×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бүкіләлемдік тартылыс заңы, бүкіләлемдік тартылыс күші

Создание интернет магазина

Исаак Ньютонның ашқан Бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша массасы бар барлық денелер бір-біріне тартылады. Бұл тартылу күші гравитация күш немесе бүкіләлемдік тартылыс күші деп аталады.

Айдың Жерге тартылып, біздің планетаны айналып тұруы осы гравитациялық күштің арқасында:

Гравитация күші

Жерге денелердің құлауы да осы заңның арқасында.

Бүкіләлемдік тартылыс күші

Бір-бірінен R арақашықтықта орналасқан массалары m1 және m2 болатын екі дене арасындағы F гравитациялық немесе бүкіләлемдік тартылыс күші (бір-біріне тартылатын) мына формуламен аңықталады:

Мұндағы G тұрақты шама, G = 6,67384(80) * 10-11 м³/(кг с²).

Осы күш массасы бар барлық денелерге әсер етеді. Алыстағы планеталар да, жақын орналасқан таулар да адамға гравитация күшімен әсер етеді.

Тартылыс заңы физика ғылымының ең негізгі заңдарының бірі. Аспан денелерінің қозғалысын зерттеуде бұл заң маңызды рөл атқарады.

Пән: Физика

Комменттер

саламатсыз ба. бүкіләлемдік тартылыс заңы формуласынан тыс. онын арақашықтығын қалай табады? және массаларын

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Ненің арақашықтығын?

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою