Гук заңы, серпімділік күші
Серіппені қолмен қысқанда, серіппеде сіздің күшінізге қарсы әсер ететін, қарама-қарсы бағыттағы серпімділік күші пайда болады. Бұл күш серіппенің толықтай қысылуына кедергі болады. Серпімділік күші бар денелер үшін Гук заңы орынды.
Гук заңы сыртқы күштің шамасын және деформация мөлшерін байланыстырады.
Серпімділік күші
Денені деформациялауға бағытталған F күші осы күштің әсерінен пайда болған l ауытқуға пропорционал:
F = k * l, k - керілу коэффициенті деп аталатын тұрақты шама.
Мысалы, бала серіппені 10 сантиметрге қысты делік, серіппенің керілу коэффициенті 20 Ньютон/метр, сұрақ, бала қандай күшпен серіппені қысты?
Шешілуі:
Гук заңына сәйкес керілу күші (10 сантиметр = 0,1 метр):
F = k * l = 0,1 * 20 = 2 Ньютон.
Жауабы: 2 Ньютон.
Серпімділік күші тек қана серіппені қысқанда ғана емес, сонымен қатар басқа денелерде де пайда болады, мысалы садақта:
Гук заңы тек қана аз деформацияларда орынды болады, мысалы садақты қатты кертіп сындырсаңыз, садақтың керілу күші нөлге тең болады, Гук заңы бұндай жағдайларда қолданылмайды.
Сонымен формуладан көретініміз бұл серпімділік күшінің шамасы ауытқуға пропорционал болатынында.
Жаттығу: Балуан үлкен серіппені 20 сантиметрге қысты, серіппенің керілу коэффициенті 700 Ньютон/метр, балуан қандай күшпен серіппені қысты?
Пән: Физика
Комменттер
Саламатсызба!
Жетінші тапсырма. Үйкеліс күші деген сабақ осы сайтта бар. Сол жерде мынандай формула бар: F = μ N. Мұндағы μ үйкеліс коэффициенті ал N нормаль күш. Сізде N = P, μ = 0,05. Демек: F = μ N = μ P = 0,05*500 = 25 Ньютон.
Сегізініші тапсырма. Екінші рет қандай шамаға созылды? Бұл есептін жалпы шешімі мынандай: F1 = kl1, осыдан k = F1/l1. Екінші рет созғанда F2 = kl2 күш жұмсалады. Осыған табылған k қоямыз: F2 = kl2 = F1/l1 * l2 = F1l2/l1. Осы формулаға өзініздің мәліметтерінізді қойыныз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Алма массасы m = 200 грамм. Салмақ P = mg = 0,2*9,8 = 1,96 Ньютон. Масса екі рет өссе, m2 = 2m салмақ мынандай болады: P = m2g = 2mg. Демек салмақ екі есе артады (P = 2*0,2*9,8 = 3,92 Ньютон).
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Салеметсізбе!Осы есепке комектесе аласыз ба?
7.тапсырма
Бөлшектер салынган жәшiктiн салмагы Р-500 Н. Егер еден (пол) мен жәшiк ар
коэффициенті д. - 0,05 болса, жәшікті горизонталь еденмен (полмен) біркалы
кандай F күш жұмсау керек?
8 тапсырма
Серiппенiн ұзындыгын 3 см-ге созганда 1,4 Н серпімділік күшi пайда болады
созганда серпімділік күшi кандай болады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою