Элементар бөлшектер - протон, нейтрон, электрон
Заттар молекулалар мен атомдардан, молекулалар атомдардан, атомдар атом ядросынан және оны айналып тұратын электрондардан құралған, атом ядросы протондар мен нейтрондар сияқты элементар бөлшектерден құралған, әрі бұлар бөлінбейді. Бөлінбейтін деуінің себебі бұл бөлшектер басқа бөлшектерге бөліне алмайды дегені.
Мысалы электрон заряды бар элементар бөлшек, бұл бөлшек басқа құрамды бөліктерге, заттар сияқты молекулалар мен атомдарға бөлінбейді. Элементар деуінің мәні осы, бұл ең кішкентай бөлшек деген мағынада қолданылады.
Кейбір бөлшектер
Протон бұл атом ядросында орналасқан бөлшек. Бұның массасы электрон массасынан 1836 еседей көп. Бұның заряды электрон зарядына тең, тек таңбасы оң болады.
Нейтрон бұл заряды жоқ элементар бөлшек. Осы бөлшектің массасы 1838 есе рет электроннан ауыр. Осы бөлшек протонмен бірге атом ядросында орналасады, әрі атом ядросының негізгі бөлігін құрайды.
Фотон бұл жарықтың ең кішкентай бөлігі, бұл да элементарлылардың қатарында. Жарық көптеген фотондардан құралған. Фотонның массасы да, заряды да жоқ.
Элементарлы бөлшектерге электрон да жатады. Электронның заряды табиғатта бар зарядтардың ең кішісі. Бұдан аз электр заряды жоқ.
Пән: Физика