Паскаль заңы, сұйықтардағы және газдардағы қысым
Осы сабақта Паскаль заңы қарастырылады.
Тараз қаласында ұлы Жамбылға, жыр алыбы Жамбылға арнап құйылған ірі ескерткіш бар:
Ескерткіш қоладан құйылған, іргетасы бетон мен алып тастармен бекітілген. Салмағы мыңдаған килограмм болатын бұл ескерткіш жерге зор күшпен, қысыммен басады. Бұл күш жоғарыдан төмен бағытталған. Ескерткішті қолымен ұстасаңыз бұл қысымды сезе аласыз ба? Қолыңызға зор күш әсер ете ме?
Жоқ әсер етпейді! Себебі қысым тек төмен ғана бағытталған.
Ал тіке аққан құбыр жарылса су жан-жаққа шашылып ағады:
Суретте су құбырдың бағыты қызыл түспен боялған, ал су құбыры жарылғаннан кейін су жан-жаққа аға бастады, бұл жасыл түспен көрсетілген.
Сұйықтар мен газдардағы қысым қатты денелерден өзгеше таралады. Газдар мен сұйықтарда қысым жан-жаққа бірдей бағытталған. Бұл тұжырым Паскаль заңы деп аталады.
Паскаль заңының тұжырымдамасы
Газдар мен сұйықтарда қысым жан-жаққа бірдей мөлшерде тарайды.
Бұл заңды оң жетінші ғасырда көрнекті француз ғалымы Блез Паскаль ашты.
Паскаль шары
Блез Паскаль мынандай құрылғыны құрастырды:
Осы құрылғыны арқылы сұйық барлық бағыттарда бірдей тарайды. Осы құрылғы Паскаль Шары деп аталады. Сұйықтықтың жан-жаққа бірдей көлемде таралуы Паскаль заңының растығын дәлелдейді.
Пән: Физика