×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Шардың көлемі, шардың көлемінің формуласы, литр дегеніміз не

Создание интернет магазина

Шардың көлемі мына формула арқылы есептелінеді:

V = 4/3*πR3, мұндағы π жуықтап алғанда 3,14 тең

Мысалы радиусы 10,9 см болатын футбол добының көлемін есептейік:

V = 4/3*pi*R3 = 4/3*3,14*10,93 = 5421,85 см3

Радиусы 11,9 см болатын баскетбол добының көлемі қандай? Ал радиусы 6371 км болатын Жердің көлемі қандай?

Куб см литрға аудару, литр дегеніміз не?

Күнделікті тұрмыста барлығымыз литрды пайдаланамыз. Бір литр сүт, екі литр сусын, он литрлы шелек және тағы сол сияқты. Литр дегеніміз не? Литр бұл 1000 см3. Халықаралық бірліктер жүйесінде литр деп қыры 10 см болатын кубтың көлемін атайды. Бұл 1000 см3.

Сондықтан куб см есептелінген көлемді 1000 бөлеміз де литрмен есептелінген көлемді аламыз, мысалы жоғарыдағы футбол добының көлемі литрмен:

V = 5421,85/1000 = 5,42185 литр

Баскетбол добының көлемі неше литр?

Шардың көлемі формуласы осындай. Сабақта келтірілген есептерді өз бетімен шешіңіз, есептерді шешпей - математика, геометрия, алгебра, физика, химия сынды пәндерді меңгеру мүмкін емес! Есепті көп шешкен адам ғана бұл пәндерді біледі.

Пән: Геометрия