"Абайдың алданып қалғаны" романы: Қазақ неге кедей? Неге квартирант, бақытсыз?
Қазақта Абайдан бастап еуропа әдебиетін, мәдениетін, тілін пір тұту дегені дәстүрге айналған. Мысалы Гамлет рөлін сомдағысы келмейтін әртіс, мұнлы Ромео мен Джулетта сияқты махаббат романың шығарғысы келмейтін ақын, жазушы жоқ та шығар.
Жат жерден бізге келген Еуропа әдебиетінің түпкі ойы қандай? Оның қазаққа тиген пайдасы бар ма? Философиясы қандай? Оның түбінде не жатыр? Іргетасы қандай? Сол жайлы Сізге жетпіс бес жылдан кейін жыр боп айтып беремін.
Еуропа әдебиеті христиандық сипатта
Кәрі құрлықта қаншама мың ғасыр бойы христиан діні мен философиясы үстем боп тұр. Әрбір қалада, ауылда шіркеу бар. Сол ғимараттардың барлығында ағашқа шегелеп тасталған, мұн-қайғыға батқан, азаптанған Иса пайғамбардың бейнесі ілініп тұр. Және ол жайлы Википедияда былай делінген:
«Иису́с Христо́с, он же Бог Сын в христианстве — центральная личность и предсказанный в Ветхом Завете Мессия, ставший искупительной жертвой за грехи людей.»
Яғни Иисус Христос дарға асылған, ағашқа шегелген, қатты азапталып өлген және сол үшін Құдай бүткіл адамзаттын күнәсін кешіріпті екен. Демек адам азаптанса, мұн-қайғыға батса ол тазарады, оның күнәсі кешіріледі деген ой христиан дінінде бар.
Христиан дінінде шіркеу қызметкерлері тұрмыс құрмайды, балалы болмайды. Олар Құдай жолын тандаған соң бұл өмірдің игілігінен бас тартады.
Бауыржан Момыш-ұлы философиясы
Бауыржанды білмеген адам ол сөзсіз ержүрек, қаһарман қорқуды білмеген ер деп ойлап қалады. Оның істеген ерліктеріне қараса, бүткіл әлемге батыр деп танылғаның ескеріп.
Атамыз Куба жеріне жиырмасыншы ғасырдың 60 жылдары барыпты. Сол жерде бір генерал одан сұрапты: Сіз соғыста қорқып жүрдіңіз бе? Деп. Оған Бауыржан Момыш-ұлы соғыста болғанда күн сайын қорқып отырдым деп жауап қайтарғанда залдағы жұрт ду етіп күле салыпты.
Бауыржан соғыста адам қорықпайды демейді, ол соғыста жүрген адам сол қорқыныш пен үрейді жеңу керек деп айтады. Не бір гранат, мина, бомба жарылып оқ атылғанда батыл деген адамның өзі аздап болса үрейленеді, қорқақтары қаша жөнеледі. Бомба жарылғанда ең алдымен жарылыспен тас пен құм денеге шашырайды, кейбіріне темір қадалады, одан кейін құлақ бітеліп қалып жер сілкініп ақыр заман болғандай боп қалады. Ондайда қорқу мен үрей өздігінен пайда болады.
Адамда таңдау бар. Не өз қорқынышын жеңіп ел үшін, жер үшін атой салып жауды жеңіп батыр болу. Не алды артына қарамай қашу. Жауға жем болып оның айтқаның екі етпей орындау. Елдің жер астындағы бар байлығын сондай қақпасқа бере салу.
Демек адам өз бойындағы үрейінжеңсе батыр болады. Жеңе алмаса қорқақ атанып қор болады.
Адам күн сайын соғысып жүрмейді. Ол көбіне жұмыста, оқуда, далада, үйде жүреді. Мина мен оқтан аулақ жерде. Бірақ оның пендешілігі осы жақта да қалмайды.
Әрбір адамның бойында, ол әулие болмаса - дөрекілік, қызғаныш, қорқу сияқты арам мінез бар. Соны адам жеңсе ол хақ жолына түседі. Жеңбесе, жануарлық қасиеттерге бой берсе жаман адам атанып кетеді. Біздің ата-бабаларымыздың баршасы ел үшін ерлік еткен. Дана болған. Қалайша? Өз бойындағы жануарлық сезімді ақылмен жеңіп.
Ата-бабамыз жаман сөзден, жаман ойдан, қызғаныш, тәкәпарлық, ашу сияқты сезімнен аулақ болуға тырысқан. Сабыр түбі сары алтың дегендей ойланып, ақылға салып әрекет еткен.
Ислам мен христиандықтын айырмашылығы неде?
Мұсылман дінінде Құдай жолында азаптану, мұн-қайғыға бату дегені жоқ. Мұсылмандарда керісінше адам Ыбырай сияқты адамгершілігі мол, сыпайы, көркем мінезді болып елге қызмет етсе, пайдалы болса, сонысы Құдайға қызмет ету болып табылады:
"Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап.
..........."
Бір молда айтқандай көркем мінез - иманның жартысы. Және молда пастер емес ол қатын алады, тойға барады. Сәнді киім киіп, дәмді тамақ жей алады. Яғни бұл өмірдің игілігінен бас тартпайды. Исламда Иса пайғамбардың жау қолына ұсталып мерт болуы да мойындалмайды. Исламда трагедия мен мұнға жол берілмейді. Бәрі Алланың қолында деп қайыра салады.
Христиан дінінде «Если тебя ударили в левую щеку, то поставь правую» делінген. Исламда бұндай жоқ. Исламда күресу бар, соғысу бар. Мұхаммед пайғамбарға 40 жасында көктен мұғжиза түскеннен кейін оның соңғы күндеріне шейін ол екі жүзді мұнафұқтармен соғысып кеткен емес пе! Құранда «таң сәріде шапқан атқа серт» делінген. Ол қандай ат? Таңда не себеппен шауып тұр? Соғысқа, шайқасқа кеткен ат.
Ислам жолы ол күрес жолы. Мысалы сұлтан Бейбарыс қандай еді? Кешегі Бөгенбай батыр қандай еді? Біле білсеңіз Бөгенбай құр алып күш иесі болмаған. Ол өз елінде тақуа, оқыған, иман, би болған. Жырларда айтылғандай өзгеге тимейтін момын адам еді. Соғыс басталған соң амалсыз атқа қонған. Бөгенбай жолы сондай болса сенің жолын қандай?
Еуропа әдебиеті - мұнлы әдебиет
Христиан дініне сай адам азаптанса, мұнайып Құдайға жалбарынса оның күнәсі кешіріледі. Ол тазарады. Христос сияқты. Сондықтан олардың бүткіл әдебиеті мұнлы, қайғылы, драма мен трагедияға толы.
Мысалы Уиллиам Шекспирді алайық. Оның Ромен мен Джульета, Гамлет, Отелло, Лир патшасы сияқты туындылары бүткіл әлемге танымал.
Осы туындылардағы кейіпкерлер бөлек, жырланатын жерлер де бөлек. Мысалы Джулетта Италия қызы, Гамлет Дания ханзадасы ал Отелло болса Африка тумасы. Кейіпкерлері бөлек болғанмен олардың тағдыры бір. Мұратына жетпей мерт болу. Трагедияға ұшырау. Қайғыру, азаптану. Джулетта өзіне өзі қол салады, Ромео оның жолын қуады, Гамлет ханзада болса да өзінің досы Горацимен бірге дуэлде мерт болады. Отеллоның не істегенің айтпай-ақ қоямыз. Демек бәрі өледі. Бәрі трагедия. Драма.
Еуропа әдебиеті - қазаққа жат әдебиет
Қазақта трагедия, мұн, қайғы дегенді әдебиетте жазу, жырлау неше мыңдық дәстүрімізге сай дүние емес. Қазақи көне жырларды оқысаңыз ол жердегі батырлардың барлығы ел үшін ерлік жасап, жерін қорғап, бай, ауқатты болып бақытына жете алған. Қарадан шыққан батыр ерлік етіп қараның қызын түгіл айдай сұлу ханның жалғыз қызын алып отырған. Жауды жеңіп мұратына жете алған. Бай боп мол ұрпақ қалдырып. Және ол батырлар қиял емес. Қазақ руларының шежіресінде бар, демек тарихта болған шыңайы тұлғалар.
Гамлет ханзада жиырма жасында болмайтын себептен мерт болып анасын мұн-қайғыға батырады (ортағасырлық Еуропа ханзадаларының тағдыры осыған ұқсас еді). Ал сол ортағасырлық заманда өмір сүрген қазақ сұлтандары, ханзадалары қандай болған?
Әбілхайыр он сегіз жасында Еділ қалмақтарын Жайықтын ар жағына қуып халыққа кең қоңыс алып берген. Бақандай екі-үш облыстай жерді қазаққа бір жорықта батырымыз қайтарған екен.
Ал Абылай жиырма жасында жоңғар ханының бас батырлары атышулы Шөкаман мен Шарыш сияқты екі алыпты бір күнде-ақ жекпе-жекте жеңіп еліне зор жеңіс сыйлады. Сол шайқастан кейін жоңғар батырлары Абылаймен жекпе-жекке шығудан қорықты.
Және осы Абылай атамыздың бала кезінде «Ақтабанды шұбырынды, Алакөл сұлама» болғаның да еске алу керек. Ол заманда оның батыр атасы, ғұлама әкесі мен сұлу анасы жау қолынан мерт болып, жетім сұлтанды Хиуаның құл базарына жоңғар сарбаздары әкеп жатқанда жылаған халыққа Абылай былай деген:
«... жыламандар, басындағы жаралар бөріктін астынан көрінбей қояды емес пе...»
Яғни құл базарына бара жатып позитивтік, оптимистік сипатта бала Абылай болған еді. Кейін жолын тауып жау арасынан қашып кетеді. Ол мұнайса, қайғырса құл базарына жетіп сол жерде жоғалып, мерт қалар еді. Бірақ оң ойлап әрекет етті. Босқа мұнға батпай әрекет ету батырдың парызы емес пе.
Елді бірлікке, әрекет етуге шақыру ақынның мұраты. Біз миллард халқы бар Қытай не Үндістан емеспіз. Барша жағынан қоршалған аралда да орналасқан шағын ел де емеспіз. Сондықтан біздің әдебиетіміз баяғы замандағыдай батырлық сипатта болуы керек. Біз оң, позитивті ойлауымыз қажет, сонда төбедегі келеді. Кешегі бабаларымыз сияқты. Солардан асқан даналық, білім жоқ.
Әдебиет оқулықтары адамды тура жолға салатын, ақылға ақыл қосатын, мұн-қайғысы жоқ әдепті, пайдалы сөздерге толы болуы шарт. Сау адамның тамағын жеп жоқ жерден негативке, мұнға бату керек емес. Атам қазақ айтқандай:
«Сау адамның тамағын жеп,
Жындының сөзін сөйлеме»
Үмітсіз шайтан дегендей. Адамда үміт керек. Оның ертеңгі күніне деген сенімі. Еліне деген сүйіспеншілігі бар болуы шарт. Үмітін қазақ еш уақытта үзбеген. Мысалы жерін еділ қалмақтары жаулап алғанда, мемлекетінің шаңырағы (Ноғай ордасы) құлаған кезде Қазтуған «Не қалды» деген өлеңмен осы оқиғаларды жырлап кеткен екен. Оның соңғы жолдары былай аяқталады:
«Жемды алса – Жайық бар,
Теңді алса – Еділ бар,
Еділді алса – Қобан бар.
Бар табылар, жоқ кетер,
Есен қолға мал бітер.»
Және жиырма жыл өтпей-ақ баһадүр Әбілхайыр хан Жайықты қазақ пен ноғайға (Кіші жүздің негізін қалаған) қайтарыпты. Олардың әскерін талқандап. Сен де мұнайма қазағым! Жын-шайтанның сөзіне еріп. Біздің бақытты күніміз әлі алдымызда.
Таспен атқанды - аспен ат
Қазақта арам ойлау, негативті сөз айту, біреуді жамандау жат қылық. Сонау тәңіршілдік пен ислам қағидаларына сай емес. Бізде негативті ойлау, сөйлеу дегені болмаған.
Қазақта барша ой түзу жолға салу үшін айтылатын. Оң, позитивті ойлау біздің ДНҚ-ға сіңген қасиетіміз. Оған куә қазақтын мақал-мәтелдері, жырлары, би мен батырлардың аталы сөздері.
Мысалы Майқы бидің қаншама баталары, қанатты сөздері бар. Солардың бірінде болса өзгені жамандау, балағаттау, ауыр сөз айту бар ма? Жоқ!
Аталарымыздың барша ғибрат аларлық сөздерінде тура жол, өсиет, кеңес, нұсқа бар. Келер ұрпақ пайдасына жарата алады, соны негіз етіп тура жолды таба алады деген ой ғана бар. Сол үшін аталы сөзін айтқан емес пе.
Абай мен басқалар еуропа әдебиетін пір тұтқан
Абай орыс әдебиетін, сонымен қатар еуропаның өнері мен мәдениетін пір тұтқан адам. «... орыс халқына тең келетін халық жоқ» деген емес пе. Абай орыс дегенді Семейдегі губернатор, оның сәнді киім киген әйелін, алтын түймелі жандаралы деп түсінген. Ол Ішкі Ресейге бармаған.
Ол жердегі орыстын крепостной, яғни құл болғаның көрмеген. Құл болған халықты теңдесіз деуге бола ма? Азаттыққа қол жеткізбеген халықты үлгі тұтуға бола ма? Соны көрмеген соң, білмеген соң өлең жырлаған. Пушкинді пір тұтып. Оның Татьянасын қазақ тіліне аударған. Толстойды көп оқыған.
Ал сол ақын жазушылар баяғы христиандық бағытта жыр төккен адамдар емес пе. Мысалы Пушкиннің Татьянасы сүйгеніне қосыла алмай бақытсыз бола қалып шалға тиеді. Ал Толстойдың Аннасы өзіне қол салып поезд астына секіреді.
Қазақтын қаншама ақыны осы Еуропа мен орыс әдебиетіне еліктеп мұнлы, қайғылы өлен жазған:
«Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын...»
Дегендей жоқ жерден мұнға батқан. Кеңестік дәуірдегі жазушылардың көбінің өлеңдері, романдары мұнлы. Неліктен? Өйткені олар батыстық әдебиетті пір тұтқан. Үлгі еткен.
Неліктен Мұқағалидің өлеңдері мұнлы? Өйткені ол кезінде Шекспирді, Дантенің еңбектерін көп оқыған. Аударған. Пір тұтқан. Әйтпесе не себептен аудара салар еді? Мұнға толы туындыларды аударып өзі де мұнлы ақынға айналды.
Ақындардың ақыны - Махамбет
Қазақтын ақыны ол орыстын не Еуропаның ақыны емес. Үйде отырып, билікке жағымды өлең шығаратын адам емес. Қазақтын ақыны ең алдымен ел үшін, жер үшін ерлік ету керек. Сонда ғана оны ел танып құрметтейді.
Осыны білмеген, білсе де білмегендей кейіпте отыратын ақын - мені неліктен мемлекет қолдамайды? Неліктен мені ел танымайды? Неліктен менің кітабімді ел оқымайды? Өлеңімді тындамайды? Деп өпеге толы сөз айтады. Есте сақтап қойындар, қазақ тек батыр болған, зұлымдардан қорықпаған адамды ғана есте сақтайды.
Қазақта жас кезінен-ақ ел есінде қалған ақындар аз болған жоқ. Асан Қайғы, Бұқар жырау, Қабан жырау, Махамбет, Бөлтірік шешен, Сүйінбай, Жамбыл. Олар қалайша елге танымал болды? Хан мен сұлтандарға тура жол сілтеп. Жаумен соғысу үшін жастарды жинап елді азат етіп. Елге пайдалы тірлік етпей ақынды халық құрметтемейді. Мемлекеттің құрметін еске алмандар. Баяғы сәбеттік заманда қаншама ақынды көкке көтерген еді. Ал соларды қазір жастар баяғыдағыдай оқи ма? Жалған, мұнлы ойдын пайдасы болмайды. Біздің алып жеріміз бар, сау еліміз бар. Бақытты, шаттықа толы күндеріміз алда.
Махамбет ел үшін ерлік еткен ақын. Оған қақпас, шал Жәңгір хан сарай ақыны болып мені дәріпте дегенде ол одан бас тартып Исатай батырмен бірге ел үшін әрекет етті. Ақ патшаның десанты болмаса жеңіске солар жете салар еді. Ана шал хан өз басының қамын ойлап, тағында қалу үшін ақ патшаның әскерін әкеліп елге ойран салды.
Одан кейін ақ патша Исатай мен сол көтерілістің батырларын бір-бірден мерт қылды. Халыққа салықты бұдан да көп есе көбейте салды. Көтеріліске қатыспаған ел, үйде отырып қалған ел қор болды. Ер жолына еріп елін азат етпеген ел жауға жем болды.
Махамбет сияқты аз батыр аман қалды. Ол соғысып, күресіп, ерлік жасаса да жеңіліске тап болды. Бірақ соған қарамай ол күресін тоқтамады. Өлең жазып жастарға тура жол сілтеп отырды. Мысалы «Қызғыш құс» сияқты өлең шығарып:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен;
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып - айтпай немене,
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!
Осы жерде өкініш бар. Жәңгірді сынау бар. Бірақ ол негативті болып көрінбейді. Шайқастарда талай достарынан айрылса да, Исатайсыз қалса да.
Қазіргі заманның кейбір ақындары мен жазушылары соғыспай-ақ мұңға беріледі. Күреспей-ақ адамды мыжын ететін өлең шығарады.
Абайдын қателескен жерлері
Қазақта Абайға табыну бар да Абайды тану жоқ. Абай қандай ақын еді? Сыншыл ақын еді. Сондықтан оның өз туындыларын да сынайық. Ғылымда авторитет жоқ қой. Тіпті Аристотель мен Птоломейдің екі мың жыл бойы ақиқат деп саналған біраз сөздерін ғалымдар кейін жоққа шығарған емес пе. Олай істемеген күнде қазір де жер тегіс деп айтып отырар едік. Соған кәміл сеніп жатар едік.
Абай сөзсіз ұлы ақын. Оның сәнді өлендерін бала кезінен естімеген қазақ жоқ та шығар. «Қара сөздері» қазақтын басты философиялық кітабі деп әдеби қауымда танылады.
Бірақ сол еңбектерінде Абай дәстүрлі қазақи ойлау жүйесінен ауқып кеткен. Мысалы ақыл, күш пен жүректі сайыстырып «бәйгедегі» жүлдені жүрекке берген. Бұнысы көне қазақи ілім-танымға сай келе ме?
Ел үшін күрескен. Атақты би, батыр болған Бөлтірік шешен кезінде былай деген:
«- Дүниеде азбайтын байлық біреу ол - ақыл.
- Дүниеде тозбайтын байлық біреу ол - ақыл.
- Дүниеде таймайтын адал қорғаушың біреу, ол - ақыл.
- Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу ол - ақыл.
- Дүниеде асыл текті жел жетпес пырақ біреу ол – ақыл. »
Қазақта ақылға салу, ақылмен шешу, ақылға сүйену сияқты сөз тіркестері бар.
Не бір хандар. Батырлар болған еді. Бәрі елді ақылмен басқару керек. Елді тура жолға салу керек деп ақылды ерекше етіп бағалаған.
Ол ол ма? Исламның Мұхаммедінде барша пайғамбарларға тән денесінде белгі бар болған екен. Ол белгі оның арқа, жон, жауырын тұсында еді. Не себептен?
Бір хадисте айтылғандай адам баласының арқа тұсынан шайтан жүрекке тұмсығын салып не бір зиянды, не бір күмән тудыратын заттарды салады екен. Адамды адастыратын, тура жолдан тыятын заттарды осы жүрекке шайтан құяды екен. Ал сол жүрекке Абай сен дейді!
Тағы бір сөзінде былай деген:
«Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват»
Бұл сөзі шыңдыққа сай келе ме? Қазақтын көне дәстүрі бұған не дейді? Қазақтын болашақты болжай алған дәстүрі тектілік дегенді білген.
Тектілік дегеніміз анасына қарай қызын ал дегендей ата-бабаларына қарап ұрпағының қандай болатының болжай алу. Батырдан батыр, биден би туады дегендей текті, білімді, ақылды адамдармен ата-ана құда болғысы келді. Кедей болса да басымдылық текті адамға берілген.
Және қазіргі ғылым осыны дәлелдеген. Әрбір адамның қылығы оның ДНК-сына байланысты екен. Атадан балаға бірдей ауру, бірдей қылық тарайды екен.
Абайдын айтқаны тіпті қасиетті Құранға да сай келмейді емес пе. Құранда былай жазылған емес пе:
«... Қиямет күні әрбір адам өз істегені үшін жауапқа тартылады ...»
Және заң бойынша да адам өз басына ғана жауапты. Ол еңбек етсе жалақыны өзі алады, бір пәлеге ұшыраса заң алдында өзі жауап береді. Себебі әрбір адамда таңдау бар. Соған байланысты алатын сыбағасы да әркімде әрқилы. Қолымен істегенді мойынмен көтересін дегендей әркім өз тірлігіне ғана жауапты.
Тағы бір қателескен жері ол:
«...Сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел...»
Бұнысы шыңдыққа сай келмейді. Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ ерігіп кедей болған жоқ. Ерігіп ақ патшаға бағына салған жоқ. Оның неше түрлі себептері бар еді. Біріншісі қазақ біресе жоңғармен, біресе қытаймен соғысып білім мен ғылым ошағы болған қалаларынан айрылды. Экономикаға бәлендей қаржы құя алмай дами жатпады. Бар күш, ақша, адам соғысқа ұмтылды. Ғылым бен білімге жұмсай алатын айтарлықтай қаржы болмаған.
Екіншісі ол өз әкесі Құнанбай, алты алаш хан етіп сайлаған Кеңесарыны бай-шонжарлардың әскерімен әуелі Сарыарқадан, кейін Жетісудан қуып салды. Кене хан қырғыз еліне кетіп сол жақта жер таба алмай мерт болды. Қазақта жер аз болғандай? Аз болмаса да Құнанбай оны ақ патшаның әскерімен қуып отыратын. Және қырғыз жерінде, жат елде Кене ханымыз мерт болған соң Құнанбай сияқтылар ақ патшадан алтың алған, олардың иығына губернатор шекпен киген. Таңғаларлық бірақ ондай адамдарды қазір мақтан етеді. Оларға арнап фильм түсіреді! Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібектерден артық етіп.
Ел қорғаушысынан айрылған сон ақ патша қазақ даласына ойран салды. Мысалы адайлардың көтерілісі кезінде өлген әйел, ата, апа мен балалар бірнеше шақырым бойында жатқан еді. Сыр бойы мен Жетісу жерінде де аз халық қырылған емес. Сондықтан Абай күнәні елге жаппай өз әкесі Құнанбайдан көрсін.
Халық түзеледі, ол адасты дегеннің бәрі шыңдыққа сай келмейді. «Алыптан ассан да, халықтан аса алмайсын» дегендей елге күйе жағу дұрыс емес. Жаман халық, жақсы халық жоқ.
Осы сөзі еуропалық әдебиетте жиі ұшырасатын идеалды өмір, идеалды қоғам дегеннен бастау алады. Идеалды. Демек өмірде жоқ, қиял. Қыздардың идеалды «принці» сияқты.
Қазақ негізі өзге елдің идеологиясына, сөзіне жиі алданып отырған. Мысалы Алаш зиялары кезінде біресе Колчак жағына, біресе кеңес жағына шығып, тәуелсіздікке ұмтылмай, түбінде репрессия кезінде мерт болды. Ал басқа елдерде бұндайға жол бермеген. Мысалы 1917 жылы Уақытша өкімет құлағаннан кейін Финляндия елі өз бостандығын жариялады. Ал біз сияқты 19 ғасырда Ресейге қосылған поляк елі 1918 жылы бас көтеріп өз тәуелсіздігін жариялады. Және сол үшін аянбай күресіп Кеңес Одағын жеңіп шықты. Өз тәуелсіздігін қорғай алды. Бізде болса Амангелді сияқты батырларды алашордалықтар, зиялы қауым қолдамады. Әйтпесе Амангелді қай батырдан кем еді? Амангелді жеке дара мемлекет құрғысы келіп көтеріліс жасады. Қарулы жасақ жинады. Оның әскері 50 000 жетті. Бірақ ел көсемдері арасынан қолдау таппаған соң көтеріліс басылып ол мерт болды.
Поляктар мен финландтар дербес мемлекет құрып тәуелсіз бола қалды. Атам қазақ айтқандай:
«Өзін өзі білген ер бақытты,
Өзін өзі билеген ел бақытты.»
Олар біздің бабаларымыз сияқты кеңестік замандағы жұт пен ашаршылықты көрмеді. Күресіп жеңіске жеткен соң өз алдына бөлек мемлекет болып бақытты өмір сүре алды. Фин мен поляктардың ол кездегі саны бізден артық болмаған. Және олар Ішкі Ресейге іргелес жатқан ел (қазақ жері ол жерден екі мың шақырым алыста). Петербордан Финляндияға жаяу ақ бара аласыз. Ал бізде қалын ел, не бір асау жылқы, арғымақ, ержүрек батырлар бар болса да біздің көсемдер әрекет етіп тәуелсіз ел бола алмады.
Абай сонымен қатар қазақты жалқау деді. Осыны сіз қалай түсінесіз? Абайдын өзі еңбек етпеген. Солай бола тұра өзгені жалқау дейді. Рас болыс болды, би болды. Бірақ ол жұмыс тым қиын емес қой. Болыс болса әкесінің қолдауымен болды. Абай қазіргі депутутаттардың балалары сияқты оқуды бітіріп бірден бастық бола қалды.
Ол кезде қазақ сағат бесте тұрып анау жайлауға, анау қыстауға малын кешке дейін жаяу, жаланаш жайып жүрген. Бейімбет Майлиннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкер ойдан шығарылмаған.
Ол сол Бейімбеттін өзі. Сол замандағы балалардың істеген тірлігі. Бәрі бес не алты жастан еңбек етіп жоқшылықты ерте білген. Және байқасаңыз Бейімбет қазақты жалқау демейді. Қазақты жаман да демейді.
Бейімбеттің туындылары шыңайы, тарихи оқиғаларға сүйенген, автобиографиялық әнгімелерден құралған. Ол сол кедей арасында өскен, бала кезінен жетім қалған адам. Және оның жазбаларындағы қазақтын басты жауы ол бай табы. Ел берекесін бұзған байлар. Соңдықтан халыққа күнә жабудын не керегі ба?
Ол ол ма? Абайдың жолын қуған қанша ақын мен жазушы қазаққа негативті үйіп қойды. Мысалы Шәкәрімнің «Тағы да сорлы қазақ өлеңін», Мұхтар Ауэзовтың «Абай жолын», Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махабат» деген сияқты туындыларында қазақ батыр емес, түзу жолдағы адам да емес. Ол бір жаман хайуан сияқты. Жалқау, арам, топас, надан сияқты жаман әдетке толы. Осыны оқыған адам қандай күйде болады? Адам өз елін жамандағанды сүйеді ме? Қазаққа сен жамансын деп айту дұрыс па? Менің айтқаным өтірік емес. Мысалы «Мөлдір махабат» деген туындыда бір қазақ отбасы болыпты. Әкесі бар малынан айрылып сол үшін әйелін соға бастапты, әйелі болса кедейден шыққан тоқалды қайнаған отқа итеріп өлтіріпті.
Егер негатив пайдалы болса онда неге оны Төле би құптамады? Асан Қайғы ше? Байқасаңыз олардың көргені Абайдың білгенінен мың есе артық еді. Олар не бір қайғылы оқиғаларды бастарынан кешті. Мысалы Бұқар жырау, Төле би қазаққа нәубет болған «Ақтабанды шұбырынды» жылдарын өз көзімен көрген. Мыңдаған жастардың мерт болғаның, талай сұлудың жау қолына кеткенің, не бір сұлу ауылдардың өртенгенің өз көзімен көрген еді. Бірақ солай бола тұра ол жайында 18 ғасырдың даналарының еңбектерінен, аталы сөздерінен таба алмайсыз. Қожаберген жыраудың «Елім-айы» мен Қазтуған жыраудың «Не қалды?» өлеңдерінен басқа туынды не сөз ол жайлы жоқ. Тіпті сол замандағы бас батырға арналған «Бөгенбай батыр» жырында ол бір екі сөзбен ғана шектеледі. Аталар негативтің пайдасыз екенің білген соң оны пайдаланбайтын. Көне қазақи адам жаман сөйлеу түгіл жаман ойламайтын. Өйткені ол біздің бес мыңдық тариғымызға сай емес. Сенбесеңіз тарих атасы Геродоттың сақтар жайлы жазғаның оқыңыз. Көне грек, қытай, парсы, үнді мен рим авторларының барлығы бір ауыздан сақтар - білімді, шешен, ақылды, ақкөңілді, батыр, ержүрек екенің сүйсініп жазып отырған.
Неліктен Моңғолия 1912 жылы тәуелсіздікке қол жетті?
Поляк түгіл көршілес Моңғолияны мысалға алайықшы. 1912 жылы Шиң әулеті құлағаннан кейін барша моңғол атам қазақ айтқандай «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» күресті. Сол жылы тәуелсіздікке қол жеткізіп жүз жылдан астам тәуелсіз мемлекет болып отыр. Ал Қытайдағы қазақ сол кезде бірікпеді.
Ел болам деп қозғалмады. Қозғалса олар да тәуелсіздікке қол жеткізе алар еді. Оспан батыр сияқты ерлер қазақтын жеке мемлекетін құрса да онысы 30-40 жылдарына сай болған еді. Ал ол кезде Қытай біршама күшейе түскен. Егер Оспан батыр сияқтылар 1912 жылы қозғалса қазақ жеңіске сол заманда-ақ жете салар еді.
Неге моңғол тәуелсіз бола қалды? Себебі моңғол жұртында сонау көне заманнан қалған әдебиет, мәдениет бар. Олар Еуропаға еліктеп кетіп дәстүрлі дін мен әдебиеттен бас тартпады. Біз болсақ Еуропа әдебиетіне еліктеп кеттік. Соны пір тұтып алданып қалдық.
Баяғыда шалдардың бәрі Қонаев сияқты еді
Өздеріңіз білетіндей жиырмасыншы ғасырда қазақ елінде бір керемет көсем бар еді. Өзі бір білімді, ақылды, аққөңілді, пысық әрі момын еді. Жамандығы жоқ. Кекшіл де емес. Көсем бола тұрып бәріне сіз деп сөйлейтін адам бар еді. Көне заманда Сократ мемлекетті ақылды философтар басқару керек деген екен. Сондайдардың бірі Дімұхаммед Қонаев болған.
Қазіргі жастар оның өмірбаяның оқып, көне қариялардың айтқаның естіп сондай адам да болады екен деп те сүйсініп отыратын. Дінмұхаммед Қонаев ешқашан өзгеге қатты сөйлемейтін. Ұрыспайтын. Өзгені жамандамайтын.
Ол 1912 жылы дүниеге келген. Демек сәбеттік идеология күшіне еңген 30-40 жылдарға дейін ер жетіп оның теріс ықпалына көнбеді. Бауыржан Момыш-ұлы сияқты. Біздің ауылда 80-90 жылдары шамамен Димекенге түйедей құрдас қариялар бар еді. Ел солардың ауызына қарап отырған. Ондай ақсақалдардың ішінен бір нұр шашып тұрғандай еді. Мейірімді, момын, ешкімге жаман сөз айтпайтын.
Кейбірі бес реттік намазға жығылып та отырған еді. Кейбірі ораза ұстап та жүрген. Бірақ өзгеге көрсетпей. Білдірмей етіп. Ол қасиетте ата мен апалардың бір жақсы жері қата істеген адамға мейірімді болуында. Ол кезде бала едік қой. Ауылда шөп шапқанда, мал сойғанда, той болғанда, мереке күндері ел боп көрші мен туысқан тегіс жиналатын едік. Сонда ел бірінен бірі жаз ішінде не болғаның? Құдағидың баласының қай оқуға түскенің? Ана апайдың қызының қай жерге кеткенің? Сияқты бірінен бірі сұрап отыратын еді.
Сонда кейде көрші ауылдағы пәленшенің баласы қалаға кетіп алқаш боп қалды. Ананың қызы үйленбей екі қабат болды деп біреу байқамай айтса соған апа мен аталар «қой» дей салатын еді. Яғни жалғастырма, жаман сөз айтпа, өсектеме. Атам қазақ айтқандай – Әй дейтін әже, қой дейтін қожа.
Негативке жол берілмейтін заман қандай шіркін еді-ау! Сіз жайлы ешбір пенде жаман сөз айтпаса бұнысы жақсы емес пе! Боқтамай, мақтаса. Атам қазақ айтқандай – Жақсы сөз, жарым ырыс.
Сол замандағы шалдар не бір ерлік өз заманында еткен екен. Ашаршылықта аман қалып оқыды, соғыста біткіл әлем жеңе алмағанды талқандады, киімі болмаса да, аш болса да жүректері қатуланбады. Кектің орнына жүрегін мейірімге толтырды. Және сондай адамның көзінен нұр шашып тұрады. Қазақстанда қанша зауыт, қанша фабрика салды. Қаншама университет салды. Қала қалап бала оқытты. Тар бөлмеде он адам жатса да ешбірі күңкілдемейді. Ол кездегі қаладағы «квартира» дегені бір көп болса 20 шаршы метрлік қараңқы бөлме. Суы далада, отты өзін жағасын. Қазіргі тілмен айтсақ барак болған. Сондай бөлмеде аталарымыз тұрып балалы болды. Қонақ күтті. «Көңіл сыйса, орын табылады» деп қонақты қабылдай беретін.
Ал кейін сәбеттік идеология қазақи ортада басым болып негативке, жаман сөзге, араққа, темекіге жол берілді. Және сонысы көбейді. Бұдан қазақ не ұтты? Байып кетті ме? Керемет данышпан болып қалды ма?
Сізге ондай жаман сөзге, күмәнға толы, шайтанның ісіне ұқсас идеология керек пе? Содан құтылсақ бірден бақытты бола саламыз. Рас, жеңіс бірден келе қоймайтын шығар. Бірақ бір ел боп бас қосып тірлік етудің өз де бақыт емес пе? Ел үшін ерлік ету де бақыт емес пе? Жігіттерге кешегі заманның батырлары сияқты елін қорғаудан артық қандай бақыт бар? Есесіне жеңіс, олжа, бақыт, береке, бірлік онша алыс жерде жатқан жоқ сияқты.
Неліктен түрікте мұнлы өлең көп?
Сіз маған сенбейсіз бе? Сенбесеніз Түркияға қараңыз. Сонау көне Сулейман сұлтан заманында қандай еді? Және қазір қандай? Олардың көп өлеңі мұнлы, қайғылы, депрессиялы. Және сонысы адамға да әсер етеді.
Адам ондай сөзді естіп басқаға сенбей жатады. Басқаны сыйламай жатады. Сондықтан Түркия президенті Реджеп Ердоған осыны сезіп қайтадан көне жолға бет алды. Мысалы Ая Софи мешітін қайтадан ашты. Бұрын оны Еуропаға еліктеп одан Ататүрік музей жасаған еді. Ал қазір, бір ғасыр өтіп оны қайтадан мешітке айналдырды.
Түріктер бізден шамамен бір ғасыр бұрын Еуропа әдебиетін пір тұтып оны сүйсіне оқи бастаған еді. Және нәтижесі ойдағыдай болды ма? Осы тірлігі пайдалы болды ма?
Бауыржан, Нұрғиса мен Мұқали
Жақында Мұқали Мақатаев жайында фильм түсірілген. Негізі қазақтын ақыны жайлы фильм көп түсіреле бермейді. Абайға, Жамбылға арнап түсірілген бір-екі фильмді ескермесек қазақ ақындарына арнап жеке дара фильм, сериал түсіре бермейді.
Мұқағали фильмі жақсы түсірілген. Оған куә бола алатындай интернетте қалған көп коммент пен неше түрлі халықаралық кино жүлделер. Фильмде ақын бейнесі біршама мұнлы етіп көрсетілген. Ол бірге жүрген адамдардың алдағанына реңжиді, ел көсемдерінің оның ақын ретінде мойындамағанына қапалы, кедей болғаны ішіне батады.
Сол фильмде Мұқағали мен қатар Бауыржан Момыш-ұлы мен Нұрғиса Тлендиев де көрсетілген. Және ол екеуі соғысқа барса да, сол жақта дос пен таныстарынан айрылса да мұнға батпайды. Әділетсіздікпен күреспен күресуге даяр. Бауыржан КГБ қызметкерін де сабауға даяр. Неге? Өйткені олар қазақи ақындардан үлгі алған.
Бауыржан Момыш-ұлы фронтта жүріп ел ішінен жыр мен дастан жіберуді сұраған. Ал Нұрғиса болса Махамбеттің жолын қуған композитор. Оған арнап күй де жазған емес пе. Бір сұхбатында - «Махамбет менің пірім!» деген де.
Ал Мұқағали ше? Ол еуропа ақындарын көп оқыған. Оған дәлел ол жазған Шекспирдің аудармалары. Және сол себептен ол мұнлы, қайғылы өлеңдерді көп жазған. Мысалы Фаризаға деген өлеңде былай жазған:
«Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де.
Жүресің де қоясың, жүресің де.»
Не бір сөзінде – мен бұл ғасырдан емеспін деп те айтқан. Аруағы маған реңжімесін бірақ өлеңдері тым мұнлы, қайғылы сияқты. Ондай өлеңді тындаған адамның жүрегі де мұнға толады ма?
Қазақта ондай жоқ қой. Қазақта заман түлкі болса тазы болып шал дегені бар. Мен бұл ғасырдан емеспін дегені жоқ. Қазақта бейімделу, тірлік ету дегені бар. Қазіргі эволюция теориясына сай.
Моңғолияның 1939 жылғы ерлігі
Моңғол елі өзінің байырғы әдебиетін, қаншама ғасыр бойы атадан балаға жалғасып жеткен жырларын, аталы сөздерін ұмытпады, жиырмасыншы ғасырдың басында бәз қалпында сақтап қалған. Олар еуропаға еліктеп кетіп мұнлы әдебиетке алданбады. Сондықтан ері ер, биі би, батыры батыр боп бір жағадан қол, бір жағадан бас етіп жауды 1912 жылы жеңіп тәуелсіздікке жетті.
Содан кейін өз бетімен, өз жерінің байлығын өзіне жаратып мәз-мейрам болып дами түсті. Оларда ашаршылық болмады. Жұт та. Репрессия да болмаған. Тәуелсіздіктің игілігін көріп отырды. Атам қазақ айтқандай:
«Өзің өзі білген ер бақытты,
Өзің өзі билеген ел бақытты!»
Олардың саны қазақтардан әжептәуір аз еді. 1918 жылы моңғолия халқы бар жоғы 650 000 адам еді! Яғни қазақтан он есе аз болған. Бірақ аз болғанмен ел ішінде ауыз біршілік бар еді. Жаумен күресуге дайын ер аз болмаған. Себебі олар сонау көне заманнан келе жатқан аталардың дана сөзін ұмытпаған. Күресуге, соғысуға дайын болған.
Жапония жиырмасыншы ғасырдың басында ірі әскерге, ірі кеме флотына ие болған. Олар Ресей империясын 1905 жылы ойсырата жеңген. Алып күшке ие болған соң айналасындағы елдерге көз тіге бастады. Қытайдың Солтүстік жағын 1939 жылға қарай бағындырып қойды. Ол ол ма, басқа елдерді тонауға ат салысқан. Кеңес Одағы мен Моңғолия шекарасына жақындап қалды.
1939 жылы Қытаймен шекаралас Моңғолияға баса көктеп кірді. Моңғол еліне Кеңес Одағы көмектесіп екеуі бірігіп жапон әскерін Халхин Гол деген жерде жеңді.
Жапондықтарды ойсырата жеңіп өз тәуелсіздігін қорғап халықтын бақытты болуына жол ашты. Жыламаған балаға сүт жоқ! Күреспей, соғыспай ел бақытты бола алады ма?
Дейл Карнеги таңіршілдікті насихаттады ма?
Америка жұртында керемет философ, жазушы әрі публицист бар. Оның аты Дейл Карнеги. Осы жазушы өзгені сынамауды, жаман сөйлемеуді, оң ойлап жүруді жөн көріп өз кітаптарында талай рет соны жазады. Бүткіл әлемге сол арқылы танымал бола қалды. Дамыған елдердің барлығында осы автордың кітаптары барша жұртқа танымал. Олардың тиражы қаншама миллон.
Осы ойлар жаңа емес. Оның түбі сонау көне заманнан келе жатқан тәңіршілдік философиясы. Кейін оны ислам жалғастырды. Оң, позитивті ойлау, жаман сөз айтпау, досына адал болу сияқты дүниелерді сонау көне заманнан қазақ білген. Мысалы көне гректер сақтар жайлы былай деген:
«Досқа адал, қасқа қатал!»
Алты алаштың (алты алаш дегеніміз қазақ, ноғай, татар, башқұрт, қарақалпақ, өзбек не қырғыз халықтарының жалпы атауы) бас ақыны Асан Қайғының (Алтын Орда заманында өмір сүрген ұлы ақын) «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңің оқысақ сонау көне заманнан қазақ оң, позитивті ойлағанына көз жеткіземіз:
«Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да,
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!.. »
Яғни Дейл Карнегидің жазғаны қазаққа сонау көне заманнан белгілі болған. Бауыржан Момыш-ұлы еңбектерін оқысаңыз сол оң ойлаудың белгілерін байқау қиын емес.
Ол фронтта бола тұрып, күнде дос пен жолдастарынан айрыла отырып мұнға батпады, батса да кітап беттеріне соны жазбады. Ол жазған әнгімелерде қайғы-қасірет жоқ. Негатив жоқ. Себебі ол Махамбет сияқты құр кітап жазбай жастарға пайдалы болсын деп жазды. Жастарға нұсқа болсын деп жазды. Майқы би, Асан Қайғы, Төле би, Қазыбек би, Балпық би, Әйтеке би, Қабан жырау, Бөлтірік шешен, Қабанбай батыр сияқты алты алашқа танымал аталарымыздың туындыларын оқысаңыз ол жерде негативке орын жоқ.
Айтыс пен театр
Сонау кеңес заманында қазақ Еуропаны пір тұтқан. Оны мақтан еткен. Кеңес Одағы тарапынан қазақи дәстүр мен дін ескі, феодалдық деп танылған. Соның бір дәлелі театр. Кеңестік заманда театр қазаққа керемет бір құбылыс. Не бір білімді жұрт қана қажет ететін мекен деп танылған.
Оған бір дәлел әрбір облыс орталығында бір не тіпті бірнеше театрдың бар болуы. Облыс түгіл аудан мен кейбір ауылдарда да өз театры бар еді.
Қазақтын төл өнері айтысты онша менсінбеді. Оған арнап ешбір әкім, министр бөлек ғимарат салмады. Театрдай ірі, хан сарайындай кең залы мен көрермен отыратын орны, файе, асханасы жоқ еді.
Ал қазір ше? Тәуелсіздік алғаннан кейін барша жұрт айтысқа ұмтылды. Ол ауыл ішінде түгіл айдаладағы жайлауда өткізілсе де жұрт ол жаққа асығады. Атпен барса да көруге ынтық.
Театрдың күйі қазір қандай? Мемлекет оны насихаттамаған жағдайда? Оған қомақты сомадағы қаржы бөлмегендегі тірлігі қандай? Неліктен айтыста топ жарған ақынға көлік, пәтер, қымбат шапан беріледі? Ал театрдағы әртістердің жағдайы сізге мәлім шығар.
Сталин қазақтың мұнлы әдебиетін көбейтті
Ерте заманда бір Сталин деген қорқақ, онбаған, жармес диктатор бар еді. Ол паранойк болған. Көлеңкесінен қорқатын. Және қазақ сияқты ұлы елдің болашағына балта шапқысы келді. Себебі қазақ сияқты ұлы ел басқаға бәсекес. Сақ, ғұн, түрік кімнің атасы? Солар сияқты қазақ бола қалса ше?
Сондықтан Сталин қазақ даласына барша адамға зиянды, жағымсыз дүниелерді үйіп қойды. Не бір лагерь, түрме, ядролық полигон, космодром,... Басқа 14 республикаларда ондайдың бірі де жоқ!
Оған қоса ол әдебиетте өзгеріс тудырды. Ол кезде ақын мен жазушы баспа айтқанды ғана жазатын. Демек билік қалай айтса солай кітап басылады. Ол кездегі ақындардың бәрі мемлекеттен ақшаға кітап жазған еді. Және сол заманда жарық көрген кітаптардың көбі, тоқсан пайызы шығар не одан да көп, мұнлы еді. Қайғылы еді. Адамның күш жігерін байлап қоятындай. Ертең қазақ бас боп көтерілмейтіндей.
Оған қоса көне әдебиетке, даналыққа толы аса қасиетті дана сөзге жол берілмеді. Мысалы Қаныш Сәтпаев «Едіге» жырын кітап етіп басқаны үшін құдаланды. Ал Бекмаханов Кенесары ханды мадақтағаны үшін талай рет түрмеге қамалды. Кеңестік заманда ел үш би, екі хан мен екі батырды ғана білген. Оның өзінде Қазақ хандығының Ресейге қосылуы жайында оқу барысында. Басқаға рұқсат жоқ еді. Көне би мен жыраудың сөзін кітап етіп басу мүмкін болмаған. Сәбеттік өкімет оны ел есінен ұмыттырғысы келді.
Кеңестік басқа елдерде ондай тыйым жоқ еді! Мысалы грузиндер, орыстар, украиндер, өзбектер өз тарихын қорықпай айта беретін. Петрге жыр арнап, Екатеринаны мадақтап дегендей. Не себептен қазақтын көне әдебиеті пен тарихы оқылмады?
Арақ, темекі, шарап сияқты барша мұсылманға харам заттарды сәбеттік өкімет қазақ арасында көп таратты. Әрбір жиында қазақ арақты судай ішілетін. Темекіні тұмандай бұрқыратып отыратын.
Ауылда жүргенде пеш жағатын едік. Пеш жағу үшін алдымен ауа жете алатындай етіп ескі күлді тазалайсын, одан кейін жаңа отын ағаш пен көмір салып сіріңкені жағасын. Көп кешікпей пеш лапылдап жаңа салады.
Сталин де солай істеді. Алдымен ескіден құтылды, одан кейін жаңа от жақты. Ауылдаға пеш сізді жылытады. Оған тамақ пісіре аласын. Таба нан жая аласын. Ал Сталиннің пеші сізді жылытпайды. Сізге пайдалы болмайды. Өйткені оның ішінде жылу беретін от жанып тұрған жоқ. Оның ішінде тозақ оты жанып тұр.
Неліктен қазір той әндер мен өлеңдер басым?
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өлең айту дегенде өзгеріс байқалды. Ол мұнлы, қайғылы өлеңдердің орнына көңіл көтеруге арналған шығармалардың басым бола бастағанында. Жұртқа қазір жылайтын әндер қажет емес.
Қазақстанда Түркиядағыдай мұнлы әндер хит парадта жоқ. Олардың орнына тірлік етуге, шаттануға, рахаттануға арналған әндер пайда бола бастады. Және солардың YouTube сияқты сайттағы көрілімі күн сайын артып келеді. Осындай өлеңдерді консерваторияда оқыған кейбір адамдар «той» өлеңдері деп кемсітіп атайды.
Той өлеңі деп өнерді кемсітпендер! Ондай өлеңдердің пайда болуы себепсіз емес. Оның түбінде қазақтын дәстүрлі дінге, тілге қайта оралуы жатыр. Ел көне бидің айтқан баталарын оқып, батырдың өсиет сөдерін еске алып тірлік етуді жөн көріп жатыр. Ондай өзгерістер халық арасында жер астындағы тектоникалық плиталар сияқты баяу, кейде білінбей өтеді. Кейін бір сәтте таудан аққан сел сияқты жолында тұрғанды жайпап тастайды.
Баланың көкейіне жететін сөз
Мектепте неше түрлі ғылымдар оқытылады. Физика, математика, химия, география, сызу, биология, әдебиет, тарих және сол сияқты жиырма шақты пән.
Бірақ бұның бәрін бала ұға алмайды! Мысалы мектепте қаншама бала 11 сыныпқа келіп синус, индукция, валенттілік дегенді білмейді! Бұл ретте адамның көкейіне жететін сөз бар және жетуі қиын сөз бар деп болжауға болады.
Әдебиетте де сондай. Кейбір қалын роман эпопеяны оқып не жайлы жазылғаның түсінсек те оның пайдалы жағы қандай деген сұраққа жауап бере алмаймыз. Ол ол ма, біраз уақыттан кейін оны да ұмыта кетеміз. Ал көне заманнан қалған мақал мәтелді, өлеңді, батаны оңай-ақ жаттай саламыз. Мағынасын да бірден ұға саламыз:
«Іргелі ел болғын келсе бесігінді түзе»
Қазыбек би
«Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді»
Майқы би
Қазақтын ауыз әдебиеті оңай оқылатын, оңай жатталатын, өңкей батыр мен биден қалған аталы сөзге бай. Сондықтан ғой сонау көне парсы, грек, рим, қытай, үнді жазбаларында сақ, ғұн, түрік елінің әрбір азаматы сөзге шешен, білімді, досқа адал қасқа қатал болған екен деп жазылған. 19 ғасырға дейін солай болған екен.
Оқымысты аталар қайда?
Қателеспесем Жазушылар Одағында 500 жуық жазушы, ақын, драматург, сыншы сияқты сөз өнеріне жақын адам тіркелген. Оған қоса ғылым академияда да 500 жуық академик бар сияқты. Көбі біраз жасқа келген, кейбірінің көздері потерянный, мұнлы. Көпті көрген. Көлеңкесінен де қорқатындары да бар шығар. Оның себебі сәбеттік заманда анандай сөз айтпа, мынандай сөз жазба деп бірталайын қорқытқан емес пе. Оған көнбей өз бетімен жазсан Бекмаханов сияқты түрмеге кетесін.
Осы ағаларымыз онша көп сөз айтпайды. Бірең сараңын есепке алмасақ. Жыламаған балаға сүт жоқ дегендей олардың жағдайы да бәрінде ойдағыдай, мәз емес. Қорқатын заман болса ол баяғыда өтіп кеткен, ақын айтқандай ауылы оның тым алыс. Қазіргі заман, шыңдықты айтатын заман, әрекет ететін заман. Сондықтан 500 жазушы мен 500 академик бірікпей ме? Бірігіп зор күрке айналып жатпай ма? Махамбет сияқты ерлік етпесе де кешегі алашордалықтар сияқты бір партия жасап өздерінің де, елдің де жағдайын түзетсе шіркін-ай керемет болар еді.
Жаужүрек мың ата болып әрекет ету керек. Ондай адамдарға кім кедергі жасайды? Мысалы алты алашқа танымал 100 жазушы әкіматқа барып партия ашса, оларға кім қарсы болады? Керісінше бәрі қуана, қуана оларды қабылдайды. Жағдайын жасайды, халыққа қажетті тірлік ете алады. Академик, доктор, профессор, жазушы біріксе оларға кім қарсы тұра алады? Елде көп партия болса жақсы емес пе.
Кешегі хан мен сұлтандарға ақыл айтқан Асан Қайғы, Бұқар жырау сөз өнерінің адамдары емес пе. Елдің мұн-мұқтажын данагөй хандарға жеткізген де осылар ғой. Солар сияқты ата жолын ғалым мен ақын қуу керек. Қол қусырып отыру білімі бар адамға жараспайды.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтын белгісі
Бай әрі дамыған елдердің барлығы өзінің көне тарихын мақтан етеді. Мысалы Британия өзін құр бриттер елі деп атамайды. Олар өзін Ұлы Британия деп атайды.
Ал Қытай өзін қатардағы елміз демейді. Олар өздерін «Аспан асты» елі деп атайды. Өз көсемін аспанның баласына балайды.
Орыстарда «Великий и могучий русский язык» дегені жиі мектепте айтылады. Великая Россия дегенді де көп рет айтады.
Жапония бұл күнге дейін өзін империя деп атайды. Олар өз тарихын, бабаларын құрметтейді.
Мажарстан елінің ағылшын атауы Hungaria. Яғни ғұн елі. Және ол ол ма. Сол елде Еділ патшаны, басқаша атауы Аттилланы мақтан тұтады. Оған арнап көше, қала, оқу орындарын атайды. Төл теңгелеріне Еділ патшаның суретін сонау орта ғасырлардан сала берген. Еділ патша деген атаудан-ақ оның біз жақтан екені көрініп тұрса да оны өз жерінде көп біле бермейді. Біздің өкімет теңгеге Еділ патшаны салмайды. Оған арнап оқу орындарын ашпайды. Синема түсірмейді.
Және осы елдерде өз ұлтының батырларын мақтау, жырлау дәстүрге айналған. Алысқа бармай-ақ көршілес айыр қалпақты бауырлас қырғыз елін қарастырайықшы. Қырғызстанға барсаңыз біріншіден Манас батыр атындағы аэропортқа ұшағыныз қонады. Екіншіден ол жақтан ел астанасы Бішкек қаласына жетіп Манас батыр атындағы алаңнан өтесіз. Үшіншіден ел өнерін білгіңіз келсе манасшыларды тыңдайсыз. Төртіншіден дүкенге барсаңыз Манас батыры белгіленген сомдармен төлейсіз.
Біле білсеніз Манас батырдың замандасы, досы болған, барша түркі елдеріне таныс – Қобыланды батыр Сарыарқа жерінен. Ал Қазақстанда оған арналған не бар?
Түркияда Ататүрік, Моңғолияда Шыңғысхан ерекше мадақталады. Олардың суреттері мемлекеттік ұйымдарда ілінеді. Соларға арнап неше түрлі кітап жазылып синема түсіріледі. Ал бізде ондай құрметке ие бола алатын батыр туылмаған ба?
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті
Сонау кеңестік заманнан қазақ әдебиетін ауыз және жазба деп екіге бөлу бар. Ауыз әдебиеті ол атадан балаға ауызша қалған сөз, мұра, байлық игілік. Мысалы би мен батырлардың аталы сөздері, мақал-мәтелдер, жырлар, өлеңдер,...
Қазыбек бидің «Іргелі ел болғын келсе бесігінді түзе», немесе халықтын «Жақсы сөз жарым ырыс» деген сияқты пайдалы, тез жатталатын, адам лезде ұға алатын қасиетті сөздерді ауыз әдебиетіне жатқыза аламыз. Ауыз әдебиетін негізінен ұлы ғұламалар қалыптастырған, зор пайдаға толы ойлардан құралған. Жастарға нұсқа болатын сөздерден құралған. Сонау көне заманнан бұ күнге дейін жеткен сөз елге пайдалы болмаса қалайша жете алатын еді? Қалайша ұмытыла қалмады?
Жазба әдебиеті Абайдан бастау алады деп барша мектеп оқулықтарында сәбеттік заманда жазатын. Оған дейін қазақ қалам алып хат жазбағандай, кітап құрастырмағандай. Бұнысы Абайды көкке көтеру болғанмен қазақты қорлау еді. Өйткені өзге елдерде жазба әдебиеті мыңдаған жыл бұрыннан бастау алады делінген. Ал бізде болса бір ғасырдай ғана болыпты екен!
Бұнысы сын көтермейді. Өйткені Абайға дейін қаншама тарихшы, ғалым, ақын хат қалдырған екен. Мысалы Күлтегін ескерткіші жазба әдебиетінің мұрасы болмай ма! Ол да хат, ол да ауызша емес қалған сөздерден құралған. Не Абайға дейін үш ғасыр бұрын жасаған Қадырғали Жалайри кітабі. Тіпті Абайдын замандастары да одан ерте кітапты басып шығарған екен. Мысалы Ыбырайдын «Христоматиясы». Ыбырай Абайдан отыз жыл бұрын кітапты басып шығарған екен. Және оның кітабін мыңдаған оқушы оның ашқан мектептерінде жүріп лезде оқи салған. Бірақ кеңестік заманда, қазір де Ыбырайдын еңбегі онша бағаланып жатқан жоқ. Қазақ зиялыларын, білім жүйесін, алаш ордалықтарды қалыптастырған осы Ыбырай емес пе! Оның ашқан мектептері солтүстікте еді, және зиялылардын 19 ғасырда көп боп пайда болған жері де сол жақта емес пе. Алаш орда деп көп айтамыз. Ал оның пайда болған себебін, оған алғы шарт жасаған адамды онша танымаймыз. Кеңестік заманда Ыбырайға онша көп көңіл бөлмеген. Себебі ол негізінен қазақи сипаттағы әңгіме, өлең жазған екен. Мысалы «Бір аллаға сиынып, кел балалар оқулық» деп айтқан адамды ол кездегі билік онша жақтырмады. Ұмытпаса да ойдағыдай тарихи рөлін атамады. Ал Абай болса Пушкинді, Лермонтовты қазақ арасында насихаттап жүрген екен. Демек кеңестік идеологияға тиімді адам бола қалды.
Жазба әдебиетін Абайдан бастау алады дегені қазақ оған дейін тағы, білімсіз, надан еді дегенді меңзейді. Қазақ орыс әдебиетінің туындыларын оқып адам болды деп кеңестік заманда кебір білгіштер ұялмай айтатын. Осындай жалған ойлар қазақтын ғылым мен білім саласында аз емес. Олардың көбі Сталиннен, Голощекиннен бастау алады.
Әділ болу үшін қазақ әдебиетін үшке, таралу жолына сай бөлу керек сияқты. Ол ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті және баспа әдебиеті. Жазба деп хат арқылы бізге жеткенді атайық. Мысалы Күлтегін ескерткішін не Есік жазуын. Баспа әдебиеті деп газет, журнал, кітап (сайт) боп елге таралған әдебиетті атау керек.
Кеңестік заманда басымдылық жазба әдебиетіне берілген еді. Оқулықтардың көбі сәбеттік заманда жасаған авторларға толы болған. Не себептен? Қазақ баяғыда оқымаған, білімсіз жүрген, кеңестік заманда ғана ел қатарына қосылған деген оймен. Міне қараңыз сәбеттік заманда қазақта қаншама классик пайда болыпты, қаншама әдеби туынды жазылыпты дегендей.
Көп жазғаны дау жоқ, бірақ сан айтылған жерде сапа да сұралуы тиіс қой. Ал бұл тұрғыдан қарағанда кеңестік заманда жасаған авторлар көне заманның даналарынан бір төбе кем болып тұр. Кеңестік замандағы мектеп оқулықтарында сәбеттік авторлар жайында сөз қозғалғанда олардың шың, өмірде болған болмысын емес бір идеалды, шыңдыққа сай емес бейнесін сомдап жататын. Бәрі керемет дана, аққөңілді, мейірімді, елінің патриоты болғандай. Бәрі Бауыржандай болған жоқ қой! Сенбесеңіз Мұқтар Шаһановтың сөздерін қараңыз. Қадір Мырза-Әлидің естеліктерін оқыңыз.
Негізінен мектеп оқулықтарына ауыз әдебиетін көп оқыту керек. Оны қастерлеп, қорламу керек. 80-90 пайызы солардың еншісінде болу қажет. Атам қазақ айтқандай «Өлі разы болмай тірі байымайды», аруақтарды бағалайтын ұлт болуымыз керек. Жазба әдебиетіне 10 пайыз, көп болса 20 пайыз да жеткілікті. Айналымыздағы елдердің бәрінде солай. Мысалы қырғыздар Манас жырын, Манас батырын ерекше қастерлейді. Өзбектер Әмір Темірді. Моңғолдар Шыңғыс ханды. Түріктер Ататүрікті. Демек олар ел үшін, ерекше ерлігімен көзге түскен батырды, ханды, билеушіні ерекше қастерлейді екен...
Алқаш болған, қазақтын қаншама батырына тіл тігізіп анонимка жазған жазушының сөзі түзу болмайтын шығар? Өзі жақсы адам болмағанның сөзі жақсы, ерекше пайдалы бола қалмайтын шығар? Төле би мен қазақты КГБ мен НКВД-ға сатқан адам тең емес шығар? 83 жасқа келсе де жекпе-жекке шығуды қоймаған, қою түгіл жауды ойсыратып жеңіп отырған, соңғы күндеріне шейін елім, жерім деген Қабанбай батырдың сөзі қайдағы бір ел оқымайтын романнан кем емес шығар?
Ақынның сөзін оның ісіне қарап бағалау керек
Қазір елде не бір ақындар бар, не бір жазушылар бар, өлісі мен тірісі. Сәбеттік заманда олардың көбі еуропа идеологиясына ұмтылып елмен бірге болуды ұмытқан еді.
Мысалы елге жау шапса бірінші боп батырларды Бұқар жырау, Асан Қайғы сияқты сөз шеберлері алаңға шығып батырларды жинайтын. Алпысқа, жетпіске, сексенге келгеніне қарамай атқа қонып ел аралап отырған.
Төле би 1742 жылы сол заманда Жетісу мен Сырда билік еткен жоңғар ханына қарсы шықты. Ол кездегі оның жасы шамамен 77-те еді. Бірақ солай бола тұра ол Күлтөбеде жаумен соғысуды, ерлік етуді жөн көрген.
Ал сәбеттік замандағы ақын мен жазушылардың ел басқарудағы пәлендей тәжірибесі жоқ еді. Және олар Мәскеуге қарсы шықпаған. Елге қамқор болмаған. Мысалы Хрушев қазақ жерін өзбекке бергенде (арам оймен бірмесе де) бас көтерген қай ақын бар еді? Қайсысы олай болмайды деп айтқан? Ал Желтоқсанда ше? Біле білсеңіз Жазушылар одағынан Республика алаңғына он, көп болса он бес минутта жаяу жетесіз. Жастар екі күн бойы, 16 және 17 желтоқсанда далада өлең айтып, қазақты білімді адам басқарсын деп талап қойған еді. Оны естімеу, білмеу мүмкін емес еді. Сол кездегі жазушы мен ақындардың бәрі сол маңайда тұратын. Бірақ солай бола тұра ешбір ақын алаңға, жастарға шықпады. Ақыл айтып тура жолға салмады!
Қалайша? Он алты жастағы қыз ел намысын қорғап алаңға шығады да, отыздағы, қырықтағы, тепсе темір үзетін ақын шықпайды. Қалайша жиырма жастағы студент Рұсқылбеков қорықпай жауға шапқылайды да ел қамқорлығындағы ақын үйде отырады ма?
Бірақ бір қызығы сондай ақындардың айтқаның хақ, ақиқат деп қабылдап отырған адам қазір де аз емес. Алаңға шығып жастармен болмаса, қазақ жерін жаудан қорғамасы ақынның елді сүйгені рас па?
Ал егер олар елді сүймесе ше? Идеологиялық принциптерге негізделіп, жат елдің идеологиясымен алданды деп есептесек. Сонда бәрі орнына келеді.
Кешегі Махамбет те ақ патша жағына шығып өз жағдайын жасай алатын ғой! Кешегі Төле би де жоңғар ханына бағынып алтыңмен қапталған сарайда отыра алатын! Бірақ олар жаудың алтынынан аулақ жүрді. Намысын сатпады. Елді сүйді. Халқын сүйген соң ерлік етті. Жауды жеңді.
Жоңғар ханы, Хрушев, Желтоқсан ол баяғының әңгімесі ғой. Бояуы баяғыда сіңіп кеткен дегендей. Ал қазіргі уақытта ше? Тәуелсіздік жылдарында ше? Осы жылдары көп рет митинг болды. Көп рет халық бас көтерді. Бұны бұрыс деп айта алмаймыз. Заманбек Нұрқаділов, Ораз Жандосов, Алтынбек Сәрсенбаев, Әлихан Байменов, Жармахан Тұяқбаев, Болат Абилов сияқты батырлар алаңға шығып ел мұның жоқтады. Және байқасаңыз ел ішінен пайда болған көсемдердің дауыстары жыл сайын зорайып жатыр.
Кешегі Қантарды мен мақтан тұтам! Жаңа Қазақстанға жол ашқан қасиетті Қантарды қалай сүймейміз? Қалайша мақтан тұтпаймыз? Қантар геологтардың тілімен айтсақ ел санасында жаһандық, тектоникалық қозғалысты тудырды. Ол күндері қаншама мың батыр далаға шығып елге қамқор болды. Қаншама жігіт түгіл әйел ел ішінде жақсы істермен көрілді. Біріне бірі қамқор болып. Онды-солды оқ атып жатқан террористерден қорғап.
Демек қазақи қоғам кешегі батырлық қалыпқа қайта, асықпай, ақырындап оралып жатыр. Халық ішінен не бір білімді адамдар елге қамқор бола алатындай халге жететін бақытты заманға әне міне дегенде жете саламыз.
Мұқа деген батыр ақынымыз
Қазақта қаншама ақын мен жазушы бар. Мысалы Жазушылар Одағында қаншасы тіркелген, қателеспесем 500-тен аз емес сияқты. Одан бөлек те бар. Кітабі шыққан, мақаласы жарияланған дегендей. Бірақ солардың ішінен көзге түсетіні бірен-сараңы ғана. Жастар көбін білмейді.
Өзгеден бөлек Мұқтар Шақановты ел ерекше сыйлайды. Оны жастар да таниды. Жастар сонау сәбеттік замандағы ақындардың көбін білмейді, көбін танымайды. Кітабін оқымайды. Бауыржан Момыш-ұлы, Бейімбет сияқтылар болмаса қалғаның аз біледі.
Осы Мұқаның мен үшін сәбеттік, Желтоқсанға дейінгі өлеңдері бір төбе және тәуелсіздік жылдардағы өлеңдері бір төбе сияқты. Біріне бірі ұқсамайтын. Мысалы:
«ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА.»
«Арыс жағасында» сияқтыға ұқсамайды. Оған не себеп? Оған себеп Желтоқсан сияқты. Баяғы кеңестік заманда, мұң қайғы жоқ заманда ол басқалар сияқты өлең жазып кітап шығарып отырған. Дауысы онша қатты шығып та отырмаған. Көптін бірі сияқты болып жүрді, журнал мен газетке мақала жазып. Кейін бүткіл Кеңес Одағында болмаған ірі көтеріліс, оқиға Алматыда бұрқ ете салды.
Бірақ жастарды бастайтын көсем болмаған соң оларды қанышер Колбин оңай жеңіп мерт қылды, түрмеге қамады, оқудан қуды, жұмысқа алмады. Жалғыз Колбин мен Горбачев емес сонымен қатар біздің қазақ арысынан шыққан басшылар да оларға аз жамандық істемеді. Жазушылар мен ақындар оларға қамқор бола алмады. Кешегі Махамбет пен Бұқар жыраудай ел үшін ерлік етпеді.
Мен қателесіп отырсам мені түзетіп қойыныз, бірақ сонау сәбеттік заманнан қазақты жеп көретін басшылар әлі де араларымызда аз емес сияқты. Жаңа Қазақстан соларды түзететін шығар. Тура жолға салатын шығар.
Мұқтар сияқты ары таза, кейде ойламай ішіндегін тура айта салатын адамға (қазақша жөнді сөйлей алмайтын, сиакты, оган, саган деп сөйлейтін адамдарға қатысты айтқан оның кейбір ойлары алаңдағы біраз жақтастарына да онша ұнай қоймайтын) Желтоқсандағы қырғын оңай тимеген шығар. Нағыз ақынның ары таза болады емес пе. Ондай адамдар сезімтал да болады ғой. Айдалада емес, қаланың қақ ортасында жастардың қан болуы, мерт болуы елін сүйетін адамға ауыр батады. Сондықтан осы уақыттан кейін ол күрескер бола қалды. Мысалы 1988 жылы бүткіл Кеңес Одағына таратылып жатқан эфирде Желтоқсан жайлы сөйлей қалды. Горбачевке айтпай-ақ. Және сол жылы желтоқсандықтарды ақтау жұмыстары да басталған еді.
Тәуелсіздік жылдары Мұқа алаңға жиі шығып отыратын. Қазақ тілін, елін, жерін жырлап. Оны қамаса да, соттаса да шыға беруді қоймаған. Жас болмаса да жастардан қалмай әрекет етті. Сондықтан оны бүткіл ел танып отыр.
Ал неге басқа ақындардың ауызы жабулы тұр да Мұқан болса елден ерекше боп тұр. Не себептен ол талай рет алаңға плакатпен шықты? Не себептен қазақ тілінің мәртебесін көтерейік дегені қолмен, фламастер не гуашпен жазылған қағазбен алаңға шықты? Алты алашқа танымал басқа ақындар ол сияқты шықпаса да.
Мұқтар Шаһанов қаншама рет алаңға шығып сөз сөйлегенде: Махамбетті Абайдан артық көрем деп бірнеше рет айтқан. Бұнысы өтірік емес, шыңдық! Алаңда айтқан сөзі, сенбесеңіз өзінен сұраңыз, не ол жерде жиі болатын адамдардан. Демек оның бұл тірлігі Махамбеттің жолын қуу. Сәбеттік заманда Абай, Абай (Абай да өз ұстаздары Пушкин мен Лермонтов сияқты митингке шыққан жоқ қой, шыңдығын айтайықшы, оның заманында қазақтын қаны судай ағып жатса да) деп жатса тәуелсіз жылдары Махамбетке бет бұрды.
Әділетсіздікке қарсы күш біріктіру үшін «жылайын, жырлайын ағызып көз майын» деп айту жеткіліксіз боп қалды. Ондай кезде күресті жырлайтын ақын керек. Сені рұхтандыратын ақын керек. Әруақ деп. Абылайлап жауға шабатын жастарды жігерлендіретін ақын керек. Және сол, атадан қалған, не бір батыр мен биден қалған жолдан басқа жол қазақта жоқ. Басқа жолмен сен құл боласын. Өзгеге жем боласын. Түбінде жерінен айрылып басқа ұлттармен араласып жоқ боп кету де ғажап емес.
Қазақ неге кедей? Неге ажырасудан көш алдында?
Баяғы заманда кедей деген қазақтын өзінде жүзге жуық қойы, оншақты жылқысы, бес-алты сиыры болған екен. Және соны жаю үшін қазіргі тілмен айтсақ бір қала сыя салатын жері бар болған екен. Бір отбасында! Бұнысы өтірік емес шыңдық. Сенбесеңіз тарихи кітаптарды оқыңыз.
Және ел шетін жау шапса дайын тұратын батыры, оларға бата беретін биі, рұхтандыратын жырауы дайын тұрған. Бәрі білімді, бәрі батыр болған. Сөз, идеология бұзылмаған заманда солай болған. Мысалы кешегі Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек батырлар заманың алайықшы. Ол кезде өзгеге қазақ жем болды ма? Қазақ елін қорғай алмай жүрді ме?
Қазір не себептен кедейміз? Ол шамамен тәуелсіздік жылдарынан басталады деп біреу айта салуы мүмкін. Бірақ оған дейін біздің жағдайымыз мәз болды ма? Мысалы Колбин заманында. Немесе Голощекин кезінде. Жоқ бағымыз ол кезде де жанбады. Кеңестік заманнан ақ патша жаққа қазбалай келсек біздің кедей боп қалған кезіміз Құнанбайға тіреледі екен. Кенесарыны Сарыарқадан қуып қазақ жерін ақ патшаға ол сыйлап берген емес пе? Жол бойындағы әрбір бұлақты, тауды нұсқап берген де сол ғой. Сенбесеңіз тарихи архивтерді қараңыз. Олар қазір ашық қой.
Қорғансыз елге ақ патша ойран салды. Қаншама қала киратылды, қаншама жастар Сібірге айдалды. Қазақтын шұрайлы жерлері ақ патшаға бекініс салу үшін кетті. Жері тарылып қазақ кедей бола қалды. Құлағанға жұдырық дегендей қазақ арасында пайдасыз идеологиялар пайда болды. Адамды тура жолға салудын орнына адастыратын идеологиялар қазақ арасында кең тарады. Солардын пайымдауынша сөйтіп қазақ жаман боп қалды. Жалқау боп қалды.
Елдің сүрінген жерді тауып, ол жерге белгі етіп тура жолға салудын орнына қазақты адастырған адам ол кезде аз болған жоқ. Фин, моңғол, поляк ата-бабасының жолын тауып тез түзеліп ел боп жатса қазақ бұ күнге дейін адасуда. Болмайтын сөзді төрге қойып, болмайтын ойдан арылмай. Бір ғасырдан астам уақыт өтсе де!
Қазақтын бабасы кім? Атасы кім? Батыр сақ, ғұн, қаңлы, үйсін, түрік! Бабан батыр болса сен қандай болуын керек? Аталарын дана болса сен қандай болуын керек? Батыр болмағанның сөзін қойып, батыр болғаннан үлгі алмайсын ба? Дана билерді үлгі тұтпайсын ба? Атам қазақ айтқандай – өлі разы болмай тірі байымайды.
Біз атадан қалған дана сөзді көп оқысақ тез бай боп қаламыз. Сенбесеңіз мешітке барынызшы. Намаз оқығандардың көбі бай, бақытты, дәулетті. Ол байлық құдайдың ризығынан және соған жетем деген сенімнен. Сенім жоқ жер күмәнге толы. Күмән ол шайтанның азғырғаны. Біз жерге бай, халқы ақылды елміз. Біздің бақытымыз әлі алда. Соған жету үшін аз қалды. Бір секірсен әне міне дегенде жете қалатын жерде. Саған да, маған да игілік әперетін заман әлі алдымызда.
Тұлпарды есекке айырбастау
Әлемде қаншама ел, қаншама идеология бар. Кейбірі бізге қызық, кейбірі бізге жат боп көрінеді. Солардың ішінен мен үшін бес мың жылдық тарихы бар қазақи идеология, мифология жалпақ тілмен айтсақ жыр мен баталар ерекше биік орын алады. Себебі ол жерде өңки шың, ақиқат айтылады. Және ойдан шығарылмаған қаһармандар жырланады.
Сен мен бізді осы күнге дейін жеткізген бабалар сөзі қалайша кем болады? Қалайша артық болмайды? Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік кімнің атасы? Еділ патша кімнің бабасы? Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек кімнің атасы?
Еділ патша бүткіл Еуропаны жаулап алған еді. Оның заманында оған тіке қарайтын король мен император жоқ еді. Бәрі соған тәжім етіп оның айтқаның екі етпей орындап отырған. Римдіктердің саны ол кездегі ғұндардан жүз есе көп еді. Бірақ солай бола тұра оған бағынды. Қалайша? Бабаларымыз керемет данышпан, дана, көсем, шешен болған соң. Данадан қалған сөз ерекше бағалы, пайдалы болады емес пе. Сенбесеңіз Геродотты оқыңыз. Ол сақтарды ерекше мақтап кеткен. Сақ елінде ұрлық, қылмыс аз олар ерекше білімді әрі батыл ел деп мадақтап кеткен екен. Ал оған қалайша ел жете алды? Идеологияның арқасында. Елді идеология тура жолға салады, не адастырады. Ақымақ емес шығарсыз, соңғы жылдарға көз салсаңыз адасып қалған елдерді білетін шығарсыз. Оларды адастырған арам ойы емес, жалған идеология.
Ал біздің ата бабаларымыз қалдырған асыл сөз бес мың жыл бойы бізді жеңімпаз, би, батыр етті. Және тағы бес мың жылға жете салады. Одан асып кетпесе.
Социализм мен капитализм
Менің осы айтқаным оқырманға түсініксіз болып жатқан шығар. Адам негізі авторитеттерге кәміл сеніп отыратын пенде емес пе. Оның ақ-қарасын көбіне анықтай да алмайды. Бір себеп болмаса.
Мысалы кезінде қазақ экономистері социалистік бағытта білім алған. Маркстың, Энгельстің, Лениннің айтқанына, жазғанына шек келтірмей сенген. Олардың еңбектерін сүйсініп оқыған. Кейбірі тіпті өз балаларын солардың атымен де атаған.
Ал кейін Кеңес Одағы құлады да сол экономистердің социалистік экономикасы керексіз боп қалды. Олардың қаншама жыл бойы оқыған тірлігі керек болмай қалды. Өмір бойы жазған оқулықтары, жасаған ғылыми еңбектері қазір кімге керек?
Кеңестік қазақ экономистері ақымақ болған емес. Оларды білімсіз де атай алмаймыз. Топас, надан деп те айтуға болмайды. Бәрі социализмді құптаған сон елмен бірге ілесіп кетті. Партия, өкімет, комсомол айтқан соң соған сене қалды.
Бар қатесі жалған, шыңдыққа сай келмейтін идеологияға сеніп қалғаны ғана. Қазақ аңқау емес пе. Қараша жұрт түгіл Дінмұхамед Қонаевтің өзі кезінде И. Сталиннің айтқанына кәміл сеніп отырдым деп өз естеліктерінде атап айтқан емес пе. Ал ол анау-мынау емес. Кезінде Қазақстанның ғылым академиясын басқарған ұлы оқымысты, ғұлама, еліміздің геология саласының ақсақалы. Профессор, доктор, академик болған адам. Елді басқарған ұлы тұлға. Орыстар Ресей жерін жиырмасыншы ғасырда басқарған басшылардың ішінен Брежневті бірінші орынға қойса біз осы Дінмұхаммедті қоя аламыз.
Қазақ аңқау болған соң алданып қалды. Мысалы қазақ даласына еуропадан темекі мен арақ жиырмасыншы ғасырдың басында келді. Алғашында оны зиян көрмей жатып аздап тұтына бастады. Бір-екі рюмке арақ ішсем дым болмайды. Бір рет темекі шексек өліп қалмаймын деп ойлады.
Ал кейін қазақ арақ ішуден еуропалықтарды озып кетті. Темекі тартудан да. Неге? Себебі қазақ арасында ондай зиянды заттар болмаған. Болмаған соң қазақтың ағзасында соған қарсы тұратын иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан қазақ арақ ішсе оған тоқтау қиын. Бұны медицина ғалымдары талай жылдар бойы айтып жатыр емес пе. Қазақтың ағзасында спиртті ыдырататын фермент жоқ екен. Сондықтан ол ішсе тоқтау қиын.
Жалғыз қазақ қана емес. Сонымен қатар арақ ішпеген Сібірдің көп жұрты да осындай халде. Еуропа әдебиетіне қатысты шыңдық та осындай сипатта.
Көрген мен көрмеген ақын
Қазір біз мектепте оқылатын барша кітаптерді, барша әңгіме мен өлеңдерді шыңдық, ақиқат деп танып отырмыз. Бірақ бәрі солай бола бермейді.
Мысалы қолына қару алып елін қорғамаған, мылтықпен атпаған, жарыған бомба мен гранаталардың арасында болмаған жазушы фронт жайлы шағын әңгіме жазған екен. Ол сол жақтын тірлігін білмесе де жаза беріпті. Шамамен адам о жерде мынандай болады. Былай сөйлейді деп болжай салып жаза салған. Кейін ол әңгімені жауларды жайратып жатқан Бауыржан Момыш-ұлы батырымыз оқыпты.
Бәукенің анаған жазған пікірін оқысаңыз батырдың тым ашулы болғаның, ол әңгіме шыңдыққа сай емес екенің түсіну қиын емес. Анандай комментті тіпті нашар оқитын, бұзық бала да мұғалімнен естімеген шығар.
Ал ол жазушы бастықтарды мадақтаудан басқа дым білмейтін журналист емес. Ол жазба әдебиетінде ойып тұрған орын алып жатқан Мұхтар Ауезовтың нақ өзі! Көрмеген соң айтқан сөзі, жазған хаты шыңдыққа сай келмей. Жалған, өтірік болып қалыпты. Және зиянды да. Өйткені оны оқыған адам е соғыста солай ғой деп ертең қателесіп кетуі мүмкін. Бір кеселге ұрынып кетуі мүмкін.
Сондықтан сіз жазба әдебиетіне сене бермеңіз. Ол жақта соғыспаған адам соғыс жайында, күреспеген адам билік жайында, арсыз адам тәрбиеге байланысыты сөз айта береді. Үйінде отырған. Не кабинетінен шықпаған адам қалайша дана бола алады? Қалайша үлгілі бола алады?
Ал ондай кемшілік ауыз әдебиетінде жоқ. Бір бәріміз Майқы бидің елді басқарғаның, Махамбеттің батыр болғаның, Төленің алты алаштың төбе биі болғаның білеміз. Олар құр сөзбен ғана емес ерлігімен де елді сүйетінің дәлелдеп берген.
Архимед айтқандай:
«Махабат күн сайынғы дәлелді қажет ететін теорема».
Менің айтқаным өтірік емес қой! Ол әрбір сөздің ақ қарасын табуға арналған әдіс емес пе. Яғни пайдалы жағы да бар.
Мысалы Абай ешқашан біреуге жалшы болып еңбек етпеген. Ол аштықтын, мұқтаждықтын не екенің білмеген. Анасы, әкесі, әжесі бар, бай әрі ауқатты отбасында дүниеге келген.
Бірақ солай бола тұра қазақты жалқау дейді! Өзі еңбек етпеген адам қазақты жалқау дейді! Оның еңбек өтелімі үш рет болыс болғанымен басталады да сонымен аяқталады. Барлығы 9 жыл. Ондай адам қазір пенсия да ала алмайды ғой.
Бес жасынан бастап байларға жалшы болып жүрген, өмірде не бір қиын сәттерді басынан кешкен, сәби болған кезден бастап анасы мен әкесінен айрылған Бейімбет Майлин қазақты жалқау демейді! Ол қазақ еріншек деп те айтпайды. Оны жамандамайды.
Бұл жерде кімге сенеміз? Абайға ма? Бейімбет Майлинге ме? Шыңдық біреу емес пе.
Мен Абайды жамандамай, аяп отырмын
Осы кітапты оқыған адам менің Абайға деген жаман көзқарасым бар деп ойлап қою мүмкін. Себебі оны сынап отырмын. Бірақ ақынға деген жаман ойым жоқ. Керісінше менінше ол осы еуропалық әдебиеттін құрбаны болды. Демек аяуға лайық адам.
Өзі алданып бізді де сол жаман жолға итермелеп кеткен. Көптеген ақын Абайдан кейін, психологтар тілімен айтсақ подсознательный уровеньмен мұнға, қайғыға бейім боп қалған. Оны дәлелдеу оңай. Абайға дейінгі ақындардың өлеңдерін бір жерге жинап, одан кейінгі ақындардың өлең мен романдарын бір жерге жинап көру керек. Құранда айтылғандай кімнің таразы жеңіл болса сол жақсы адам.
Қалай десек те Ахмет, Әлихан, Мыржақыптар Қабанбай, Бөгенбай, Абылай сияқты бола алмаған. Оқыған болса да. Білімді болса да. Газет пен журнал деген күшті қаруға ие болса да! Еліміздің соңғы бір жарым ғасыры ол қайғы мен қасіретке толы уақыт. Оған не себеп?
Оған бір ғана себеп бар. Ол идеология! Елді тура жолға салатын да идеология, адастыратын да сол өзі.
Сіз соңғы жылдарда басқа елдерде не болып жатқаның байқаған шығарсыз. Өзгені қыруға, жоюға дайын мемлекеттер көбейіп қалыпты. Және соны, түсінсем бұйырмасын ол жақтын бүткіл елі қолдайды екен! Жалпы көп адам қоғамда орнаған ұғымдардан аса алмайды екен. Онысы дұрыс па? Біз қателескен жоқпыз ба? Деп жұрттын көбі сұрақ қоймайды. Газетте, журналда, телевизорда солай десе демек сол шыңдық. Сонысы ақиқат.
Мысалы Америка Джордж Буш заманында Бағдатты, Ауғанстанды бомбылады. Ол жердің халқын қырды. Су құбырлары, тоқ желілері, жол дегенді жойып қалалық мәдениетті кей жерде феодалдық, ортағасырлық деңгейге түсірді. Ал оған не себеп? Бір түкке тұрмайтын Great America деген түсінік. Өзге елден басым, үстем боламыз деген, шовинистік не тіпті фашиттік сипаттағы идеология.
Біздің жеріміз кең, еліміздің пейілі одан да зор бірақ солай бола қайтадан ашаршылыққа, репрессияға ұшырап қалмайық. Сақтағанды құдай сақтайды дегендей өзгеге жем болмайық. Оны болдырмайтын бір жол бар. Ол көне батырларымыздың, билеріміздің, хандарымыздың дана, дара жолы. Қайтсек те одан артық даналық, жаңалық жоқ. Бес мың жыл бойы жарап келген даналықты жоққа шығармайық. Не десеңіз о деңіз, бірақ менінше қазаққа, Махамбет салған жол аман қалудың жалғыз жолы боп табылады.
Идеологияның тиімділігін өлшеу
Жер жүзінде неше түрлі идеологиялар бар. Кейбірі ұлттық сипатта ал кейбірі жалпы адамзатқа сай. Солардың ақ-қарасын қалай ажырата аламыз? Қайсы тиімді? Қайсы пайдасыз?
Физика ғылымында Пайдалы Әсер Коэфициенті дегені бар. Ол пайдалы әрекет жасау үшін жұмсалған энергия мен соның арқасында істелінген жұмыстың қатынасына тең сан. Мысалы біреу пешке бір шелек көмір салады. Соның нәтижесінде үй бес сағат бойы жылы боп тұрады делік. Жұмсалған көмірдің энергиясы бар. Оны өлшеу қиын емес. Және соның арқасында үйде пайда болған жылу мөлшерін де есептеу онша қиын емес. Екеуін алып біріне бірі бөлеміз. Нәтижесінде 0,3 не 0,4 сияқты сан пайда болады.
Оның мағынасы пешке салынған көмірдің 30% не 40% жылуға, яғни пайдалы әрекет ету үшін жұмсалады ал қалғаны далаға, шығын боп кетеді.
Мемлекеттік деңгейдегі идеологиялардың да ПӘК-ін дәл осылай есептеуге болады. Мемлекетте қолға алынған күннен бастап соған салынған ақшаны (мысалы кітап шығаруға, фильм түсіруге, оқу орындарын ашуға, ғалымдарды дайындауға дегендей затқа салынған ақшаны санап) есептеп оның салдарынан түскен пайданы санап ПӘК-ті таба аламыз.
Тағы бір жол бар. Ол оңай жол. Мемлекетте қолға алынғаннан бастап сол елдің дамығандардың қатарына қосылу уақытын өлшеу.
Мысалы Ислам идеологиясы ең бір ПӘК жоғары болып табылатын дүние. Мұхаммед Пайғамбарға көктен аян қырық жасына қарай келе бастап ол 63 жасқа толғанша созылды. Осы жиырма үш жыл ішінде сауатсыз, жөнді қаласы, бай жері жоқ шөлде мекен ететін арабтар бүткіл әлемге танымал Халифатты құра алды. Арабтар Аллаға сеніп, таза жол таңдап көркейді. Кеше ғана кедей болған араб лезде бай әрі бақытты бола қалды.
Одан кейін халифтер жан-жақтан ғалымдарды шақыра бастады. Сол шақыруды алып әл-Хорезми, әл-Фараби, ибн-Сина, Бируни сияқты түбі түркі ғұламалар Тұраннан, яғни Орта Азиядан сол жаққа барып ғылым мен өнерді оларға үйретті.
Мейдзи революциясы дегені де бар. Жапония 19 ғасырда артта қалған аграрлық ел болған. Оған сырттан еуропалық отаршылар тиісе бастаған еді. Нәтижесінде соғыс басталыпты. Ол соғыста жапондықтар жеңілді. Және жеңіске жеткен америкалықтардың талабын орындап шекараны сауда үшін ашты. Жапон елі үшін өз жерінде жеңілу, өз жерін өзгеге беру, ата-бабасы жатқан жердің пайдалы қазбаларын жат жұртқа беру намысына тиді. Сөйтіп билік ауысып (ескіні аңсаған олигархтар тобын басқарған сегун тобын император жақтастары жеңіп) император елге жаңа технологиялардың әкелуіне жол ашты.
Бар жоғы жиырма бір жыл ішінде Жапония артта қалған аграрлық елден ұлы империялар қатарына қосылды. Шамамен 1868-1889 жылдар арасында. Халық бай болу үшін сөз түзелу керек. Елге пайдасы бар идеология керек, сені байытатын, сені бақытты ететін. Идеологиясы жоқ ел тобыр емес пе.
Не себептен Абай философиясы тиімсіз боп тұр?
Біз Абайды көкке көтереміз. Оны мақтан тұтамыз. Бірақ оның идеологиясы тиімді болып тұр ма? Абай жолын қуған Алаш зиялылары жеңіске жетті ме? Ахмет Байтұрсын-ұлы, Әлихан Бөкейхан-ұлы, Міржақып Дұлат-ұлы мұратына жете алды ма? Ал сабеттік заманда жасаған ақындар ше?
Жоқ! Олардың ешқайсысы мұратына жете алмады. Мысалға Ресей империясының іргесінде жатқан Финляндияны алайық. Олар Ресей империясы құлағаннан кейін 1917 жылы бәрі, ақыны да, жазушысы да, қараша халқы да атқа қонып тәуелсіздікке ұмтылды. Және соны көрген Ленин мен Сталин оларға тәуелсіздікті амалсыз бере салды.
Ресей империясының астанасы Петербор мен Финляндия арасы Алматы мен Қаскелең сияқты. Жаяу жете аласыз. Солай бола тұра олар аянбай күресті.
Фин елі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып мұратына жетті. Және сол заманнан бері олар жүз жылдан астам рақаттанып өмір сүріп жатыр. Оларда полигон да, репрессия да, коллективизация да, жұт та, ашаршылық та болмаған. Финдардың 1917 жылы жалпы саны 3 миллиондай еді. Ал қазақтын саны ол кезде бақандай 6 миллион еді. Екі есе көп!
Рас 1938 жылы қанышер Сталин оларды қайтадан жаулап алғысы келді. Бірақ бұл жолы да фин елі бар күшін салып күресті. Және сол жылы сәбеттік әскерді ойсырай жеңіп елінің тәуелсіздігін қайтадан сақтап қалды. Ал алаш зиялылары ол кезде қайда болды?
Абай философиясы жоқ жерден пайда болған жоқ. Оның алғы шарты, бастауы, ұстаздары бар еді. Мысалы Сократқа ұстаз Платон болды. Аристотельге Сократ. Әл-Фарабиге Аристотель. «Толқыннан толқын туады, толқынды тоқын қуады...» дегендей. Абай кімді пір тұтты? Кімнің өлеңдерін аударды? Қай елді теңдесіз жоқ деп атаған?
Ол Ресей! Және оның Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Достаевский және басқа ақын мен жазушылары. Мысалы Абай «Евгений Онегинді» аударған еді. Және басқаларының туындыларын да.
Пушкин, Лермонтов, Гоголь сияқты ақындардың дүниеден озғанына екі ғасырдай өтті. Олар Ресейдегі самодержавиемен күресті, оны жек көрді. «... на остатказ самодержавия напишут наши имена» дегендей өлеңдерді мектепте талай рет естіген еді. Махамбет сияқты көтеріліс жасап, соғысып күреспесе де астарлы мәні бар өлең шығарып ақ патшаға қарсы болды. Зиялы қауымды билікке қарсы болуын құптаған еді. Мысалы «Ревизор» комедиясы күлкілі болса да оның түбінде ақ патшаның қол астындағы шеңеуніктері ақымақ деген ой жатыр.
Бірақ ол ақындар өлсе де самодержавие әлі күнге дейін бар. Ресейдегі барша байлық ақ патша заманындағыдай не бір олигархтардың қолында. Ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Демек мұңға толы, өзгені айыптап отыратын әдебиет тәрбиелік жағынан сәтті бола алмады.
Ал қайсы әдебиет педагогика тұрғысынан пайдалы болып отыр? Ол біздің қарияларымыздың баталары, батырлардың шешендік сөздері, батырлар жырлары, билердің аталы сөздері. Оған дәлел көне грек, парсы жазбалары. 19 ғасырдағы еуропа саяхатшылардың қазақ жерінде болған кезде жазған жазбалары. Солардың бәрінде көшпелі елдің әрбір азаматы Демосфен мен Цицерон сияқты шешен, ақылды, парасатты, ақкөңіл деп айтылған. Қазаққа әлем әдебиеті керек емес, әлемге қазақ әдебиеті керек.
Көненің ақыны жүз жасаса қазіргісі елуге де жетпей жатыр
Көне заманда тірлік еткен ақындардың барлығы дерлік көп жасаған. Майқы би, Асан Қайғы, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Жиренше шешен, Балпық би, Ескелді би, Қабан жырау, Бөлтірік шешен, Жамбыл,...
Ал қазіргі ақын елуге де жетпей мерт болады. Себебі неде? Себебі ол мұнға толы шығармашылығында. Қазақ еуропалық әдебиетке бет бұрған соң драма, трагедия дегенді көбейтті. Ромео мен Джульетта сияқты мұратына жетпей қалатын кейіпкерлерді көбейтті. Баяғыда ондайға жол бермеген.
Мысалы Бауыржан Момыш-ұлы туындыларында сіз мұн не қайғыны сезе аласыз ба? Оның шығармашылығында драма, трагедия бар ма? Ал оның өмірі ерігіп жатып үйде отырумен шектелмеген. Ол күресті, соғысты, күнде атыс пен жарылыс арасында болды. Атыс пен жарылыс арасында болмаған жұрт оны оңай шаруы деп қалуы мүмкін. Бірақ оқ атылғанда, граната жарылғанда өзін батыл дегендердің көбі қаша жөнеліп кетуі ғажап емес. Оған да үйрену керек.
Бірақ солай бола тұра батырдың туындыларында депрессияға толы жолдар жоқ. Себебі ол соны жеңіп жатты.
Батырлар жырларын оқысаныз ол жерде де депрессия, трагедия дегені жоқ. Себебі ондай адамдарда мұнға батып жататын уақыт жоқ. Әрекет етіп елге еңбек ету керек емес пе. Мысалы балабақшадағы баладан бір бұзық ойыншығын алып кетсе ол жылайды не сонымен төбелесіп қояды. Кейбірі жеңіп өзгеге жем бола қоймайды. Жеңіске жете алмаса да қарсылық көрсеткен соң, ана бұзық екінші рет оған ойланып жақындайды. Бұзық бала оңай олжа іздеп ондайға жақындамай қояды. Эволюция заңына сай күштінің жемі әлсіз болады. Олай болса оған өкіну керек пе?
Адам негативке толы өлеңдерді оқыса ол өзі де мұнлы болуға икемді бола қалады. Демек көбіне мұнды болады. Ол сыртқа қоршаған ортаны жақтырмау арқылы не жек көру арқылы біліне қояды.
Және негативті ойға толы ағза ертерек қартаяды. Сенбесеңіз мына аурулар жүйкенің тозуынан пайда болады – гастрит, жара, эзофагит, астма, жүрек аурулары, артрит, артық салмақ, шаршағандық, тері аурулары, көз аурулары...
Неліктен көп ауру жүйкенің тозуынан пайда болады? Эволюция дегенді білетін шығарсыз. Сол ілімге сай адам, жануарлар арасында жарыс болып жатады екен. Қай ағза кризистерге икемді, төзімді болса сол көп жасап мол ұрпақ қалдырады екен. Үстем болатыны солар. Сондықтан көне қазақ ақындардың артынан мол ұрпақтын қалуы ғажап емес. Ал Еуропа ақындарының артынан аз ұрпақ қалыпты.
Халық ағалары эмоцияға берілмей, ақылмен тура жол табу керек. Майқы би айтқандай:
«Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді»
Жастар осы көне ғұламаларды көп оқу керек. Себебі олардың әрбір сөзі ақиқат, даналық. Көп сөйлемей көп айта білген ауыз әдебиетін оқу керек.
Біреу таяқ ұғады, біреу сөз ұғады
Сонау 19 ғасырда қазақ сыртқы агрессияға тап болды. Солтүстіктен ақ патша, оңтүстіктен Қоқан, Хиуа мен Бұқар ал шығыстан Қытай ел мазасын кетірді. Соны түзету үшін қару-жарақ керек еді. Мылтық жасауды меңгеру керек еді. Бірақ неге екені белгісіз біздің ойшылдар өзге елдің идеологиясын меңгеруге мың күнің арнаса мылтық жасауға, сонымен елін қорғауға бір күнін де арнамаған.
Біз отаршылдықтан басқа ілімді, басқа тіл мен идеологияны меңгеріп құтыламыз деп ойлады. Қазір де ойлап отырғандар аз емес. Бірақ осы тірлігі нәтижелі болмады. Елге теңдік әпермеді. Қазақ негр сияқты құл болмаса да біраз шұрайлы жерінен айрылды. Салық төлеуге мәжбүр болды.
Ал басқа елдер ше? Біз сияқты өзге идеологияны дәріптегендердің халі бізден де нашар. Кейбіріның саны азайды. Ал кейбірінің тілі әне міне деген уақытта жоғалуға таяз сияқты. Құдайға шүкір қазақ аман қалды. Тілі де, діні де, шежіре мен дәстүрі де ұмытылмаған. Бірақ бізден де жолы қайырлы болған ұлттар Азияда аз емес.
Мысалы 19 ғасырда еуропалықтардың агрессиясына тап болған түріктер басқа идеологияға бармай ақ елінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Қалайша? Еуропалықтар зеңбірек пен мылтықпен келсе, соны жасауды үйреніп олардың өзіне қарсы қойды. Сол-ақ қана! Құран, ислами қағидаттардан ауымай елінің тәуелсіздігін сақтады.
Жапонияның жағдайды да осындай еді. Олар жиырма жыл ішінде күрт өзгерді. Ол өзгеріс материалдық сипатта еді. Көне дәстүрін, әдебиетін ұмытпай. Басқа елдің идеологиясына аумай тәуелсіздігін сақтап қалды. Қазірше де солай. Елді қорғау үшін мылтық керек пе? Соны жасайды. Зеңбірек керек болса соны жасайды. Ата бабалары салған жолдан тайымай. Дәстүрді ұмытпай.
Зеңбірекпен келген жауды қалай жеңе аламыз? Соған қарсы басқа зеңбіректі қойып. Жау әскері сөз ұқпайды ғой, қой дегенде қоймайды, оны талқандамай ол тынбайды, атам қазақ айтқандай біреу сөз ұғады ал біреу таяқ ұғады.
Парсы, ауған, қытай, моңғол сияқты елдерді осы тізімге қосыңыз. Ал біздің ғұламалар неге екені белгісіз техникалық ғылымдардан гөрі әдебиетке икемді болған. Және өз әдебиеті емес жат елдің әдебиетіне. Онысы дұрыс та шығар. Бірақ өлеңмен зауыт салуға бола ма? Елді қорғайтын қаруды жасауға бола ма?
Жапония сияқты елге ол заманда өзгенің әдебиеті бес тиынға да керек емес еді. Олар ғылым мен өнерді меңгеріп бай қуатты болды. Соның арқасында елінің тыныштығын сақтап қалды. Түрік, Моңғол, Жапон, Иран сияқты елдер өзгеге тәуелді болмады. Сондықтан оларда полигон, коллективизация мен репрессия болмаған.
Бізде де не бір кереметке толы күндер туатын сияқты. Не бір белестерге ел боп көтерілетін уақыт та алыс емес сияқты. Мен оны сезіп тұрмын. Білем де. Сақ, ғұн руһы қайта оянады. Қазақ қайтадан бай әрі бақытты болады. Ол заман қашан басталады? Құранда құдай қалаған затты жарата алатыны, қалаған адамды тура жолға сала алатыны айтылған. Ол үшін бірақ қана сөз. «Бол» дегені жеткілікті.
Конаев пен Горбачев
Ерте ертеде Димаш деген көсем бар еді. Елге ақыл айтып, тура жолға салып отыратын. Бойында бір міні жоқ. Жаулары іздесе де таба алмаған пәк адам еді. Сондай көсем қаншама зауыт салды. Қаншама фабрика салды. Ел игілігіне арнап қаншама малға толы совхоз бен колхоз салды. Жер жыртып егін екті. Аш халықты ауқаттандырды. Кедей елді байытты. Ол жаман сөз айтпайтын. Өзгені жамандамайтын. Қол астындағы көмекшілерінің барлығына, жас болса сіз деп сөйлейтін.
Одан кейін сәбеттік өкіметті Михайл Горбачев басқарды. Ол болса бәрін сынап, бәрін жамандап кетті. Еш арамдығы жоқ Леонид Брежневті мақтаншақ, дүниеқұмар деп лағынет айтып отырды. Леонид атамыз басқарған заманды «Застой» деп кемсітті. Ал кезінде Леонид Ильич деп оған кіріптар еді. Сенбесеңіз «Ақиқаттан аттауға болмайды» деген кітапты оқыныз.
Тәуір басшы болып отырған Қонаевты орнынан алды. Одан артық басшы қазақта о кезде болмаса да. Қонаевтай елді басқара алатындай көсем болмаса да оны орнынан алды. Еш адам білмейтін Колбинді қойып, мыңдаған қазақ жастарын «Желтоқсанда» қырып тынды.
Осы ретте айта кететін бір жайт бар. 1959 жылы Теміртаудағы жұмысшылардың ереуілі болған еді. Жөнді тамағы жоқ, жататын жері, жуынатын суы болмаған соң заводтағы аш жұмысшылар топ боп жиналып, қаһарланып, көлдей ағып, жол бойындағы полиция (ол кезде олар милиция деп аталатын), әкіматты талқандады. Қалада шу шығарып полицейлерді ұстап ұрды. Сонда Брежнев келіп ашуланған адамдардың алдына барып өзі, қорықпай сөз сөйледі. Керекті жағдай жасаймыз, тамақ болады, киім табылады, ашуланбаңыз деп ана бұзақыларды тура жолға салды. Ал Желтоқсан болғанда жастардың алдына барып сөз сөйлеп, тура жолға сала алатын Горбачев те, басқалар да табыла алмады.
Ал одан кейін Кеңес Одағы жоқ боп кетті! Жаман сөз айтқан, өзгені жалқау, жаман деп отырған Горбачев не тындырды? Халыққа қандай игілік әперді? Негативтің пайдасы мол болды ма?
Гетто деген не?
Әлемдегі ең бай АҚШ елі ішінде «гетто» деп аталатын аудандар бар. Ол жақта дені афро-америкалық жұрт мекен етеді.
Кезінде ата-бабалары Америка құрлығына Африка жерінен құл боп әкелініп, талай ғасырлар бойы ақ нәсілді байларға тегін еңбек етіп жатқан афро-америкалықтар көп болған. Талай жас құл боп өмірінің қызығын көрмей о дүниеге атанды. Күні түн, түні мұн боп талай жылдар бойы ол ел азапқа салынды.
Кейін құлдық жойылып барша афро-америкалықтар бостандық алды. Олар азатыққа қол жеткізді. Бірақ солай бола тұра Америка штаттарында көп жылдар бойы оларды меңсінбеу, кеміту, құқығына қол сұғу деген саясат та бар еді. Еуропалық нәсілді жұрт оларды «нигер» деп кемітті. Нигер ол құл дегенді білдірмейді. Ол афро-америкалықтардың еуропалық жұрттан кем дегенді білдіреді.
Құлдық сонау оң тоғызыншы ғасырда жойылса да қазірге дейін Америка жерінде – кедей, жалқау, арақты көп ішетін, нашақорлары көп, бұзық, өзгені жүз доллар үшін өлтіруге дайын жұрты бар жерлер аз емес. Басқа этностарда ондай жерлер жоқ. Мысалы француздардың, италияндардың не тіпті өзгеден кеш келген қытай мен орыстардың «геттолары» Америкада жоқ.
Қазір оларға бөгет бола алатын күш жоқ. Керек десе поездға билет алып гетоны тастап бай – Калифорния, Нью-Йорк, Майами сияқты штаттарына жете алады. Бірақ солай бола тұрып гето азаймай тұр. Не себептен? Себебі ол жақта өмір сүретін жұрттың көкейінде «сен кемсін», «сен жалқаусын», «сен жамансын» деген ойлар бар.
Адамның күш жігерін шегелеп қоятын осындай жаман ойлар лезде, өздігінен кетпейді.
Оны кетіру үшін адам өзгені сыйлап жылы сөйлеу керек. Жаман, арам ойдан арылып шайтанның азғыруына көнбеу керек. Өзгені болмайтын себеп үшін сөкпеу керек. Және нұрға толы қазақтың ауыз әдебиеті сияқты дүниелерді оқып, жаттау қажет. Жаман сөз ешбір пендені тура жолға салмайды.
Пән: Қазақ әдебиеті