Заттың меншікті жану жылуы
Табиғатта сан түрлі отын түрлері бар - ағаш, көмір, газ, мұнай, бензин, керосин және тағы басқалары. Бұлар жанғанда әртүрлі жылу мөлшері бөлінеді. Мысалы көмірдің жану жылуы ағаштың жану жылуынан көп болады. Осы себептен үйлерді жылыту үшін ағашты емес көмірді жиі пайдаланады.
Физикада заттың меншікті жану жылуы деген термин бар, бұл 1 кг отын жанғанда бөлінетің жылу мөлшері. Бұны q символымен белгілейді:
q = Q/m,
мұндағы m - жанған отынның салмағы (килограмм), Q - осы отын жанғанда бөлінген жылу мөлшері (Джоуль, Джоуль атақты ағылшын физигі). Меншікті жану жылу мөлшерінің өлшем бірлігі Дж/кг.
Мысалы тас көмірдің меншікті жану жылуы шамамен 2,7*107 Дж/кг тең. Ал ағаштың 1*107 Дж/кг тең. Яғни көмірді жаққанда ағашқа қарағанда үш еседей көп жылу мөлшері бөлінеді. Осы себептен жер үйлерде көмірді жағатын пештерді пайдаланады:
Меншікті жану жылу кестесі
Есептерді шығару
Бір шелек (12 килограмм) антрацит көмірі жанғанда неше жылу мөлшері бөлінеді?
q = Q/m
Q = qm
Q = 3*107 * 20 (антрациттікі q =3*107 Дж/кг, жоғарыдағы кестеден алынған)
Q = 60*107
Q = 6*108 Джоуль.
Жауабы: 6*108 Джоуль жылу мөлшері бөлінеді.
Жеті килограмм спирт жаңғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? Бір тонна бензин жанғанда ше?
Пән: Физика
Массасы: m-5 кг
Меншікті жану жылуы: q=30,4МДж/кг
Жылу мөлшері: Q=____МДж
Medeu Ergaliev
Жауап беру | Өзгерту | Жою