Радиоактивтілік деген не? Радиация деген не? Альфа ыдырау
Радиоактивтілік деген не? Химия сабақтарынан атомдардың өзгермейтінің білесіндер. Мысалы темірді тот басуы мүмкін. Бірақ сол тоттан темірді қайтадан бөле аламыз. Табиғатта кездесетін атомдардың басым бөлігі өзгермейді. Орта ғасырлық алхимиктер сияқты қорғасыннан не сынаптан химиялық реакцияның көмегімен алтынды ала алмаймыз.
Үйреншікті заттардан басқа атомдар бар екен. Осы атомдар өздігінен ыдырайды екен. Яғни бір атом басқа атомға энергия бөліп айналады екен. Бұны радиактивтілік деп атайды.
Мысалы уранның 238 изотопы гелий мен торий (мен де бұл атомды бірінші рет естіп тұрмын) деген екі ядроға ыдырайды:
Демек бастапқыда бір уран атомы бар болса, кейін ол энергия бөліп екі ядроға торий мен гелийге ыдырайды. Уранның осы изотопы табиғатта көп таралған. Ғалымдардың пайымдауынша жердегі уранның 99 пайызы осы изотопқа тиесілі.
Радиоактивтілікті Анри Беккерель деген француз ғалымы 1896 жылы ашты. Халықаралық Бірліктер Жүйесінде радиоактивтіліктің өлшем бірлігі ретінде беккерель алынған. Бір беккерель дегеніміз затта бір секунд ішінде болатын радиоактивті ыдырау саны.
Альфа ыдырау
Альфа бөлшек дегеніміз жоғарыдағы суретте бейнеленген оң заряды бар гелий-4 атомының ядросы. Радиоактивтік реакция кезінде осы гелий-4 ядросы түзілсе альфа ыдырау болды деп атайды. Сонымен альфа ыдырау деген не? Альфа ыдырауда альфа бөлшек түзілетін радиоактивтік реакция.
Жоғарыдағы суреттегі уранның 238 изотопының ыдырауы альфаға жата ма? Жатса жауабын түсіндіріп беріндер. Не себепті бұған жатады?
Бета ыдырау
Бета ыдырау нәтижесінде атом ядросынан теріс зарядты электрон бөлініп шығады. Мысалы мынандай радиоактивтілік реакция нәтижесінде:
Литий берилий мен электронға ыдырайды. Литийдің бір нейтроны протонға айналып оның ядросының зарядын бірге арттырады, яғни берилий атомына айналады.
Бұны мынандай реакция нәтижесінде де байқай аламыз:
Цезий ядросы бір электронынан айрылып барий атомына айналады. Себебі цезий ядросында қалған бір нейтрон протонға айналады.
Гамма ыдырау немесе гамма сәулелену
Гамма ыдырау немесе гамма сәулелену нәтижесінде атом ядросынан жоғары энергиялы фотондар бөлінеді, яғни гамма кванттар. Зарыды жоқ бөлшектер бөлінеді. Шамамен энергиясы 105 эВ-тан асатын сәулелену гамма болады. Гамма сәулеленуді Поль Вилар деген физик 1900 жылы ашты.
Радиация деген не?
Радиоактивті атомдар бар жерде энергия бөлінеді. Альфа, бета не гамма сәулелері ретінде. Осы сәулелендіру кезінде бөлінетін бөлшектер адам ағзасына зиянды боп келеді. Себебі бұл сәулелер затқа тигенде заттың құрамындағы атомдарды иондайды. Осыны радиация дейді.
Радиация деген не? Радиация заттарды иондау. Уран, плутоний сияқты заттары бар жерлерде радиация боп тұрады. Мысалы Семей Ядро Полигоны аумағында талай радиоактивті заттар бар. Атом жарылыстарынан қалған осы радиоактивті заттар қоршаған ортадағы заттарды иондайды. Адам көп жыл осы жерде тұрса радиацияның салдарынан ауруха шалдығады. Көбінесе онко аурулар мен мутациялар.
Сондықтан ғой көптеген демократиялық мемлекеттер Атом Электр Станцияларын (АЭС) салуға ниетті емес. Салса баяғыда салған еді, радиацияның табиғатын білмей отырып. Қазір болса бұны білмейтін жан жоқ. Чернобыль мен Фукусимо қалаларындағы болған атом реакторларындағы жарылыстардан кейін көптеген елдер атомның энергиясынан бас тартып отыр. Мысалы дамыған әрі бай Германия.
Пән: Физика