×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Матрица деген не? Матрицаларды қосу және көбейту

Создание интернет магазина

Матрица ұғымы Жоғары математика курстарында оқылады. Бұл сызықтық алгебрада кеңінен қолданылатың ұғым.

Матрица дегеніміз екі өлшемді кесте, мысалы мынандай:

Матрицаға мысал

Осы матрицада екі жол, екі баған бар. А матрицасының бірінші жолында екі элемент бар, бұл 2 мен 4. Ал екінші жолында да екі элемент бар, бұлар - 1 мен 3.

А матрицасында екі баған да бар, бірінші бағанда екі элемент бар, бұлар 2 мен -1. Ал екінші бағанында да екі элемент бар, бұлар 4 пен 3.

Жаттығу ретінде B матрицасының бағандарын және жолдарын көрсетіндер:

Матрицаға мысал

Матрицаның элементтерің екі нөмірмен белгілейді, бірі бұл осы элементтің орналасқан жолын ал екіншісі бағаның көрсетеді:

Матрица деген не?

А матрицасының элементтерің табайық:

Матрица

a11 = 2, a12 = 4, a21 = -1, a22 = 3.

Жаттығу ретінде мына матрицаның элементтерің табындар:

Матрицаға есептер

Матрицаларды қосу

Екі матрицаның жолдарының және бағандарының сандары бірдей болса, матрицаларды қоса аламыз. Мысалы жоғарыдағы екі А және В матрицаларының қосындысы былай аңықталады:

Матрицаларды қосу

Яғни сәйкесінше элементтерді бір-біріне қоса саламыз. Бір матрицадан екінші матрицаны алу да дәл осылай аңықталады.

Матрицаны санға көбейту

Матрицаны санға көбейту дегеніміз матрицаның барлық элементтерің осы санға көбейту дегені. Мысалы былай:

Матрицаны санға көбейту

Жаттығу ретінде жоғарыдағы В матрицасын 3 санына көбейтіңіз.

Матрицаларды көбейту

Екі матрицаларды көбейте де аламыз. Бұл үшін, бірінші матрицаның жолындағы элементтер саны екінші матрицаның бағанындағы элементтеріне тең болуы тиіс.

Матрицаларды көбейту

Бұның механизмі мынандай, бірінші матрицаның бірінші жолының элементтерің, екінші матрицаның бірінші бағанының элементтеріне көбейтеміз де оларды қосамыз да матрицалардың көбейтіндісінің бірінші жолының және бірінші бағанының элементің аламыз:

58 = 1*7 + 2*9 + 3*11

Екі матрицаның көбейтіндісінің басқа элементтері дәл осылай аңықталады. Яғни бірінші матрицаның жолдары, екінші матрицаның бағандарына көбейтіледі:

64 = 1*8 + 2*10 + 3*12

139 = 4*7 + 5*9 + 6*11

154 = 4*8 + 5*10 + 6*12

Сонымен матрица деген не? Деп біреу сұраса, матрица бұл екі өлшемді кесте деп жауап беріңіз.

Пән: Математика

Комменттер

Салеметсыз бе

математикалык анализ 

мат индукция,шектелген жане шектелмеген функцияларды тусындыре аласыз ба?

Akon Kurganbaeva

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсізбе!

Математикалық анализ бұл шекпен байланысты ұғымдарды зерттейтін ғылым саласы. Туынды, интеграл сияқтыларды. Математикалық индукция да осы сайтта бар.

Шектелген функцияның мәні шекті болады. Мысалы y = sinx. Синустың ең үлкен мәні 1 ал ең кішісі -1. Шектелмеген функцияға y = x2 функциясын жатқызуға болады. Бұның мәні шектелмеген. Миллион да, миллиард та бола алады, бұдан да артық бола алады. Шегі жоқ.

Егер есебініз болса форумға қосыныз не коммент жазыныз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

у=1/х^2 ограниченность не ограниченность табу кажет графиксз аналитикалык турде отншш срочнаа

Akon Kurganbaeva

Жауап беру | Өзгерту | Жою

у=1/х^2 функциясы бір жағынан шектелген. х^2 ешқашан теріс болмайды. x нөлге ұмтылғанда у=1/х^2 функциясы он шексіздікке ұмтылады. Соңдықтан бұл функция төменнен шектелген ал жоғарыдан шектелмеген. Орысшасы данная функция ограничена снизу и не ограничена сверху.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсіз бе?

Векторлық кеңістіктер: векторлық кеңістікті анықтау, сызықтық Тәуелсіздік

Осы тақырыпты түсіндіре аласыз ба?Высш.мат

Akon Kurganbaeva

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Вектор дегеніміз n саннан құралған шама. Мысалы мектепте екі және үш өлшемді векторларды оқығанбыз. a = (4; 3), b = (1; 5). Векторлық кеңістікте қосу және санға көбейту амалдары бар болады. Мысалы a = (4, 3) және b = (1, 5) векторларының қосындысы былай аңықталады:

a + b = (4 + 1; 3 + 5) = (5; 8)

a векторының 10-ға көбейтіндісі былай аңықталады:

5a = (5*4; 5*3) = (20; 15)

n өлшемді вектор бұл мынандай шама a = (a1; a2;...; an). Жалпы n-өлшемді векторлық кеңістік бұл барлық n-өлшемді векторлардан құралған элементтер жиыны. Екі не одан да көп векторларды бір-біріне қоса аламыз. Бұларды санға да көбейте де аламыз.

Сызықтық тәуелсіздік бұл векторлардың бір-бірінен сызықты комбинация арқылы көрсете алмауында.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою