Кинетикалық энергия дегеніміз не?
Кинетикалық энергия дегеніміз не? v жылдамдықпен қозғалған массасы m-ге тең дененің кинетикалық энергиясы мына формуламен анықталады:
Кинетикалық энергия скалярлы өлшем, оның өлшем бірлігі джоуль. Джоульмен физикада энергияны өлшейді, яғни Джоуль энергияның өлшем бірлігі.
Кинетикалық энергияны есептеу мысалдары
Мысалы, сағатына 18 километр жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан атлеттің салмағы 60 килограмм болса, оның кинетикалық энергиясы неге тең?
18 километр 18 000 метрге тең, бір сағат 3600 секундке тең.
Осыдан атлеттің жылдамдығы:
v = 18000/3600 = 5 м/с
Ek = 60*52/2
Ek = 60*25/2
Ek = 30*25
Ek = 750 Джоуль.
Жауабы, атлеттің кинетикалық энергиясы 750 Джоульге тең.
Салмағы 3000 тонна ал жылдамдығы 75 км/сағ тең пойыздың кинетикалық энергиясын есептеңіз.
Кинетикалық энергияның физикалық мәні
Дененің кинетикалық энергиясы, дененің қозғалысымен байланысты, дененің қозғалысы неғұрлым көп болса соғұрлым дененің кинетикалық энергиясы жоғары болады. Механикалық энергияның бұл түрі, яғни кинетикалық энергия, дененің қозғалысымен байланысты.
Сонымен қатар дененің өзге механикалық энергиясы бар, бұл оның орналасуымен, сыртқы ортаның күштерімен әсерлесуіне байланысты туындайтын - потенциалдық энергиясы.
Пән: Физика
Комменттер
Еркін түсу бұл денелердің жерге ауырлық күшімен тартылуы. Қолыныздағы допты жіберсеңіз доп жерге құлайды, себебі жер бұны тартады. Еркін түсу дегеніміз осы.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Еркін түсу бұл
ASHOK. YT
Жауап беру | Өзгерту | Жою