×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жалаңтөс батыр немесе Жалаңтөс баһадүр

Создание интернет магазина

1580-1582 жылдары Қазақ хандығының ханы болған Шығайдың сенімді адамы Сейітқұл би еді. Бұл би Кіші жүздің Жетіқара руынан шыққан. Осы Сейітқұл бидің Жалаңтөс деген баласы бар еді.

Шығай хан болған кезеңде, өзбектің Шейбани мемлекеті мен Қазақ хандығы арасында бейбіт, достық заман орнаған. Осының арқасында, Шығай хан Жалаңтөстің өзбек жерінде білім алуына көмектеседі.

36 жасқа толған кезінде Жалаңтөс батыр Самарқантты басқарады. Сол заманда Самарқан маңында көп қазақ қоныстанған еді, осының арқасында қазақ пен өзбек жерінде қала әміршісі болады.

Осы батырдың басқаша атауы Жалаңтөс баһадүр. Бұл өзбекше атауы.

Орбұлақ шайқасына қатысуы

1643 жылы болған атақты Орбұлақ шайқасына Жәңгір хан көршілес елдердің батырларын шақырады. Бұл үндеуге алғашқыларының бірі боп Жалаңтөс батыр 20 мың әскерімен көмекке келеді.

Жоңғар әскерлері осы шайқаста талқандалады. Ал Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр жеңіске жетеді.

Жалаңтөс батыр 40 жыл бойы Самарқанның әмірі болды.

Пән: Тарих