×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Салыстырмалы молекулалық масса мен молекулалық масса

Создание интернет магазина

Атомдар мен молекулалардың массалары тым аз болғандықтан, химияда осындай салмақтарды белгілейтің арнайы шама - массаның атомдық бірлігі (м.а.б) бар, бұл көміртегі атомының массасының 1/12 бөлігіне (1,66057.10-27 кг) тең шама.

Бұл өте кіштентай шама!

Молекулалық масса

Молекулалық масса бұл молекула салмағының м.а.б-мен есептелінген массасы. Бұл шаманы m әрпімен белгілейді.

Молекулалық масса молекуланың құрамына еңетің атомдардың массаларының қосындысына тең.

Судын молекулалық массасын есептейік:

m(H2O) = 2*1 + 16 = 18 (м.а.б)

Салыстырмалы молекулалық масса

Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз молекула массасының неше рет 1 м.а.б-нен көп екендігін көрсететін шама. Бұны Mr деп белгілейді.

Молекуланың салыстырмалы молекулалық массасы, молекуланың құрамына енетің барлық атомдардың массаның атомдық бірліктерінде есептелінген салмақтарының қосындысына пропорционал, және таңбасы жоқ.

Мысалы судын салыстырмалы молекулалық массасың есептейік.

Mr(H2O) = 2*1 + 16 = 18

Оттегінің молекулалық массасың есептейік.

Mr(O2) = 2*16 = 32

Молекулалық масса мен салыстырмалы молекулалық массаның айырмашылығы неде?

Тек өлшем бірліктерінде. Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз шама, бұл молекула массасының м.а.б-нен неше рет үлкендігін ғана көрсететін жай сан ғана.

Ал молекулалық масса м.а.б-мен есептелінген масса.

Жаттығу:

Ас тұзының салыстырмалы молекулалық массасы неге тең? Ас тұзының формуласы NaCl. Ал молекулалық массасы ше?

Пән: Химия

Комменттер

Есеп:Д.И.Менделеев кестесін пайдаланып: а) оттектің О2, б) озонның О3, в) метанның CH4 молекулаласының массасын анықтаңдар 

Ибраһим

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Бұл оңай!

a) O2. Оттегінікі Менделеев кестесіндегі салмағы 16, сондықтан 16*2 = 32

б) O3. 16*3 = 42

в) CH4. 12 + 1*4 = 16

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Тез арада керек

 

Ибраһим

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Қандай массаны салыстырмалы молекулалық деп атайды? Қандай массаны мольдік деп атайды?

Пабг Топ

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Салыстырмалы молекулалық массаның аңықтамасы жоғарыда келтірілген. Бұл молекуланың массасының көміртегі атомының 1/12 бөлігінен неше есе көп екендігін көрсететің шама. Мысалы сутегінікі 2 (екі сутегі атомынан құралған) ал оттегінікі 32 (екі оттегі атомынан құралған). Бұл дегеніміз сутегі молекуласының массасы көміртегі атомының массасының 2/12 бөлігіне тең. Ал оттегі молекуласының 32*1/12.

Мольдік масса бұл бір моль заттың массасы. Моль дегеніміз бұл 6,02*1023 молекула не атомнан тұратын зат мөлшері. Авогдаро заңы деген сабақта қараңыз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Ас тұзының салыстырмалы молекулалық массасы: *

1 балл

А) 54.

Б) 64.

С) 74,5.

Д) 58,5.

Дамир Чуев

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Mr(NaCl) = 23 + 35,5 = 58,5. Д варианты.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Салыстырмалы молекулалық масса мен молярлық массаның айырмашылығы қандай? 

Жансая Толегенова

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Айырмашылығы салыстырмалы молекулалық масса м.а.б мен өлшенеді ал молярлық масса грамм/моль бен өлшенеді. Салыстырмалы молекулалық масса атомның не молекуланың массасының көміртегі атомының 1/12 массасынан неше есе артық болуын белгілейді. Ал молярлық масса бір атом емес, саны Авогадро тұрақтысына тең молекулалар не атомдар санының жалпы салмағын көрсетеді. Екеуінің аңықтамалары төменде бар.

Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз молекула массасының неше рет 1 м.а.б-нен көп екендігін көрсететін шама. Бұны Mr деп белгілейді. 1 м.а.б бұл көміртегі атомының 1/12 бөлігіне (1,66057.10-27 кг) тең салмақ. Мысалы судын салыстырмалы молекулалық массасы 18 (м.а.б). Килограммен есептегенде бұл мынандай салмақ: 18*1,66057.10-27 кг =  2.989026*10-26 кг.

Молярлық масса дегеніміз заттың бір молінің массасы. Бір моль дегеніміз NA Авогадро тұрақтысына (NA = 6,02·1023) тең молекулалар не атомдар саны. Молярлық массаның өлшем бірлігі грамм/моль және осы шаманы М деп белгілейді. Мысалы судын молярлық массасы 18 гр/моль.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою