмүшені бірмүшеге бөлу

Создание интернет магазина

Бірмүшені санға бөле аламыз. Мысалы 16ab деген бірмүшені 4-ке бөле аламыз:

16ab / 4 = 4ab

Дәл осылай бірмүшені басқа бірмүшеге де бөле аламыз. Мысалы 8ab бірмүшесін 4a бірмүшеге бөле аламыз:

8ab / 4a = 2b

Кейде бөлімінде бірмүше қалып қояды. Мысалы 2xy ке x2 бірмүшелерін бөлейік:

2xy / x2 = 2y/x

Соңғы мысалда бөлімінде x қалып қойды. Кейде осылай бола береді. Жаттығу ретінде 9x2y2 бірмүшесін xy2 бірмүшесіне бөліндер.

Көпмүшені бірмүшеге бөлу

4x2 + 2xy көпмүшені 2x бірмүшеге бөлейік:

(4x2 + 2xy)/2x = 4x2/2x + 2xy/2x

(4x2 + 2xy)/2x = 2x + 2y

Көрініп тұрғандай көпмүшені бірмүшеге бөлу мынандай екі қадамнан тұрады:

  • Көпмүшенің құрамына енетің әрбір бірмүшені бөлгіш бірмүшеге жеке жеке бөлеміз
  • Қалған өрнектерді жинақтаймыз

Егер бөлу нәтижесінде қайтадан көпмүше пайда болса онда көпмүше осы бірмүшеге бөлінеді деп аталады.

Кейде бөлу нәтижесінде көпмүше пайда болмайды. Мысалы 2xy + 4x2 көпмүшесі 2y бірмүшесіне бөлінбейді:

(2xy + 4x2) / 2y = 2xy/2y + 4x2 / 2y

(2xy + 4x2) / 2y = x + 2x2/y

Бөлу нәтижесінде көпмүше пайда болмады. Демек бөлінбейді.

Алгебра 7 сынып

Пән: Алгебра