×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Математикалық анализ деген не?

Создание интернет магазина

Математикалық анализ немесе математикалық талдау қазіргі заманғы математиканың ең іргелі бөлімі. Осы салада Қазақстанның көптеген математиктері ғылыми еңбек жазды. Бұл ғылым мектептің жоғарғы сыныптарында және университеттерде оқылады.

Математикалық анализдің негізгі идеясы шек ұғымы. Шек ұғымына сүйеніп, туынды мен интеграл ұғымдары енгізіледі. Және зерттеледі.

Математикалық анализдің пайда болуы

Осы ғылымның пайда болуына және дамуына И. Ньютон мен В. Лейбниц елеулі үлес қосты. Математикалық анализдің туынды ұғымы, қисыққа жанама жүргізу мәселесі негізінде пайда болды.

Кейінірек - Л. Эйлер, Ж. Лагранж, О. Коши, Ф. Гаусс, К. Вейерштрасс сияқты ғұламалар осы ғылымды одан әрі дамытты.

Пән: Математика