Физика есептер жауаптарымен және шығару жолдарымен
Физика есептер жауаптарымен керек болса бұл жерде бар. Бұларға қарап есептерді шешуді үйреніңіз.
Ауылдағы ұстазым Қадір Болатбек-ұлы былай деген:
"Балалар, физикадан есептер шығарғанда алдымен сызба салыңыз, есепте берілген шамаларды және олардың бағыттарын белгілеп. Бұл есептің шешілуін жеңілдетеді!".
Мысалы физика 7 сынып есептер жинақтарында жиі кездесетің мына есепті шығарайық:
Кеменің өзен ағысы бағытындағы жылдамдығы 25 км/сағ, өзен ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы 15 км/сағ. Кеме мен өзеннің жылдамдығы қандай?
Бұл үшін сызба салайық.
Кеме мен өзен ағысы бірдей болғанда:
Бұл жағдайда өзен ағысының және кеменің жылдамдықтары қосылады себебі екі жылдамдықтың бағыттары бірдей.
Кеме мен өзен ағысы әртүрлі болғанда:
Бұл жағдайда кеменің жылдамдығынан өзен ағысының жылдамдығы алынады, себебі өзен ағысының бағыты мен кеменің бағыты әртүрлі.
Осы екі теңдеуді біріктірсек теңдеулер жүйесін аламыз:
Осыны шешейік, бұл үшін бір белгісізді екінші белгісіз арқылы өрнектейік:
Енді бұны екінші теңдеуге қоямыз:
Сонымен өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ ал кеменің жылдамдығы 20 км/сағ.
Физика есептер
1) Кеменің өзен ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы 20 км/сағ ал өзен ағысы бағытында 30 км/сағ. Кеме мен өзеннің жылдамдықтары қандай?
2) Кеме су ағысымен 100 км жолды бес сағатта ал өзен ағысына қарсы қазғалып үш сағатта 30 км жолды өтті. Өзен ағысының және кеменің жылдамдықтары қандай?
Физика есептер шығару мысалы
Физика есептер шығару екінші мысалы:
20 метр биіктіктен жерге құлаған тас неше t секундта жер бетіне жетті? Ауаның кедергісін елемеңіз.
Дене жерге g еркін түсу үдеуімен құлайды. Бұл g = 9,8 м/с. Тастың бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал жерге құлағандағы v жылдамдығы үдеудің анықтамасы бойынша v = gt тең.
Тастың орташа жылдамдығы vорт = (0 + v)/2 = (0 + gt)/2 = gt/2
Тас h биіктікті t уақытта өтеді:
h = vортt = gt2/2
Бұдан:
t2 = 2h/g
Жауабы: Тас жерге екі секундта құлайды.
Жаттығу ретінде 45 метр биіктіктен құлаған метал шардың жерге дейін жетуге кеткен уақытын есептеңіз. Шардың бастапқы жылдамдығы нөлге тең.
Осы есепте шардың бастапқы жылдамдығы нөл емес, жер бетіне перпендикуляр бағытта жоғары 20 м/с болса шығара аласыз ба?
Пән: Физика
Комменттер
Параллель қосылған өткізгіштер үшін мына формула орынды:
1/R = 1/R1 + 1/R2
Сізде: R1 = 3 Ом, R2 = 6 Ом
Бұдан
1/R = 1/3 + 1/6
1/R = (2+1)/6 = 3/6 = 1/2
R = 2
Жауабы: R = 2 Ом
Жауап беру | Өзгерту | Жою
екі параллель түзу ұзындығы 10 м, бір бірімен 1 см қашықтықта вакуумда орналасқан өткізгіштер арқылы 20 а ток өткенде, магниттік әсерлесу күші қандай болады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
екі параллель түзу ұзындығы 10 м, бір бірімен 1 см қашықтықта вакуумда орналасқан өткізгіштер арқылы 20 а ток өткенде, магниттік әсерлесу күші қандай болады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Мынандай формула бар:
мұндағы μ0 = 4π·10–7 H/A2 ≈ 1,26·10–6 H/A2
Осы формулаға мәліметтерді қоямыз:
F = 4π·10–7 * 20 * 20 * 10/2π*0,01
F = 2·10–7 * 20 * 20 * 10/0,01
F = 2·10–7 * 4000*100
F = 2·10–7 * 400000
F = 2·10–7 * 4*105
F = 8·10–2
Жауабы: F = 8·10–2 Ньютон.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Индукциясы 1,1 Тл біртекті магнит өрісіне ауданы 28 см² квадрат рамка орналастырылған. Рамка жазықтығы мен магнит өрісінің бағыты 60° бұрыш жасайды. Егер рамка бойымен 0,8 А ток жүретін болса, рамкаға әсер ететін айналдырушы күш моментін анықтаңыздар
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Мына формуланы пайдаланамыз:
M = BIS sinα
Сізде B = 1,1 Тл, I = 0,8 А, S = 28 см2 = 0,0028 м2 (см2 есеп шығарғанда м2 аудару керек, бұл үшін 10000 бөлеміз), sinα = sin600 = 0,5.
M = 1,1*0,8*0,0028*0,5
M = 0,001232 Н*м
Жауабы күш моменті: M = 0,001232 Н*м
Жауап беру | Өзгерту | Жою
4нютон күштің әсерінен 0.02метрге ұзарған серіппенің қатаңдығын анықтаң осының жауабын тауып беріңізші
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Ассалаумағалейкум ағаи ағаи мен қазір 10 оқим физмат таңдаим мен ҰБТ да 100 ден жоғары бал алуым үшін не істеуім керек қалаи даиндалсам болат кеңес беуіңізді сұраймын
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Уағалеукумассалам!
Таңдауынызды қоштаймыз! Мен өзім математика факультетінде оқыдым. Соңдықтан сізге айтар кеңесім сіз әуелі мектеп оқулықтарын оқыныз. Және көп есеп шығарыныз. Тестілеуде есептер көп болады. Егер түсінбеген есеп не теорема бар болса маған жазыңыз. Түсіндірем. Осы сияқты коммент қалдырыңыз не форумға қосыныз. Ұялмай сұраңыз!
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Дене 20м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлайды.Жердін бетіне тиген кездегі оның жылдамдығы қандай болады
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
h = 20м
h = gt2/2
t2 = 2h/g
t = (2h/g)1/2
v = gt
v = g*(2h/g)1/2
v = (2hg)1/2
v = (2*20*9,8)1/2 = 19.79
Жауабы: v = 19.79 м/с
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
F = 25 kH = 25 000 Н
F = mg
m = F/g
m = 25 000/9.8 = 2551.02
Жауабы: m = 2551.02 кг
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
h = 45м
h = g*t2/2
t2 = 2h/g
t = (2h/g)1/2
t = (2*45/9,8)1/2 = 3.02
Жауабы: t = 3.02
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Салматсызба!
m = 60 кг.
F = mg
F = 60*9.8 = 588 Ньютон
Жауабы: F = 588 Н
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Шахта массасы 0,5 тонна шелекті нөльге тең бастапқы жылдамдықпен түсіре бастайды. 0,2 мин-тің ішінде ол 35 метр жүреді. Шелек ілінген арқанның керілу күшін табыңдар
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Fауырлық - Fкерілу = m*a
Fауырлық = mg
h = at2/2
a = 2h/t2
Fауырлық - Fкерілу = m*a
Fкерілу = Fауырлық - ma
Fкерілу = mg - m2h/t2
Fкерілу = m(g - 2h/t2)
m = 0.5т = 500кг, h = 35м, t = 0.2 минут = 12 секунд.
Fкерілу = 500*(9.8 - 2*35/122) = 4657 Ньютон
Жауабы: Жіптің керілу күші Fкерілу = 4657 Ньютон
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сыйымдылығы 0,3мкФ , 0,2мкФ конденцаторларды өзара параллель жалғап кернеуі 120В ток көзіне жалғанғанда , әр конденсатордағы және жалпы тізбектегі заряд шамасын табу.Әр конденсатордағы кернеудің түсуін анықтау!! көмектесіңіздерші
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сыйымдылығы 0,3мкФ , 0,2мкФ конденцаторларды өзара параллель жалғап кернеуі 120В ток көзіне жалғанғанда , әр конденсатордағы және жалпы тізбектегі заряд шамасын табу.Әр конденсатордағы кернеудің түсуін анықтау!! көмектесіңіздерші
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Параллель боп қосылған екі конденсаторлардың электр сыйымдылығы мына формула арқылы табылады:
1/Cжалпы = 1/C1 + 1/C2
1/Cжалпы = (C1 + C2)/С1C2
Cжалпы = C1C2/(C1 + C2)
Cжалпы = 0,3*0,2/(0,3 + 0,2) = 0,06/0,5 = 0,12 мкФ
Әрбір конденсаторлардағы кернеу бірдей болады, себебі олар параллель қосылған емес пе:
U = U1 = U2 = 120В
C = q/φ
φ = U
C = q/U
q = CU
мкФ дегеніміз миллион есе аз дегені. Мысалы 5мкФ бұл 5*10-6 Ф дегеннің қысқаша жазбасы.
qжалпы = Cжалпы U = C1C2/(C1 + C2) * U = 0,12 мкФ * 120 = 0,12*10-6 * 120 = 1,44*10-5 Кл
Бірінші конденденсатордағы заряд:
q1 = C1U1
U1 = U, себебі өткізгіштер параллель қосылған
q1 = C1U = 0,3 * 10-6 * 120 = 3,6 * 10-5 Кл
Екінші конденсатордағы заряд та осылай аңықталады:
q2 = C2U2
U2 = U, себебі өткізгіштер параллель қосылған
q2 = C2U = 0,2 * 10-6 * 120 = 2,4 * 10-5 Кл
Жауап беру | Өзгерту | Жою
1 Жүк тиелген шаналар көлдегі мұз бетімен бірқалыпты қозғалуда. Массалары 0,2 т шаналардың мұзға үйкеліс к оэффициенті 0,2 болғандағы, шаналарға горизонталь түсірілген күштерді аңықтандар.
2Дененің теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдығының орташа мәні
3Тас құдық түбіне 4с-те құлап түсті. Құдықтың тереңдігі (g =10м/с² .)
4
Төрт күш бір түзу бойымен бағытталған: солға 6 Н және 11 Н, ал оңға 12 Н және 5 Н. Бұл күштерді графикалық түрде бейнелеп, олардың теңәсерлі күшін анықтаңдар
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Бірінші есеп
Үйкеліс күші мына формуламен аңықталады - F = μ N.
Сізде N = mg,
Сонымен F = μ N = μ m g = 0,2 * 200 * 9,8 (0,2 тонна бұл 200 килограм) = 392 Ньютон
Екінші есеп
Теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық формуласы мынандай - v = v0 + at. Мұндағы v0 бастапқы жылдамдық, t - уақыт және a үдеу, ол тұрақты. Орташа жылдамдық мынаған тең:
vорташа = (v0 v0 + at)/2 = v0 + at/2
Үшінші есеп
Мынандай формула бар:
h = g*t2/2
h = 10*42/2 = 10*16/2 = 80
Жауабы: құдықтереңдігі 80 метр
Төртінші есеп
Теңәсерлі күші 6 + 11 - 12 - 5 = 0. Күштерді сызық етіп салыңыз, менде компьютерде бұны істеу қиын. Солға тарқан күштерді оң деп белгілесек, оңға тарқан күштер теріс болады, себебі бұлардың бағыттары қарама-қарсы.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Дене 15 м/с жылдамдықпен вертикаль тік лақтырылды. Дененің
құлау уақыты (g = 10 м/с2)
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Дене жоғары лақтырылса оның v жылдамдығы былай өзгереді:
v = v0 - gtкөтерілу, мұндағы tкөтерілу өткен уақыт, v0 дененің бастапқы жылдамдығы
Дененің ең жоғарғы нүктедегі жылдамдығы 0 тең болады:
v = 0
v0 - gtкөтерілу = 0
tкөтерілу = v0/g
Бұл дененің ең жоғарғы нүктеге дейін көтерілу үшін кеткен уақыт.
Дене енді төмен tтүсу уақыт аралығында жерге құлайды. Оның жерге құлағандағы жылдамдығы vқұлау
vқұлау = gtқұлау
Импульстың сақталу заңына сәйкес:
mv1 = mv2
v1 = v2
Демек:
v0 = vқұлау = gtқұлау
v0 = gtқұлау
tқұлау = v0/g
tтолық = tкөтерілу + tқұлау = v0/g + v0/g = 2v0/g
tтолық = 2v0/g = 2*15/10 = 3
Жауабы: 3 секундта жерге құлайды.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Сіз есептін шартын жазып беріңіз, кейін шығарып береміз. Әзірше түсініксіз боп тұр. Не есеп? Не табылу керек?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Кинетикалық энергия мына формуламен есептелінеді - E = mv2/2.
E = 5 * 202 / 2 = 5 * 400 / 2 = 1000 Джоуль
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Мұздың үстіне қойылған, температурасы 40⁰C балқыған алюминий кубы оған толығымен енді. Кубтың бастапқы температурасын анықтаңдар. Салқындау кезіндегі кубтың көлемінің өзгерісі нің ескермейміз
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Алюминий кубының бастапқы жылу мөлшері мынаған тең:
Q1 = m1ct1, мұндағы m1 - алюминийдің массасы, t1 - алюминийдің бастапқы температурасы ал c - меншікті жылу сыйымдылығы
Алюминий кубының салқындағаннан кейінгі оның жылу мөлшері мынаған тең:
Q2 = m1ct2, мұндағы m1 - алюминийдің массасы, t2 - алюминийдің салқындалған кезіндегі температурасы ал c - меншікті жылу сыйымдылығы
Мұзды балқыту үшін мынандай жылу мөлшері керек:
Q3 = m2λ, мұндағы m2 судың массасы ал λ - судың меншікті балқу жылуы
Сонымен:
Q1 - Q2 = Q3
m1ct1 - m1ct2 = m2λ
m1c(t1 - t2) = m2λ
t1 - t2 = m2λ/m1c
t1 = t2 + m2λ/m1c
Оған қоса алюминий мен судын массаларын олардың тығыздықтары арқылы былай көрсете аламыз:
m2 = ρ2V2
m1 = ρ1V1
V1 = V2 (куб емес пе)
m2/m1 = ρ2/ρ1
t1 = t2 + ρ2λ/ρ1c
t1 = 40 + 2700*3,4*105/1000*4200 = 258,57 0С
Жауабы: қызған алюминий 258,57 0С ие болған.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Өлшемі 30*10*10см қалайы білеушіннің массасы 21,9 тең. Қалайының тұздығы неге тең.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Өлшемі 30*10*10см қалайы білеушіннің массасы 21,9 тең. Қалайының тығыздығы неге тең?
ρ = m/V (тығыздық массаны көлемге бөліп табылады)
V = a*b*c (көлем еңі, ұзындығы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең)
ρ = m/a*b*c
ρ = 21,9/0,3*0,1*0,1
ρ = 21,9/0,003 = 7300
Жауабы: қалайы тығыздығы 7300 кг/м3 немесе 7,3 кг/литр.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Дене 20 с уақыт ішінде 20 м/с жылдамдықпен және екінші уақыт 20 с ішінде 30 м/с
жылдамдықпен
қозғалды. Дененің орташа жылдамдығын тап?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Біріншіден жалпы өткен жолды табамыз:
S = v1t1 + v2t2
Екіншіден жалпы өткен уақытты табамыз:
t = t1 + t2
Орташа жылдамдықты табу үшін жалпы өткен жолды жалпы өткен уақытқа бөлеміз:
v = S/t = (v1t1 + v2t2)/(t1 + t2)
v = (20*20 + 20*30)/(20 + 20) = 1000/40 = 25
Жауабы орташа жылдамдық 25 м/c тең.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Сіз есепті толығымен беріңізші. Әйтпесе түсінбей қалдық.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
8. А пунктінен В пунктіне карай козгалган автокөлік қозғалысы бойынша аныктаныз:
а) Автокөлік бастапкы 150 секундты 10 м/с жылдамдыкпен жүрiп етті. Осы уакытта журiлген жолды аныктаныз. S1
b) соңғы 50 секундты 15 м/с жылдамдыкпен журдi. Журiлген жол аралыгын аныктаныз S2=
с) орташа жылдамдығын есептеңіз. орташа жылдамдык
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
a) S1 = v1t1 = 10*150 = 1500 метр.
b) S2 = v2t2 = 15*50 = 750 метр.
c) Орташа жылдамдықты табу үшін барлық өткен жолды өткен уақытқа бөлеміз:
v = (S1 + S2)/(t1 + t2) = (v1t1 + v2t2)/(t1 + t2) = (1500 + 750)/(150 + 50) = 11,25 м/c
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Салеметсиз бе!
Тереңдігі 200дм құдықтан 15с ішінде шелегімен қоса алғанда массасы 12000 грамм суды көтеріп шығару үшін адам қандай қуат өндіреді?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Кедергі 3OM және 6OM екі резистор тізбекке пароллель қосылған.Бірінші резистордан өтетін ток
Гулзира Янгибоева
Жауап беру | Өзгерту | Жою