×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Математикадан сабақтар, математика онлайн сабақ

Математикадан сабақтар осы жерде бар. Математика сабақ онлайн оқы да бес пен төрт ал!

Математика бұл мектепте оқылатын ең іргелі әрі ең керекті пән. Математиканы білмей адам ақшаны есептей алмайды, қарыз бен пайданы ажырата алмайды. Мектеп бағдарламасында өтілетін математика элементар математика деп аталады. Элементар математика бұл көбейту, бөлу, алу, қосу, пропорция, пайыз және тағы сол сияқты өмірде қажетті ұғымдарды үйретеді. Бұдан кейін 10-11 сыныптарда математикалық анализ оқылады, бұл жоғары математиканың негізі.

Математика ғылымы үш бағыттан тұрады - алгебра, геометрия және математикалық анализден. Математикалық анализ элементарлы математикаға жатпайды, бұл пәнмен оқушылар жоғары сыныптарда танысады. Алгебра бұл сан, сандарды қосу, сандарды бөлу, өрнектерді түрлендіру, пайыз, сызықтық теңдеу және тағы сол сияқты дүниелерді оқытады. Ал геометрия бұл жазықтықтағы немесе кеңістіктегі пішіндерді зерттейтін ғылым.

Математика қазақша керек болса осы жерден оқы, сайтта көп сабақтар бар. Сабақтарға қоса есептер де бар, бұларды шешініз. Есепті шеше алмасаңыз, математиканы білмейсіз дегені. Себебі бұл ғылым есептерді шешуді, адамның ой санасын дамытуды үйретеді.