Тығыздық деген не? Тығыздық формуласы, салыстырмалы тығыздық
Табиғаттағы көптеген бірдей көлемдегі денелердің массалары әртүрлі болады. Мысалы ағаштан жасалған үлкен қасықтар, темірден жасалған үлкен қасықтардан гөрі жеңілірек болады. Немесе құмға толы шелектің салмағы, суға толы шелектің салмағынан көп болады.
Не себепті әртүрлі заттардың салмағы әртүрлі болады? Бұған тығыздық ұғымы жауап береді.
Тығыздық формуласы
Дененің тығыздығы деп дененің салмағының оның көлемінің қатынасына тең шаманы атайды:
ρ = M/V,
- мұндағы M - дененің килограммен есептелінген массасы, V - дененің кубтық метрмен есептелінген көлемі. Тығыздықтың өлшем бірлігі кг/м3. Тығыздық формуласы дегеніміз осы.
Тығыздықтың мынандай анықтамасы да бар:
Тығыздық дегеніміз дененің бірлік көлеміндегі салмағына тең шама.
Бұл екі анықтаманың мағынасы бір.
Мыстан жасалған қабырғасы он сантиметрлік кубтың салмағы 8 килограмм 900 грамм болса, мыстың тығыздығы неге тең?
Он сантиметр 0,1 метрге тең.
Кубтың көлемі V:
V = 0,1*0,1*01 = 0,001 м3.
8 килограмм 900 граммымыз 8,9 килограмм.
Мыстың тығыздығын есептейік.
ρ = 8,9/0,001 = 8900 кг/м3.
Жаттығу:
Ені бес метр, ұзындығы елу метр, тереңдігі екі метр болатың бассейннің ішіндегі сұйықтың салмағы сегіз жүз тонна болса, сұйықтықтың тығыздығы неге тең?
Салыстырмалы тығыздық
Бір заттың екінші затқа қатысты тығыздығы салыстырмалы тығыздық деп аталады. Мысалы заттардың судан неше рет тығыз екендігің есептейді, сөйтіп суға қатысты заттардың салыстырмалы тығыздықтарың алады.
Мысалы алюминийдің тығыздығы 2700 кг/м3 ал судын 1000 кг/м3, алюминийдің суға қатысты салыстырмалы тығыздығы:
D = 2700/1000
D = 2,7
Бұның физикалық мағынасы алюминий судан 2,7 рет ауыр болатындығында.
Мыстың тығыздығы 8900 кг/м3 болса, осы заттың алюминийге қатысты салыстырмалы тығыздығы қандай?
Пән: Физика
Комменттер
Бұл оңай!
Мыстың тығыздығы ρ = 8900 кг/м3 және сондықтан ол тығыздығы ρ = 800 км/м3 болатын керосинге толықтай батып кетеді. 17,8 кг мыстың көлемін есептейміз.
m = ρv
v = m/ρ
v = 17,8/8900 = 0,002
Жауабы: 0,002 м3 немесе 2 литр.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Теңіздің 10 900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер. Теңіз суының тығыздығы 1030кг/м³
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сұйықтық түбіндегі қысым мына формула арқылы есептелінеді:
P = ρgh, мұндағы ρ сұйықтықтың тығыздығы, g еркін түсу үдеуі, h тереңдік.
Бұл формулаға қойсақ:
P = 1030*9,8*10900 = 110024600
Жауабы: p = 110024600 Паскаль
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Массасы 17,8 кг мыс бөлшегін жуу үшін оны толып тұрған керосині бар ыдыска батырған. Осы бөлшек ығыстырып шығырған киросиннің салмағын анықта. P^k=800км/м³, P^м=8900кг/м³, g=10 Н/кг.
Бірден көп көп рахмет
Merei Mekemtas
Жауап беру | Өзгерту | Жою