Лексика
Лексика.Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын эерттейтін тіл білімінің саласын лексиклогия деп атайды. Гректің lexis - "сөз" және logos - "ілім" деген сөздерінен пайда болған. Әрбір тілдің лексикасында сөздер сан алуан және мол болатыны белгілі. Лексика тілдің осы сөз құрамын, оның тарихи даму заңдылықтары мен қызметін зерттейді. Мәселен, заттар мен құбылыстардың атауын, саны мен сапасын, түр-түсін, көлемін, мезгілін, мөлшері мен шамасын, қимылын, т.б. мағыналарын дегендей.
Лексикология - лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасиология (сөз мағынасы, оның өзгеруі, ауысуы), этимология (сөздің шығу тегі, ең алғашқы мағынасы, төркіні), фразеология (тұрақты сөз тіркестері), лексикография (сөздерді жүйелеу және сөздік жасау ерекшеліктері) деп аталатын салалардан тұрады.
Пән: Қазақ тілі