×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Кедергі күші және үйкеліс күші

Создание интернет магазина

Кедергі күші заттың газ не сұйықта қозғалғанында пайда болады. Мысалы сағатына елу километр жол жүріп жатқан көліктің айнасын ашсаңыз сізге сырттан жел соғады. Бұл сыртқы ауаның, көліктің қозғалысын баяулатуға бағытталған - кедергі күші.

Кедергі күші қозғалған денелерде ғана пайда болады. Мысалы сіз қайықты қолымен қозғалта аласыз, бірақ қайыққа үлкен жылдамдық бере алмайсыз, себебі қайықтың жылдамдығы артқан сайын, кедергі күшінің мәні де арта бастайды.

Кедергі күшінің формуласы

Қозғалған дененің жылдамдығы аз болса, онда кедергі күші мына формуламен аңықталады:

F = k1v, мұндағы k1 кедергі коэффициенті деп аталатын шама ал v дененің жылдамдығы.

Қозғалған дененің жылдамдығы тым үлкен болса, кедергі күшінің мәні мына формуламен аңықталады:

F = k2v2, мұндағы k2 кедергі коэффициенті деп аталатын шама ал v дененің жылдамдығы.

Яғни жылдамдық жоғарлай бергенде, кедергі күші едәуір артады!

Үйкеліс күші

Кітаптің бетіне өшіргішті қойыңыз, кітапты сәл бұрыңыз, өшіргіш неліктен сырғанап кетпейді? Бұны ұстап тұрған қандай күш? Не себепті ауыр каптарды шанаға тиеп аз күш жұмсап қозғалта аламыз? Шанасыз бір қапты да орнынан қозғалта алмаймыз?

Шаңғы

Бұның себебі денелердің арасында қозғалуға кедергі боп тұрған үйкеліс күшінің бар болуында, өшіргіш пен кітаптың арасында үйкеліс күші үлкен, сондықтан өшіргіш сырғанамайды. Ал шаңғы мен қардың арасындағы үйкеліс күшінің шамасы аз, сол себепті шаңғыны еркін қозғалтамыз. Сол себепті шаңғының көмегімен ауыр жүктерді сүйрете аламыз.

Үйкеліс күшінің аңықтамасы

Үйкеліс күші деп екі дененің түйіскен жеріндегі, қозғалысқа қарсы әсер ететін күш. Үйкеліс күші мына формуламен есептелінеді:

F = μ N,

мұндағы μ үйкеліс коэффициенті деп аталатын шама, N нормаль қысым күші.

Нормаль қысым күші екі дененің бір-біріне қысылу күші, бұл күш үйкеліс бағытына тіке (900 бұрыш құрып) бағытталған. Мысалы горизонталь бағытта орналасқан үстел үстіндегі өшіргіштің үстел бетіне басатын нормаль күші бұл өшіргіштің ауырлық күшіне тең.

Формуладан нормаль қысым күші N неғұрлым көп болса, соғұрлым кедергі күші көп болады. Өшіргішті қатты басып үстел бетімен жүргізіп көріңізші. Кедергінің артуы байқалады ма?

Үйкеліс коэффициенті

Кейбір заттардың үйкеліс коэффициенттерінің мәндері мына кестеде келтірілген:

Үйкеліс коэффициенттер кестесі

Пән: Физика