×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Гамма сәулелері деген не?

Создание интернет магазина

Гамма сәулелері бұл ұзындықтары 2*10-10 м аз болатын электромагниттік толқындар. Гамма сәулелерінің энергиялары жоғары болады, себебі электромагниттік толқынның λ ұзындығы мен оның ν жиілігі арасында мынандай теңдік орынды:

ν·λ = с (с – жарық жылдамдығы, 299 792 458 м/с).

Яғни толқын ұзындығы азайған сайын, оның жиілігі артады.

Ал Планк формуласы бойынша электромагниттік толқынның E энергиясы:

Е = hν,

мұндағы h – Планк тұрақтысы, жуықтап алғанда 6,62 × 10−34 Дж с тең.

Гамма сәулелерінің түзілуі

Гамма сәулелері ғарышта, салмағы біздің Күннен миллиондаған есе көп, дәу жұлдыздардың коллапсы, яғни жарылуы кезінде пайда болады. Нейтрондық жұлдыздардың жарылысы кезінде.

Бұндай салмағы көп жұлдыздардың ішінде электрондар фотондармен соқтығысып энергиялары жоғары гамма сәулелерің тудырады. Гамма сәулелер атмосферадан өтпейді. Бұл сәулелер атомдарды иондайды, иондалған газ заттарды микробтардан тазарта алады.

Пән: Физика