×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

HTML деген не? HTML тілі

Создание интернет магазина

Интернеттегі сайттардың барлығы html-дің көмегімен жасалады. Соңдықтан html-ді білмей сайтты жасау мүмкін емес! Осы сабақта html деген не сұрағына жауап береміз.

Осы қысқа курста html-дің ең негізгі, ең көп қолданылатын әдістері келтіріледі. Сіз html мен css және бір CMS-ті менгерсеніз сайт жасап ақы таба аласыз.

HTML дегеніміз не?

HTML ағылшың тілінің Hyper Text Markup Language деген сөздерінің аббреавитурасы, яғни html дегеніміз гипер тексті белгілеу тілі деп қазақшаға аударылады. HTML тілі сайт жасау үшін қолданылатын тіл.

Бұл тіл жиырмасыншы ғасырдың сонында пайда болған, бұл тілдің авторы ағылшынның ғалымы Тим Бернерс.

HTML документің құру

Қарапайым html документінің жасау үшін, мына кодты, тексті файлға теріңіз де, файлды index.html деп сақтаңыз:

<html>
<body>
Сәлем Жамиля!
</body>
</html>

Енді бұл index.html документің браузерде ашсақ:

html деген не

Бұл ең қарапайым html документі болып табылады, және сайт сияқты ашылады.

HTML синтаксисі

Енді html синтаксисің талдауға кірісейік:

1) <html> - біздің html документіміздің басын, ал </html> соңың белгілейді.

2) <body> - html документінің браузерде көрінетін бөлімдері орналасатын жерінің басын ал </body> аяғын белгілейді.

3) html - дегі кез келген код <...> және </...> элементтерінен құралады, бұл элементтер html тэгтері деп аталады.

Келесі сабақтарда - сілтемелерді, суреттерді, текстерді тағы да сол сияқты объектілерді сайтқа орналастыру үшін қолданылатын тэгтерді қарастырамыз.

HTML тілін білсеңіз сіз сайтқа кестелерді, суреттерді, видео және аудио файлдарын енгізе аласыз. Сайтта видео роликтерді де ойната аласыз. Сайтты көрікті етіп жасай аласыз.

Соңдықтан сізден html деген не деп біреу сұраса, html сайтты жасауға ауадай қажетті тіл, технология деп жауап бере аласыз!

Пән: Бағдарламалау