Орфография және орфоэпия
Орфография және орфоэпия. Қазақ тіліндегі сөздедің жазылу және айтылу заңдылықтары.
Орфография. Гректің "дұрыс" және "жазамын" деген сөздерінен құралған. Орфография фонетиканың жазудағы бірізді ережелерін сақтап зерттейтін ғылым. Орфография ережелері сөздердің қосымшалармен жазылуын немесе сөз бен сөздің бірге, бөлек, дефиспен қолданылуын, бас әріп, тасымалдың тәртіп заңдылықтарын реттейді. Жоғарыдағы эаңдылықтардың жиынтығын ұстанымдар немесе ғылыми тілмен принциптер деп атайды. Орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерден тұрады:
1.Фонетикалық принцип: Сөз бөлшектері қалай айтылса солай жазылады. Мұнда қосымшаның түбір сөздің соңғы буынына, соңғы дыбысына қарай қосылуы ескеріледі. Мәселен: адамның, кітаптар, көлге т.б.
2.Морфологиялық принцип: Сөздің түбір құрамы негізге алынып, дыбыс алмасу, өзгеру заңдылықтары ескерілмей, бұрынғы қалыпты сақтап жазу. Мәселен: құмырсқа (құмұрсқа емес), шекара (шегара емес), күндіз (күндүз емес).
3.Дәстүрлі принцип: Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай қалыптасса, сол қалыпты бұзбай жазу. Мәселен: шабадан (чемодан емес), Амангелді (Аманкелді емес), пойыз (поезд емес).
Орфоэпия сөздердің дұрыс оқылу заңдылығын қадағалайды. Мәселен: жазуда көзілдірік болса, айтылуда - көзүлдүрүк, жазылуда сары ала болса, айтылуда - сарала, жазылуда ақ ит болса, айтылуда - ағ ит т.б.
Жазу кезінде орфография ережелері сақталуы тиіс.
Пән: Қазақ тілі