Авогадро заңы және газдардың молярлық көлемі
Молекулалар мен атомдардың өлшемдері тым кішкентай, және заттың аз мөлшерінде де бұлар (атомдар мен молекулалар) өте көп болады. Соңдықтан молекулалар мен атомдардың мөлшерін көрсету үшін арнайы шаманы - молді енгізеді.
Авогадро тұрақтысы деп көміртегінің 12 граммында бар атомдардың саның атайды және NA деп белгілейді.
NA саны жуықтап 6,02·1023 -ге тең:
NA = 6,02·1023
Осы санды бір моль деп атайды. Яғни, бір моль дегеніміз көміртегінің 12 грамында бар атомдардың саны.
Авогадро заңы
Қысым мен температура бірдей болғанда, барлық идеалды газдардың бірдей көлемінде молекулалар саны бірдей болады.
Мысалы сутегі мен оттегі газдарының бір литрінде молекулалар саны бірдей болады.
Авогадро заңы дегеніміз осы.
Газдардың молярлық көлемі
Авогадро заңына сәйкес қысым мен температура бірдей болғанда идеалды газдардың бір молі бірдей көлемді алады. Бұл көлем 22,4 литрге тең, нормальді жағдайларда (температура 00 С және 1 атмосфера қысымда). Яғни идеалды газдың бір молі 22,4 литр көлемді алады. Бұны газдардың молярлық көлемі деп атайды.
Мысалы 2 моль оттегі газы қандай көлемді алады?
V = 22,4*2
V = 44,8
Жауабы 44,8 литр көлемді оттегінің екі молі алады.
Сутегі газының бес молі қандай көлемді алады?
Пән: Химия