Шардың бетінің ауданы, сфераның ауданы, шар дегеніміз не?
Шар дегеніміз бұл геометриялық пішін, дене. Мысалы футбол добы шар пішінді:
Жер де шар болады:
Шар бұл шар центрі деп аталатын бір нүктеден белгілі бір арақашықтықтан аспайтын жерде орналасқан нүктелер жиыны:
Бұл арақашықтық шардың радиусы деп аталады. Суретте шардың радиусы r ал шардың центрі O деп белгіленген. Шарға тек шардың беті ғана емес, шардың радиусынан артық емес арақашықтықта орналасқан барлық нүктелер кіреді.
Футбол добы шар пішінді болса, баскетбол мен волейбол доптары шар пішінді бола ма?
Шардың бетінің ауданы
Шардың бетінің ауданы мына формуламен есептелінеді:
S = 4πR2, π жуықтап алғанда 3,14 тең
Мысалы радиусы 10,9 см болатын футбол добының ауданың есептейік:
S = 4πR2 = 4*3,14*10,92 = 1492,2536 см2
Радиусы 11,9 см болатын баскетбол добының бетінің ауданы неге тең?
Сфераның ауданы
Сфера бұл шардың беті, сфераның ауданы шардың бетінің ауданыңдай формуламен есептелінеді. Шардың ауданы, сфераның ауданы дегені бір мағынада қолданылады.
Пән: Геометрия