Жай заттар және күрделі заттар. Жай заттарға мысалдар
Табиғатта неше миллион түрлі заттар бар - темір, мыс, пластмассалар, су, ауа, қағаз, маталар, шыңы, сүт, май, тас және тағы да сол сияқтылары.
Әрбір заттың құрамында атомдар бар болады. Атомдар заттың ең кішкентай әрі бөлінбейтін бөлшегі, атомдар көзге көрінбейді, бұлардың өлшемдері шағын. Атомдар химиялық жолмен бөлінбейді. Бірнеше атомдар бірігіп молекуланы құрайды. Молекула заттың қасиеттерін сақтайтын ең кішкентай бөлшегі.
Мысалы темір деген зат темірдің ұсақ атомдарынан құралған. Бұл затта атомның тек қана бір түрі ғана бар - бұл темірдің атомдары.
Жай зат дегеніміз тек қана бір түрлі атомдардан құрылған заттар. Мысалы мыс, темір, алюминий сияқты металдар жай заттарға жатады.
Ал құрамында атомдардың бірнеше түрі бар болатын заттарды күрделі заттар дейді. Мысалы су молекуласы екі атомнан құралған - сутегі мен оттегіден:
Оттегі атомы қызыл түсті ал сутегі атомдары қоңыр түсті. Сутегі атомдарын H әрпімен ал оттегі атомдарын O әрпімен белгілейді. Судың молекуласында екі сутегі атомы және бір оттегі атомы бар болғандықтан, осы заттың химиялық формуласы мынандай болады:
H2O
Жай заттарға мысалдар
Жай заттарға мысалдар мына жерде бар. Алтың, күміс, мыс, алюминий, мырыш, қалайы, хлор, сутегі, оттегі, азот және басқалары жай заттарға жатады.
Күрделі заттарға мысалдар
Күрделі заттарға мысалдар осы жерде бар. Ауа, пластмасса, шыны, ағаш, резеңке, құм, кигіз, мата, қант, нан, топырақ, былғары, пакет және басқалары.
Пән: Химия
Комменттер
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Хлорсутек, сутек, су, хлор, аммиак, хлор, метан, йод сәлем осылардың қайсы қарапайым қайсы күрделі зат екенің ажыратып бере аласызба?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Химиялық синтез деп аталады. Мысалы көміртегі оттегіде жанса, пайда болған зат, көмірқышқыл газы күрделі зат, себебі оның құрамында оттегі және көміртегі бар.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жұқалтырған фальга мен шыны күрделі заттарға немесе қарапайымның қайсысына жатады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Фольга жай затқа жатады, бұл алюминий металынан жасалады. Фольганың жылтыр беті жылуды сақтау үшін пайдалынады. Шыңы болса бұл күрделі зат болады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жай заттардың аңықтамасы жоғарыда жазылған:
Жай зат дегеніміз бұл тек қана бір түрлі атомдардан құрылған заттар. Мысалы мыс, темір, алюминий сияқты металдар жай заттарға жатады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Қарапайым зат жəне күрделі зат ұйымдарының ортық белгілері мен айырмашылығы қандай?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Біріншіден жай заттардың жалпы саны шектеулі, бар жоғы 400-дей. Күрделі заттар болса күн сайын синтезделеді, жасалады. Мысалы жыл сайын - пластмассалардың мындаған жаңа түрлері, маталардың мындаған жаңа түрлері жасалады. Ал жай затты түзу қиын. Себебі жай зат бір ғана атом түрінен құралады, ал күрделі заттар сан түрлі атомдардан құралады, сондықтан көп күрделі заттар құра аламыз. Күрделі заттардың ұзын саны бірнеше милоннан асты.
Екіншіден күрделі заттың қасиеті бұның құрамына енетің атомдарынан тәуелсіз бола алады. Мысалы су оттегі және сутегі деген екі жай заттан, екі газдан түзеледі. Су болса сұйық зат. Ал жай заттардың қасиеті көбінесе бұны түзген атомға байланысты болады. Мысалы мыс металының физикалық және химиялық қасиеті бұны құрған мыс атомдарындай.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Алтын,ас тузы,судын угымынвн ортак жане аиырмашылыгы осыны аитынызшы
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Алтын бұл металл. Сәнді әшекейлер жасауда қолданылады. Және бұл жай зат. Қатты күйінде болады. Тоқ пен жылуды жақсы өткізеді, металдық жылтырға ие. Ас тұзы бұл ұнтақ, суда еритің зат. Бұл күрделі зат. Алтын суда ерімейді. Су болса бұл сұйық зат. Және күрделі заттарға жатады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жоғарыда су молекуласының суреті көрсетілген. Судын құрамына сутегі мен оттегі элементтері кіреді. Екі сутегі элементі бір оттегі элементімен қосылып суды құрайды. Формуласы - H2O, оқылуы аш екі о (латынша).
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Темір сульфиді күкірт ұнтағы йод ерітіндісі ауа сутек атомы бұлар жай затпа күрделіме?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Темір сульфиді бұл екі заттан құрылған - темірден және күкірттен, сондықтан күрделі затқа жатады. Күкірт ұнтағы жай затқа жатады, себебі күкірт деген атом бар. Йод ерітіндісі де күрделі затқа жатады, себебі бұнда су мен йод бар. Ауа да күрделі затқа жатады, себебі ауада сан түрлі газдар бар, мысалы азот, оттегі, көмірқышқыл газы. Сутек атомы бұл жай затқа жатады, сутегі деген атом бар емес пе.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Екеуі де атомдар мен молекулалардан құралады. Жай заттарда атомның бір түрі ғана бар болса, күрделілерде бірнеше түрлі атомдар бар болады
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жауабын жоғарыда жазғанмын:
Біріншіден жай заттардың жалпы саны шектеулі, бар жоғы 400-дей. Күрделі заттар болса күн сайын синтезделеді, жасалады. Мысалы жыл сайын - пластмассалардың мындаған жаңа түрлері, маталардың мындаған жаңа түрлері жасалады. Ал жай затты түзу қиын. Себебі жай зат бір ғана атом түрінен құралады, ал күрделі заттар сан түрлі атомдардан құралады, сондықтан көп күрделі заттар құра аламыз. Күрделі заттардың ұзын саны бірнеше милоннан асты.
Екіншіден күрделі заттың қасиеті бұның құрамына енетің атомдарынан тәуелсіз бола алады. Мысалы су оттегі және сутегі деген екі жай заттан, екі газдан түзеледі. Су болса сұйық зат. Ал жай заттардың қасиеті көбінесе бұны түзген атомға байланысты болады. Мысалы мыс металының физикалық және химиялық қасиеті бұны құрған мыс атомдарындай.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жай зат пен күрделі айырмашылығы қандай соны түсіндіріп жібересізбе сосын резеңке ойыншықтар жай затқа жатама әлде күрделі затқа жатама?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жай заттар бұл бірдей атомдардан ғана құрылғандары. Мысалы алтын жай затқа жатады. Жай заттар ыдырамайды. Алтынды қанша қыздырсақ та, жандырсақ та ол ыдырамайды. Ал резенкеніз күрделі затқа жатады, себебі бұл зат жанғанда күл, түтін бөлінеді. Яғни резенке бірнеше затқа ыдырайды.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Бұлардың екеуі де атомдардан құралған. Күрделі заттар бірнеше атом түрінен, ал жай заттар бір ғана атом түрінен құралады. Жоғарыдағы комменттерге берген жауаптарымды оқыныз
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Күкірт,ағаш,Мұнай күрделі зат па әлде жай зат па түсіндіресіз бе
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Күкірт бұл жай зат, бір ғана атом түрінен құралған. Ағаш пен мұнай бұл күрделі заттар. Осы заттар жанғанда түтін, күл қалады. Яғни бұлар жанғанда бірнеше заттар бөлінеді.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жай заттар мен күрделі заттардың жануының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жай заттар жанғанда бір қосылыс түзіледі. Мысалы сутегі бұл жай зат, бұны оттегінде жақсақ су пайда болады. Бір ғана зат пайда болады. Ал мұнайды не пластмассаны оттегінде жақсақ бірнеше зат түзіледі, мысалы күл мен түтін. Себебі мұнай бұл күрделі зат. Бұл айырмашылығы.
Ұқсастығы болса, зат жаңғанда әдетте энергия бөлінеді.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Йод кандвй затқа жатады айта аласызба карапайым ба алде курделі ме
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Йод бұл жай затқа жатады. Оған қоса бұл заттың спирттегі ерітіндісі де бар (бұл күрделі затқа жатады), бұны медицинада кең қолданылады. Жараны осы йодтың ерітіндісімен залалсыздардырады (дезинфекциялайды).
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Қарапайым және күрделі заттардың списк жасап бере аласыз ба?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жай заттар - мыс, қорғасын, темір, оттегі газы, сутегі газы, күкірт, йод, көміртегі және басқалары.
Күрделі заттар - су, пластмасса, резенке, ағаш, сүт, айран, бал, ет, спирт, бензин, керосин, пластик, қағаз, тері, жіп.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Күрделі заттқа нене жатады айтып жіберініжіберінізші.
предположение:Хлорсутек,сутек,му,йод,азот,ам-миак,хлор,метан?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жай зат бұл бір ғана атом түрінен құралған заттар. Мысалы мыс не темір. Ал күрделі заттар бұр бірнеше түрлі атомнан құрылады.
Хлорсутек хлордан және сутегінен тұрады, яғни екі атом түрінен құралған сондықтан бұл күрделі зат боп табылады, сутек жай затқа жатады (сутегі деген атом бар), йод жай затқа жатады (йод ерітіндісі бар, бұл күрделі зат), азот жай затқа жатады, аммиак күрделі затқа жатады, хлор жай затқа жатады, метан күрделі затқа жатады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сәлеметсіз бе!? Оттегі,сутегі,су, көмірқышқыл газы,азот,тұз қышқылдығы қандай затқа жатады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сәлеметсізбе!
Оттегі, сутегі, азот жай заттарға жатады. Су, көмірқышқыл газы, тұз қышқылы күрделі заттарға жатады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Хлорсутек, сутек, су, хлор, аммиак, хлор, метан, йод сәлем осылардың қайсы қарапайым қайсы күрделі зат екенің ажыратып бере аласызба?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Мөлшері 1,5 моль көміртек (IV) оусидінің массасын табыңыздар
Жауап беру | Өзгерту | Жою
M молярлық масса заттың Mr салыстырмалы молекулалық массасына тең:
M = Mr
Бұны мына молярлық масса сабағында қараңыз.
Көміртегі CO4 салыстырмалы молекулалық массасын табайық:
Mr = 12 + 4*16 = 12 + 64 = 76 (көміртегінің (C) 12 ал оттегінің (O) 16 екенің Менделеев кестесінен қарай аласыз)
M = Mr = 76
Жауабы: Көміртегі оксидінің молярлық массасы 76 г/моль.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Ас тұзы иондық байланысқа ие. Na+ + Cl- = NaCl. Натрий металының оң зарядталған ионы (катионы) мен хлордың теріс зарядталған ионы (анионы) бірігіп тұзды құрайды.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Металдар жай заттарға жатады. Мысалы темір, аллюминий, мыс, қорғасын, қалайы сияқты металдар жай заттар боп табылады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Иә, көмірқышқыл газы күрделі зат боп табылады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Су жай зат боп табылады. Сутегі мен оттегі молекулаларынан тұрады. Бәрі білетін H2O.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Иә, H2SO4 күрделі зат боп табылады. Формуладан көрініп тұрғандай осы зат - сутегі, күкірт және оттегіден құралған.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Ассалаумағалеукум!
Сізді түсінбедім. Сабаққа қоса комменттерді қараныз. Ол жерде көп жауап бар.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Армысыз ба!
Көмірқышқыл газы көміртегі мен оттегіден құралған. Оның молексуласында екі түрлі атом бар. Демек көмірқышқыл газы күрделі затқа жатады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
KANAT ZHUSUPOV
Жауап беру | Өзгерту | Жою