Дұрыс пирамида, дұрыс үшбұрышты пирамида
Дұрыс пирамида бұл:
1) пирамиданың табанында дұрыс көпбұрыш жатса;
2) пирамиданың төбесінен түсірілген перпендикуляр пирамиданың табанында жатқан дұрыс көпбұрыштың центріне дәл түссе:
Бұл суретте дұрыс төртбұрышты пирамида салынған.
Мысалы, Хеопс пирамидасы дұрыс пирамидаға жатады:
Себебі оның табанында дұрыс көпбұрыш, квадрат және пирамиданың төбесінен түсірілген перпендикуляр оның табанының центрінде жатады.
Пирамиданың табанында дұрыс үшбұрыш жатса онда ол дұрыс үшбұрышты пирамида, ал дұрыс төртбұрыш жатса ол дұрыс төртбұрышты пирамида деп аталады. Және тағы сол сияқты.
Пән: Геометрия