×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Иондық байланыс деген не? Иондар, катиондар, аниондар

Создание интернет магазина

Иондық байланыс деген не? Мысалы кәдімгі ас тұзы осындай химиялық байланыстың көмегімен түзіледі:

Ас тұзы иондық байланыс арқылы түзіледі

Табиғаттағы барлық атомдардың электр заряды нөлге тең болады, себебі атом құрамына енетін электрондардың саны, атом ядросында орналасқан протондар санына тең болады. Протон мен электрон, зарядталған элементар бөлшектер. Протонның заряды электронның зарядына тең, оның таңбасы оң, ал электрон зарядының таңбасы теріс.

Бірақ кей кездері, кейбір атомдар сыртқы қабатындағы валенттік электрондарынан айрылады, немесе өздеріне басқа электрондарды қосады.

Мысалы хлор атомы бір электронды өзіне қосып, теріс зарядталады, бұны былай белгілейді:

Cl-

Теріс зарядталуының себебі атомда бір артық электрон пайда болады. Электронның заряды теріс емес пе.

Ал натрий элементі бір электронынан айрылып, оң зарядталады, бұны былай жазады:

Na+

Оң зарядты бола қалуының себебі осы атомда бір протонның зарядын теңестіретін электрон қалмауында.

Иондар - катиондар мен аниондар

Өздеріне электрондарды қосып не электрондарынан айрылған атомдарды иондар деп атайды.

Оң заряды бар иондарды катиондар, ал теріс заряды бар иондарды аниондар деп атайды. Катиондар өз электрондарын беріп оң зарядталады, ал аниондар электрондарды қосып теріс зарядталады.

Иондық байланыстың түзілуі

Сендер таңбалары қарама-қарсы зарядтар бір-біріне тартылатының физикадан білесіңдер. Иондарда заряд бар болғандықтан, қарама-қарсы зарядталғандары бір-біріне тартылады. Осылай иондық байланыс түзіледі.

Мысалы жоғарыдағы хлор мен натрийдің иондары бірігіп, натрий хлорийдін немесе кәдімгі ас тұзын түзеді:

Na+ + Cl- = NaCl

Жалпы электрондарды беру металдарға тән қасиет, ал электрондарды өздеріне қосып алу бейметаллдарға тән қасиет.

Иондық байланысы бар қосылыстар

Иондық байланысы бар қосылыстар табиғатта өте көп. Мысалы сілтілік металдар мен галогендер атомдары қосылып осындай байланысты түзеді. Осы заттар соның айғағы - CaF2, NaCl, LiI, KCl.

Бұдан басқа да металдар бейметаллдармен қосылып иондық байланысты түзеді. Мына заттар иондық байланысы бар заттарға жатады - FeO, AlCl3, CuO.

Иондық байланысқан заттардың физикалық қасиеттері

Иондық байланысқан зат кристалдық тор құрады, мысалы ас тұзының құрылымы мынандай:

Кристалдық тор

Сондықтан осындай химиялық байланысы бар заттар қатты, балқу температурасы жоғары, буланбайтын, суда жақсы еритін, сынғыш болады. Мысалы ас тұзы осындай қасиеттерге ие.

Пән: Химия