×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жалғыз жауға шапқан батыр Заманбек Нуркадилов | Республика батырлары

Создание интернет магазина

Мен Заманбекті алдымен телевизордан көрдім. Ол туралы жиырма жыл бұрын көп сюжет дайындап теледидар жаңалықтарда жиі жариялап жүретін. Сондықтан ол туралы ойым нашар, оны аса жақтырмайтын адамдар қатарына қостым. Ол маған бір топас, есуас сияқты көрінді. Сол үшін кейде іштей ұялып та қоямын.

Заманбек НуркадиловЕсесіне газет пен журналдарда Заманбек жеті мың тенгеге нәски алды, он мыңға шалбар алды дегенді де көп жазатын сондықтан біз ондайды да оқыған едік. Ол кезде орташа жалақы он мен отыз мың тенге арасында еді. Яғни шамамен сол курс бойынша екі не үш жүз доллардай (байқасаңыз жиырма жыл өтіп орташа жалақы сол баяғы екі не үш жүз доллар шамасында қалды!).

Заманбек оппозиция өкілі болған

Біраз жыл өтіп есейдік, Алматыға оқуға келдік. Алматы халқы Заманбек жайлы басқаша пікірде еді. Біреуі маған пәтер берді десе тағы біреуі елге тегін жер таратты дейтін. Өзге біреуі мен оның қабылдауына жазылып оған лезде жолықтым дейтін. Адамды тостырып қоймайтын әкім болған деп. Қазір болса әкім түгіл оның көмекшісіне де жолыға алмай жүрмін деп бір көрші соғыс ардагері (ауған жеріне барып мүгедек боп қалған) маған назын жиі айтатын.

Мен ол кезде жас едім. Елде жайылып кеткен парақорлыққа, қымбат оқуға, ақылы ем алуға, пәтер мен үйдің бағасының шарықтап кетуіне, мұнай мен газдың елге жетпей қалуына наразы боп, қаным қайнап оппозициямен бірге неше түрлі митингтерге қатыстым. Сол замандағы митингтердің баршасына болмасам да көбінде болған едім. Ақ Жолдан (шамамен жиырма жыл бұрын құрылған оппозициялық партия) бастап Петр Свойкке дейін.

Митингтерде Ораз Жандосовты, Алихан Байменовты, Болат Абиловты (неге екені белгісіз оның айтқанына кейбір жұрт сене қоймайтын. Сөзі түзу болса да), Петр Своикты, Заманбекті, Мұхтар Аблязовты (ия дәл сол Аблязов, ол кезде оны тірідей көре алатын едік, кейін шетелге кетіп онлайн боп қалды), Мұхтар Шаһановты, Алтынбек Сарсенбаевты және басқаларын жиі көретін едік. Олардың мінбеге шығып адал сайлау қажет, ел байлығы халыққа берілу керек, адал өкімет керек екен деген сияқты жалынды сөздерін тындап қайтатын едік.

Заманбекті митингте көру

Мен мақалада айтылғандай Заманбекті сырттан танып (өтірікке толы жаңалықтарға сеніп, мен де жас кезімде ақымақ болған едім) онша жақтырмай жүретін едім. Кейін Алматыға оқуға келіп ол жайлы басқаша естіп, осы адам өзі қандай екен деп бір рет мінбеге жақын бара қойдым.

Сол ақ екен Заманбек жастардан қалайша еліміз дами қалады деп сұрақ қойды. Біразы қысылып, біразы ұялып, үлкен адамға тура сөйлей алмай телміріп тұра қалды. Мен болсам қол көтермей ақ: "Көп түкірсе көл дегендей жиылып партия құруымыз керек. Мысалы Америка мен Еуропа сияқты адал партиялар құрып демократияның негізін қалауымыз керек" дедім.

Заманбек болса Ақ Жол сияқты партиялар бар емес пе деп айтты. Мен оған ол партия бар болғанмен оған бәрі асығып кіре қоймай жатыр. Бәріне оның айтқаны лайықты болмай жатыр. Ана Отан партиясынан қалып жатыр деп айттым. Не айтарын біле қалмай Заманбек басқа әңгіме қозғай сала қойды. Бірақ солай бола тұрып мен оның көзінен маған деген кекті, зілді байқамай қалдым. Керісінше бір жылы қараған сияқты боп маған көрінді.

Басқалар ондай емес еді, айтқаныма жауап қайтара алмаса да іштей кейде наразы да бола қоятын. Мысалы мен ауыл әкімімен талай рет ұрысып жаттым. Ол мені бала ал мен оны колхозник деп атап отырдық. Ал мектеп директорына сені жек көрем деп оныншы сыныпта бетіне тіке қарап айттым (директор мені есуас деп санаған сияқты). Аудан әкіміне мен басшы болсам сен маған көмекші де бола алмайсын дедім. Өйткені ол маған выпускной кезінде ойнап сен сияқты көмекші керек деген. Соған намыстанып айта салғаным ғой.

Заман қалай өтті ай. Ана аудан әкімі шу етіп Астанадан бірақ депутат боп шықты (қателеспесем фамилиясы Мусин деген депутат). Мен болсам ондай биіктерден көріне алмадым. Сірә мақала басында айтылған тенеу басқаға емес маған орынды шығар. Өзгеден іздеген кемшілік өз бойымда бар шығар. Бар ғана қоймай мол да шығар.

Рахат Алиев Заманбектің досы болған

Бір жиналыс кезінде далада Заманбек қасында жүрген адаммен мен төбелесе жаздадым. Мен оған елге саяси реформалардың керектігін ұғындыру үшін қаржы жинап бәріміз ауыл мен қала аралайық дедім. Көппен пішкен тоң келте болмас деп. Ол болса митинг те жеткілікті деп айтты. Мен оған далада айтылған сөз далада қалады деп түсіндіре жатқанда ол мені елемей қалып қойды. Оған ашуланып қалдым.

Дәл сол мезетте арқамнан біреу ақырындап итере бастады. Мен ашулы боп тұрған соң артқа қарап не деп айғай салдым. Алдымнан біраз жасқа келген, толықтау, орта жастағы, орта бойлы бір аға тұр екен. Ол ақырындап отуге можно, да деп ақырын қорықып айтты. Мен оған өту керек пе? Өтіңіз! Басқаға жолды бермейтін мен Назарбаев (ол сол кезде бесінші рет пе, не төртінші рет пе сайлауға түскен еді) емеспін ғой деп айта салып үлкенге жол бере қойдым. Ол ақырындап Заманбекке ұмтылды. Қолымен маған көрсетіп. Заманбек болса бір рет қолын төмен қарай сілтей салды (ондай адам түзеле қалмайды дегендей).

Ағайдың Заманбекке баяу бара жатқанына қызығып қалдым. Біраз уақыттан кейін артқа бұрылып жастар тұрған жаққа барайын деп едім. Қарасам жан жағынан не бір биік, не бір мықты оққағарлар келе қойыпты. Біреуі менің алдымнан тұра қалды. Мен оған ашуланып, ей өтсейші, мына жерде понедельникке дейін тұрасын ба деп айта салып едім. Сол ақ еді жұрт күле салды. Ол дәу болса да ұялып қалып жол бере қойды.

Жастар жағына жеткен соң басқалар сен анау ағайға неге бақырдын. Ол күйеу баласы ғой деп маған достарым жабыла салды. Мен енді жасы осындай болса біреуге күйеу бала болған шығар деп айттым. Бірнеше күннен соң сол күйеу баланың Қазақстан футбол федерациясының басшысы екенің теледидардан біле қойдым (футболшы болмай ақ кетейін). Аты Рахат Алиев. Ол кезде интернет жоқ, сондықтан бар хабарды телевизордан білетін едік. Бір қызығы оны қалай түсіргені беймәлім әйтеуір ол толық адам емес кино төрінен шыға салған Ален Делон сияқты экраннан көріне қалды.

Заманбек пен Рахат екеуі сол кездесуде ұзақ сөйлесті. Бірін қолын бірі алып. Рахат оған көрші деп. Әйтеуір екеуі дос сияқты боп маған көрінді.

Рахат мені бірнеше күннен кейін алыстан көріп күле жаздады. Ұстамдылығын сақтай қалып. Бірақ неге екені белгісіз осы саясаттағы адамдар іштей бір сырды сақтап жүргендей боп көрінді. Біз жақтағылар да о жақтағылар да.

Заманбек жақтастары

Қазір Заманбекті Қазақстанның бас оппозиционері деп айтса да шындығында оның жақтастары ол кезде көп емес еді. Мысалы зиратқа барып құран оқығанда оның сонынан аса көп адам ілесіп жатпағаның байқау қиын емес еді. Ол жерге барып жасасын дат тақсыр деген жалауды апардық. Гүл қойдық, сонан соң қайттық.

Негізінен ел Ақ Жол партиясының адамдарына еріп жатуды бастаған еді. Мысалы Ораз Жандосов сияқты мықты маманның айтқанына сеніп. Ол Қазақстанды қазір де гүлдете алатын адам. Себебі басқаларынан өзгеше бір қасиеті бар. Ол шың ғұлама. Ғалым. Ірі экономист. Ақшаны жұмсауды, ақшаны есейтуді білетін адам.

Заманбектің қателескені

Заманбек ел ағаларына кәміл сенген еді. Мысалы Қазақстанның анандай, мынандай деген ғылым мен білім қызметкерлеріне, атақты ақын мен жазушыларына, суретші мен мүсіншілеріне, доктор мен профессорларына. Қысқасы сонау Кеңес Одағы заманынан бері танымал болып келген зиялы қауымға шексіз сеніп кеткен еді.

Мен бастасам сендер жалғастыра аласындар, мен бастасам сендер қолдай саласындар дегендей қарттарға сеніп қойған. Бірақ онысы қате еді. Себебі Желтоқсанда олар алаңға шықпаған емес пе. Халық жағында болмай қалған емес пе. Керісінше көбі үйде отырды. Кейбірі тіпті жастарды қан етіп қырған Колбинге құттықтау жіберген де (Қадір Мырза Әлидің "Иірім" деген естеліктер жинағын оқыныз).

Заманбек триумфы

Адам талай жылдар бойы босқа өмір сүре алады. Баяғы бір жұмыс, баяғы бір оқу. Не бір өзгеріс, не бір игілігі жоқ күйбін кірбен тірлік. Келген ақша үйреншікті заттарға жұмсалып, бәлендей пайда әкелмей жатқандай жоқ бола қалады.

Сондай тірліктен шаршаған Заманбек елге бостандық, игілік әпергісі келді. Өзі бай болса да кедей халықты бай ету үшін жалғыз өзі диктатураға қарсы шықты. Жалғыз өзі олигархтар билігіне қарсы шықты. Алаңға Назарбаевты шақырып сол жерде елге тапқан ақшанды көрсет деп айтты. Қайдан алдын деп?

Осыны естіген Саяхат, Тастақ, Алтын Орда сияқты Алматының кедей халқы тұратын жерлерінің елі шу ете қалды. Көбі рухтанып, Заманбек жағына барғысы келді. Оны қолдағысы келді. Алаңға көп жұрт ұмтылғанмен ол жақты әкімат жауып қойды. Полиция жібере қоймады.

Қантар сияқты Ұлт Азаттық көтеріліс сол кезде ақ бастала салуға таяу еді. Бірақ жұрт әрекет етпей Заманбекті ойдағыдай қолдамай қалды. Алғашында бәрі оның жағына өткен сияқты болса да сонынан ере қоймады. Сонда да осы тірлігі маған триумф боп көрінеді. Заманбек жалғыз қалып көп кешікпей қайтыс болды. Кешегі Кеңесары хан сияқты.

Заманбек қазақ тарихында сонау көне заманның жырау, абыз мен ақындары сияқты ханға тіке сөйлеп ашы болса да шыңдықты айта алатын жан еді. Ол адамгершілігі мол мейірімді адам болған. Қымбат көйлек, дәмді тамақ жеуді ұнатып жүрсе де байлармен тіл байласып халыққа қарсы шықпады. Ел қамын ойлаған жан еді!

Пән: Тарих

Комменттер


Grand maître spirituel, puissant médium voyant spécialiste des travaux occultes de rituel de richesse, de rituel de retour affectif rapide et voyance. Je suis le Maître spirituel Tokpe, je peux vous aider où que vous soyez dans le monde. Rituel pour gagner aux jeux de hasard et au LOTO?-PMU Euro million...
Rituel pour devenir star (Artiste, footballeur, influenceur...?)
Rituel pour devenir très riche
Rituel pour attirer la richesse?
Rituel pour attirer le bonheur?
Rituel pour avoir la prospérité?
Rituel pour avoir la fortune?
Rituel pour avoir d'enfant et la longévité?
Rituel pour attirer l'amour?
Rituel de retour affectif rapide

https://www.voyances-amour-richesse.com/richesse
https://sites.google.com/view/rituelderichesse/accueil
voyant-tokpe@hotmail.com

Whatsapp : +22957772427

Жауап беру | Өзгерту | Жою