Абай оппозиционер болған екен. Шал кет
Қазақстан жерінде сонау он тоғызыншы ғасырдан бастап оқушылар қазақ пен орыс әдебиетін қатар оқып жүр. Жыр мен дастандармен қоса Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Чехов, Горький сияқты ақын мен жазушыларды оқып келе жатырмыз.
Сондағы байқағаным орыс әдебиеті сабақтары басқаша өтетін екен. Мысалы олар өз тілін "Великий и могучий русский язык" ал өз елін "Великий русский народ" деп атайды. Негізінен олар өз елін сүйіп, тілін құрметтеп жатады екен. Ресейде орыс тілін білмеген адам депутат пен министр түгіл мектепке де қабылданбайды екен. Ресейде орыс тілін білмеген адамға жол жоқ. Олар Бауыржан Момыш-ұлы сияқты "Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі" деп ойлайды.
Орыс әдебиеті оппозициялық әдебиет
Орыс әдебиетінің тағы бір ерекшелігі ол ақындар мен жазушылардың барлығы дерлік баяғы ақ патшаға тіл тигізгені. Тура айта алмаса да (Махамбет сияқты ханға тура қарап: "Хан емес қасқырсын..." деп айтпаса да), астарлап айта алған. Мысалы Максим Горькийдің "Песня о буревестнике" деген поэмасында жақында ақ патша құлайды, революция болады деп астарлап жазылады. Оған дәлел "Буря! Скоро грянет буря!" сияқты жолдар.
Не болмаса Антон Чеховтың туындыларын оқысаңыз, сіз оның не бір топас, не бір ақымақ орыстарды бейнелеп кеткенің де білетін шығарсыз. Оның туындыларын мектепте оқығанды мұғалім анау топас ақ патшаға қызмет еткен адам. Чехов орысты емес ақ патшаға қызмет еткен адамдары сынап, мазақтап кеткен. Ол ақ патшаға қарсы астарлап жазғаның да айтып кететін. Чеховтың жаман орысы ол барша орыс емес, ол ақ патшаға қызмет еткен орыс. Мектепте оқығанда орыс әдебиеті мұғалімдері бұны түсіндіріп айтатын.
Билікке қарсы тұрған адам оппозиционер. Ал бір адам емес топ не партия болса ол оппозиция делінеді. Орыс әдебиеті ақ патшаға оппозициялық сипатта болған. Себебі өкіметтегілер елдің бар жерін, елдің бар пайдалы қазбаларын, мысалы мұнай мен газды өзіне меншіктеп алған. Өздері ғана бай болып ел кедей болған. Сондықтан Ресейде ақ патша өкіметіне қарсы наразы топтар пайда болды. Террористік ұйымдар пайда болды. Бірақ негізінен биліктегілер террористерден еш кем болмай елді қырды. Қаншама білімді жұртты Сібірге айдады не дарға асты.
Ал қазақ әдебиеті ақ патшаны сынады ма?
Қазақ әдебиеті сабақтарында ақын мен жазушыларымыз ақ патшаны сынап жатты, патшаға тіл тигізді дегенді сирек еститіміз. Тіпті ақын мен жазушылардың туындыларында астарлы сын бар дегенді білмейтін едік. Бұл жайында ойланбайтын да едік.
Қазақта астарлы сын бар еді ме? Шындығында бүткіл әдебиетіміз ақ патшаға қарсы сөздерге бай екен. Мысалы Абайдың туындылары оппозициялық сипатта екен.
Абай оппозиционер ме?
Абай сөз жоқ оппозиционер. Ол өмір сүріп, өлең жазған заманда (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) қазақ жері орыс жерімен бірге қанышер ақ патшаның қолында еді. Тираниялық өкіметті құрып елді тонаған, қанаған Екінші Николай билік құрған кез еді.
Оған қоса Абай орыс әдебиетін білген үлкен маман еді. Талай орыс туындыларын қазақ тіліне аударған аудармашы да болған. Мысалы Пушкиннің "Евгений Онегин" туындысын аударды. Лермонтовтың да талай туындыларын аударған.
Және қазақ жеріне айдалған орыстың революционерлерімен, орыстың оппозиционерлерімен де таныс болған. Мысалы Е. Михаэлис, Н. Долгополов (екеуі оппозиционер әрі революционерлер) және басқаларымен. Таныс қана болмай дос та бола алған. Митингке шыққан, билікке қарсы болған адамдармен Абай дос еді. Оларды үйіне шақырды, қымыз бен бауырсақпен тойдырып күткен. Оған дәлел "Абай жолы" романының төртінші томы. Со жерде жазылған.
Соңдықтан ғой Абайдың үйін билік тінтіп, оның өзін түрмеге де қамаған. Бұл жайында да сол роман эпопеяда жазылған.
Абай туындыларындағы астарлы ой
Абай ақынның туындыларының көбінде ақ патша өкіметіне қарсы сын айтылған. Абай ақ патшаны сынап отырған. Абай сияқты ақын диктатурамен, тираниямен сөз жаласып отыруы мүмкін емес еді. Ақынның өзі де, достары да тиранияға қарсы күрескен. Тиранияны сынаған. Мысалы оған мына жолдар куә:
"Баламды медресеге біл деп бердім,
қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім"
Қызмет ету, шен алу о кезде қай жерде еді? Ақ патшада. Шенді кім берген? Ақ патша. Демек осы жолды баламды ақ патшаға қызмет етпесін деп те түсіне аламыз, тура солай жазылған емес пе.
Ал мына жолдарда не жайлы айтылады:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
"Бірі қан, бірі май" дегенді қалай түсіне аламыз? Ал "Жақсы менен жаманды айырмадың"? "Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың" дегенді ше?
Абайдың әкесі Құнанбай кезінде дана, батыр, қазақтын соңғы ханы болған Кенесарыны қолдамай оған қарсы қалын әскер бастап Сарыарқадан ығыстырған еді. Ақ патша әскері не жеңе алмаған, не ұстай алмаған Кенесарыны. Шоқанның әкесі Шыңғыс, Абайдың әкесі Құнанбай сияқты ақ патшаға адал шоңжарлар қалын әскер шығарып соңғы ханымызға қарсы ұмтылды. Дана Кене қазақтын қанын ағызбаймын деп оңтүстікке шегінді. Со жерде оның басы алынды.
Қазақ түгелдей қолдамаған дара ханымыз шет елде мерт болды. Сарыарқада Ағыбай, Иман сияқты батырлар Кенесары ханға қосылса да, ақ патшаға адал боп қалған аға-сұлтандардың әскері ханға қарсы болды. Ақ патша әскерін атпен қамтамасыз еткен, азық берген, жол сілтеген ауылдар аз болмаған.
Кенесары хан мерт болғаннан кейін не болды?
Ақ патша Кенесарыдан өзгенің қолымен құтылғаннан кейін қазақ даласына қалын әскер әкеп елге салықты көбейтті, елдің шұрайлы жерлерін тартып алды. Қазақта бас көтеретін адам қалмады деп. Кенесарыдан кейінгі бес, он жыл ішінде барша қазақ даласы ақ патшаға қарап қалды.
Дәлірек айтсақ ақ патша бекіткен, қазақтан шықса да, өңкей оңбаған, мыжын, ақымақ аға-сұлтандарға қазақ тәуелді боп қалды. Абай айтқандай - "Бас-басына би болған өңкей қиқым". Негізінен Абайдың қара сөздеріндегі "жаман" қазақ осылар сияқты.
Бұған төзбеген батырлар көп көтеріліс жасаған. Мысалы Ұзынағаш шайқасы, адайлардың көтерілісі, Сыр бойындағы көтеріліс және басқалары. Кеше ғана Кенесарыға қарсы болған қазақ, қырғыз, өзбек енді өзі мерт болды. Мысалы Алматы түбінде орналасқан Ұзынағаш шайқасында бірнеше мың қазақ, қырғыз, өзбек қырылды! Ал адайлардың көтерілісі кезінде өлген адамдардың өліктері бірнеше шақырымға созылды!
Осы заманда қан судай ақты. Абай бұны көрмесе де, естімеді ме? Білмеді ме? Білсе, жазбай қалуы мүмкін бе? "Жақсы менен жаманды айырмадың" дегені сол Кенесарыға қазақ бір жұрт боп бекер қосылмадын деп айтуы ма?
Шал кет
Абай бала кезінде өз әкесін сүйді, оны қадірледі. Бірақ есейе келіп одан іргесін аулақ қала бастады. Бұған не себеп? Кеңес заманында Құнанбай бай феодал еді, сондықтан Абай одан жиіркеніп кетті деп айтылатын. Олардың арасында тап күресі болған сияқты деп айтылған.
Бірақ осы ой сын көтермейді. Себебі Құнанбай бай, мындаған малды айдаған феодал болды деп есептесек, дәл сондай бай Абай да болып қалады. Өйткені әкесінің малы, жері оның балаларына мұра, аманат боп қалды.
Олай болса Абай не себептен өз әкесі Құнанбайды жек көріп кетті? Мүмкін Құнанбайдың ақ патшаға қызмет етіп қазаққа жасаған сатқындығы себеп болған шығар? Одан басқа қандай себеп бар еді?
Негізінен кейін пайда болған оқымыстылардың көбі осындай еді. Яғни ата мен әкелері ақ патшаға адал болса да, өздері оппозиционер боп кетті. Мысалы атақты "Қарқаралы" петициясы соған куә бола алады. Қазіргі жастар жиі айтатын шал кет дегенді алаш зиялылары сол заманда ақ патшаға айтқан. Елге теңдік, жер керек деп.
Кеңес Одағы заманда, тоталитаризм дәуірінде қазақ елі ақ патшаға қарсы көп көтерілмеді, көтеріліс жасаған адамдардың бәрі бұзық, феодал деп оқулықтарда жазатын. Және көтеріліс жасаған адамдарды мадақтауға рұқсат болмаған. Мадақтаса я ақ патшаға тіл тигізсе құдаланатын. Мысалы атақты Бекмаханов Кенесары хан жайлы кітап жазғаны үшін сотталып кеткен. Бауыржан атамыз сүйген тарихшымыздың артынан полиция қалмай жүрді.
Абай митингті қолдады ма?
Абайдың орыс переселенцілері арасындағы достарының барлығы дерлік ақ патшаға қарсы шыққан, елдегі билікке қарсы болған оппозиционерлер, революционерлер еді. Ешқайсысы өз еркімен қазақ жеріне келмеді. Бәрі, кешегі желтоқсандықтар сияқты Семейге айдалып келгендер еді.
Демек Абай митингке, революцияға қарсы болмады. Тіпті құптаған да сияқты. Әйтпесе не себептен кешегі ақ патшаға адал болған аға-сұлтанның баласы, бай баласы айдалған каторжниктермен дос болды? Ондаймен дос болу сол заманда қауіпті болған емес пе.
Абайдың оппозиционерлермен бірге болуының себебі Ресей мен Қазақстанның дамымай артта қалып жүргенінде. Еуропаның өзге елдері тирандардың билігін құлатып тез дами бастағанда, нарықтық экономиканың игіліктерін пайдаланып бай бола жатқанда, біздіклер көш соңында қалып жүрген. Мысалы Мәсскеу метрополитені 1935 жылы ал Алматы метрополитені 2011 жылы ашылды. Лондон метрополитені болса 1863 жылы ашылды!
Пән: Қазақ әдебиеті