Карта дегеніміз не? Карта түрлері, топографиялық карта
Сіздің сыныбыныздың жоспары мынандай болуы мүмкін:
Бұл суреттің сол жағында оқушылардың 21 партасы ал оң жағында мұғалімнің столы және тақта бейнеленген. Бұған қарап сыныпта неше адамға орын бар, және әрбір оқушының отырған жерін белгілеуге болады. Оқушылардың парталары сары түске, орындықтар қызғылт түске боялған. Жаттығу ретінде өз сыныбыңыздың жоспарын салыңыз. Немесе үйіңіздің.
Карта деген не? Карта дегеніміз дәл осындай жоспар.
Мысалы Балқаш көлінің ғарыштан жасалған фотосы мынандай:
Ғарыштан түсірілген фотодағы - өзендер мен көлдерді көк түске, тұзды суларды күлгін түске, құмдарды нүкте-нүкте етіп, биік тауларды қызыл түске ал аласа жоталарды сары түске боясақ, мынандай жоспарды, картаны аламыз:
Бұл карта Балқаш көлінің маңайындағы жерлер мен сулардың кішірейтілген жоспары. Карталарды қағаз бетіне сызылады не электронды құралдар арқылы бейнеленеді.
Масштаб дегеніміз не?
Масштаб дегеніміз не? Балқаш көлінің ұзындығы 605 километр, бұндай картаны қағаз бетіне салу мүмкін емес! Соңдықтан карталарда жер бетіндегі көлдер, өзендер, таулар және тағы сол сияқтылары бірнеше мың рет кішірейтіліп бейнеленеді.
Мысалы жоғарыдағы қағаз бетіне түсірілген картада масштаб 1:3 000 000 деген жазу бар. Бұның мағынасы, картадағы бір сантиметр зат шыңдығында 3 000 000 рет үлкен болады дегені. Бір метрде 100 сантиметр ал бір километрде 1000 метр бар, соңдықтан бір километр бұл 100*1000 = 100 000 сантиметр. Бұдан картадағы бір сантиметрде 3 000 000/100 000 = 30 километр бар.
Картадағы бес сантиметр арақашықтық шыңдығында 5*30 = 150 километрге тең. Осыны пайдаланып қалалар арасындағы арақашықтықтарды есептеуге болады.
Қазақстанның картасың пайдалана отырып Ақтау мен Семей арасындағы тіке арақашықтықты есептеңіз.
Карта түрлері
Географиялық карталар бірнеше түрлі болады, солардың ең маңыздылары - физикалық, саяси және топографиялық.
Саяси картада мемлекеттер, қалалар және астаналар бейнеленеді. Ал физикалық картада жер бедері - көлдер, өзендер, таулар, шөлдер, теңіздер тағы сол сияқтылары бейнеленеді.
Ал жалпы карта түрлері сан алуан. Мысалы саяси мен физикалық картадан басқа топографиялық карталар және елдер карталары бар. Елдер картасында қай ел қай жерде қоңыстанғаны бейнеленеді.
Топографиялық карта
Топографиялық карта елді мекендер мен жер бедері бірдей көрсетілген карта. Бұндай картада өзендер, сулар, көлдер, егіс алқаптары және тағы сол сияқтылары бейнеленген.
Бұндай карта шағын аумақты ғана қамтиды. Мысалы бір ауылдың маңайындағы объектілерді.
Карта дегеніміз осы, карта бұл жер бетіндегі объектілердің (көлдер, өзендер, қалалар тағы сол сияқтылары) қағаз бетінде шартты бейнеленуі.
Пән: География