×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Балқу, балқу температурасы, меншікті балқу жылуы

Создание интернет магазина

Қатты заттың сұйық затқа айналуы балқу деп аталады. Мысалы металдарды пештерде көп қыздырады да әшейінде қатты күйінде болатын метал сұйық боп қалыпқа ағылады:

Балқу

Суығаннан кейін метал қайта қатады да керекті пішінде қалады:

Сақтар

Бұл атақты ата-бабаларымыз сақтардың құйған әшекейі. Сақтар метал балқыту өнерін жақсы меңгерген!

Балқу температурасы

Металдар кез келген температурада балқымайды, әрбір метал тек белгілі бір температурада ғана балқиды. Мысалы алюминий 6600 С температурада ғана балқиды. 5000 С температурада алюминий балқымайды. Зат балқитын температура бұл заттың балқу температурасы деп аталады.

Алюминийдің балқу температурасы қандай?

Су температура теріс болғанда мұз боп қатады, ал оң, жылу температураларда сұйық болса мұздың балқу температурасы қандай?

Меншікті балқу жылуы

Зат балқу температурасына дейін қыздырылғаннан кейін бірден балқымайды. Бұған қосымша жылу мөлшері қажет, бұны меншікті балқу жылуы деп атайды.

Мысалы мұздың меншікті балқу жылуы 3,4*105 Дж/кг. Бұл дегеніміз мұзды 00 С градусқа дейін қыздыру керек, одан кейін мұздың әрбір килограмына 3,4*105 Дж жылу мөлшері керек, тек бұдан кейін ғана мұз еріп сұға айналады!

Бұл өте үлкен жылу мөлшері болғандықтан көктемде мұз бірден ерімейді, айналадағы жер мен ауа температурасы нөлден ондаған градус жоғары болса да қалын мұз бір күнде ерімейді, кейде тіпті мамыр айына дейін көлеңке жерлерде қатып жатады.

Балқу деген не?

Қатты заттардың атомдары мен молекулалары тәртіптелген тор пішінді болады, бұны кристалдық тор деп атайды:

Кристалдық тор

Температура жоғарлаған сайын бұл тәртіп бұзылады, жылудың әсерінен бұл тордың төбелерінде орналасқан ұяшықтар жан-жаққа қозғала береді. Жылудың әсерінен молекулалар мен атомдардың жылдамдықтары артады емес пе! Нәтижесінде кристалдық тор бұзылады да зат сұйыққа айналады.

Зат жылуды сіңіретіндіктен заттың ішкі энергиясы артады.

Кристалдану

Сұйық заттың қатып қатты затқа айналуы кристалдану деп аталады. Қыста су қатып мұзға айналады. Мұздың молекулалары кристалдық торды құрады. Қатты күйіндегі барлық металдардың молекулалары мен атомдары кристалдық торды құрады. Кристалдану деген атауы да осыдан.

Балқып тұрған алюминийдің температурасы 6500 С дейін төмендесе кристалдану процесі өте ме?

Пән: Физика

Комменттер

Сәлеметсізбе. Қатты дененің сұйық күйге айналу кезіндегі тұрақты температурасы неше градус? 

Айым Омирбай

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсізбе! Бұл затқа байланысты, мысалы мұз 0 0С температурада сұйық күйге, суға айналады, яғни ериді, балқиды. Ал қорғасын +327 0С балқиды, сұйық затқа осы температурада айналады. Кейбір металдар өте жоғары температурада ғана балқиды.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою