Механика нені зерттейді? Классикалық механика
Механика нені зерттейді? Механикалық қозғалыс - денелердің уақыт өтуіне байланысты орын ауыстыруы. Мысалы тастың жерге құлауы, автобустың қалада жүруі, адамның жүгіруі және тағы сол сияқтылары механикалық қозғалысқа жатады.
Механика дегеніміз денелердің механикалық қозғалысын және денелердің өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым. Бұл ғылым аспандағы жұлдыздар мен планеталардың да, жердегі заттардың да қозғалысын зерттейді. Механиканың қолдану аясы кең.
Классикалық механика
Механика физиканың іргелі саласы. Мектепте классикалық механика оқылады. Классикалық механика - статика, кинематика және динамика боп үшке бөлінеді.
Классикалық механиканың қолдану аясы - жылдамдығы жарық жылдамдығынан (шамамен 299 792 458 м/с) едәуір төмен және өлшемдері атомдар мен молекулалардан үлкен объектілерді зерттейді. Бұған планеталарды, жұлдыздарды, жердегі денелерді және тағы сол сияқтыларды жатқызуға болады.
Пән: Физика
Комменттер
Механикалық қозғалыс бұл денелердің уақыт өтуіне қарай орының ауыстыруы. Мысалы сіз допты тебесіз, доп бірнеше секундта алысқа ұшады. Уақыт өтті ме? Өтті. Доп сізден алыстады ма? Алыстады, орының ауыстырды. Механикалық қозғалыс сабағын қараңыз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Механикалық көрініс дегеніміз не
Jake Jake
Жауап беру | Өзгерту | Жою