Молярлық масса деген не? Молярлық масса өлшемі
Молярлық масса дегеніміз заттың бір молінің массасы. Бір моль дегеніміз NA Авогадро тұрақтысына (NA = 6,02·1023) тең молекулалар не атомдар саны. Молярлық массаның өлшем бірлігі грамм/моль және осы шаманы М деп белгілейді.
Молярлық массаны есептеу
M молярлық масса заттың Mr салыстырмалы молекулалық массасына тең:
M = Mr
Мысалы судың молярлық массасын есептейік. Судың химиялық формуласы H2O, осыдан Mr = 1*2 + 16 = 18 грамм/моль.
Судың молярлық массасы 18 гр/моль.
Масса мен молярлық масса
M молярлық массаның аңықтамасына сәйкес:
M = m/v (ν-моль саны, m-масса),
осыдан заттың m массасы:
m = ν*M.
Есеп:
Оттегінің екі молінің массасы неге тең?
Шешуі:
Mr(O2) = 16*2 = 32
M = Mr = 32 гр/моль
m = 2 * 32 = 64 гр.
Жауабы: Судың екі молінін массасы 64 грамм.
Есептер:
1) Ас тұзының молярлық массасы неге тең?
2) Оттегі газының екі молінің массасы неге тең?
Пән: Химия
Комменттер
Есепте идеалды газ делінген шығар. Идеалды газдар үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуі орынды:
PV = vRT, мұндағы P-қысым, V-көлем, v-моль саны, R-универсалды газдық тұрақты және T-температура.
Оған қоса жоғарыда мынандай формула бар:
M = m/v, мұндағы m-масса, v-моль саны
m = ρV
M = ρV/v
v = ρV/M
PV = vRT
PV = ρV/M RT
P = ρ/M RT
M = ρRT/P
Бұл формулада қысым ғана белгісіз, бірақ әдетте есептерде қысымды қалыпты атмосфералық қысымға (101 325 Паскаль) тең деп алады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Егер тек тығыздық пен температура берілсе, молярлық массаны қалай табу керек. Берілген есепте қандай да бір газ деп тұр.
Madi Kasenuly
Жауап беру | Өзгерту | Жою