×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Функция ұғымы 7 сынып алгебра

Создание интернет магазина

Күнделікті өмірде бір шама өзге шамалардан тәуелді боп тұрады. Мысалы қазір (14.07.2022) доллардың курсы 435 тенге. Бұл дегеніміз бір доллар 435 тенге тұрады дегені. Сізде 2 доллар бар болса оны неше тенгеге ауыстыра аласыз?

Бір доллар 435*1 = 435 тенге, екі доллар 435*2 = 870 тенге, үш доллар 435*3 = 1305 тенге, төрт доллар 435*4 = 1740 тенге. Бес доллар неше тенгеге тең? Алтауы? Жетеуі? Осыны тауып беріндер.

Байқасаныз тенге мен доллар арасында белгілі бір тәуелділік бар. Тенгені t ал долларды d деп белгілесек олардың арақатынасы мынандай болады:

t = 435*d

Осындай жазу арқылы есептеуді жеңілдете аламыз. Мысалы он долларды тенгеге ауыстырғанда қанша тенге аламыз? Бұны соңғы формула арқылы таба аламыз:

d = 10, t = 435*10 = 4350 тенге.

Осындай тәуелділікті функция деп атайды. Функция дегеніміз бір айнымалыға басқа айнымалының бір ғана мәнің сәйкес қоятын заң, тәуелділік. Басқа атауы функционалдық тәуелділік.

Тағы бір мысал ол шаршының ауданы. Өздерініз білетіндей қабырғасы a болатын шаршының S ауданы бар, ол мына формуламен есептелінеді:

S = a2

Мысалы шаршының қабырғасы 2 метр болса ауданы S = a2 = 22 = 4 шаршы метр болады. Ал қабырғасы 3 метр болса ауданы 32 = 9 шаршы метр болады. Бұл да функция. Себебі бір санға бір ғана санды сәйкес қояды. Шаршының қабырғасы 5 метр болса оның ауданы қандай?

Функцияны әдетте y пен x әріптерімен белгілейді. Мысалы жоғарыдағы тәуелділіктерді былай жаза аламыз:

y = 435*x, y = x2

x функцияның аргументі ал y оның мәні деп аталады. x тәуелсіз айнымалы ал y тәуелді айнымалы.

Аңықталу облысы

Жоғарыдағы y = 435*x функциясындағы x оң мәнді ғана қабылдайды. Себебі айырбастау пунктіне барып сіз минус екі долларды айырбастап беріңіз деп айта алмайсыз ғой.

Демек x > 0. Функцияның аргументі қабылдай алатын мәндер жиыны оның аңықталу облысы деп аталады.

Алгебра 7 сынып

Пән: Алгебра