×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қарахан мемлекеті, Сатұқ Боғра хан

Создание интернет магазина

Қарлұқ қағанаты 10 ғасырда едәуір әлсірей бастады, мемлекетте феодалдық бытыранқылық орнады, орталық билік әлсіреді. Бұны Қарахан әулеті пайдаланып өз мемлекетің құрды.

Сатұқ Боғра хан

940 жылы Қашғариядан келген қарлұқ тайпаларын басқарған Сатұқ Боғра Баласағұнды басып алды. Осы Сатұқ Боғра Қарахан әулетінен еді, әулеттің атауын ғалымдар арғы бабасымен байланыстырады, арғы атасы Қарахан болды деп. Осылай Қарахан мемлекеті пайда болады.

Ал Сатұқ Боғра хан болады да мемлекетті басқарады. Исламды қабылдаған билеуші еді. Кейін оның ұлы Мұса таққа отырғанда, 960 жылы ислам дінің Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні етіп жариялайды.

Қарахан мемлекеті территориясы және этникалық құрамы

Қарахандықтар 999 жылы Самани мемлекетін талқандады, қарлұқтардың Сырдағы жерлерін қайтарып (кезінде бұл жерлерді Самани мемлекеті Қарлұқ қағанатынан тартып алған еді), Әмударияға дейін жерлерді қосты, бұл өзеннің арғы жағы Газнауилерге тиесілі еді.

Бұл Қарахан мемлекетінің батысындағы шекарасы еді, ал шығыстағы шекарасы Жетісудың шығыс бөлігі мен Қашғар қаласы болды.

Қарахандықтардың солтүстік шекарасы Балқаш және Алакөл көлдері болды. Бұл жерлерде қимақтар билік еткен.

Мемлекеттің этникалық құрамы әртүрлі еді, Сырдария мен Әмудария аралығында (осы қос өзен аралығы Мауараннахр деп аталады) соғдылар, парсылар, арабтар мекен еткен. Сан түрлі тайпалар да бүткіл мемлекетте өмір сүрген. Этникалық тұрғыдан мемлекеттің басым бөлігі түркі тектес тайпалар еді. Қарлұқтар, түргештер, оғыздар және басқалары.

Қарахан мемлекеті территориясы және этникалық құрамы осындай!

Қарахан мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылым

Қарахан мемлекетінде билік екі тайпалық топта еді, бұлар жігіл және яғма. Мемлекетте екі қаған билік құрған, бірі шығысында ал екіншісі батысында.

Шығыс Қарахан мемлекеті

Шығыс бөлігінің қағаны Баласағұн қаласында билік құрған. Мемлекеттің бұл бөлігі басым, басты болған. Батыс бөлігі бұған тәуелді болған. Шығыс бөлігіне Қарахан мемлекетінің шығыстағы жерлер енген.

Батыс Қарахан мемлекеті

Батыс Қарахан мемлекеті бұл Сырдария мен Әмудария жерлері сияқты Қарахан мемлекетінің батыс бөлігінде орын тепкен.

Алғашында астанасы Бұхар қаласында, кейіннен Самарқан қаласында болған.

Сөйтіп Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлінді.

Қарахан мемлекеті және қарақытайлар

12 ғасырдың басында шығыстан келген қарақытайлар Жетісуды басып алады. Қарахандықтарды өздеріне тәуелді етеді. Бірақ мемлекет пен дін істеріне араласпайды. Тек салықты жинап отырады. Қарахан мемлекеті мен қарақытайлар арасындағы бұл күрестен кейін Қарахан мемлекеті ыдырай бастайды.

1210 жылы Жетісуға наймандар көшіп келеді де, қарақытайлардың тас талқаның шығарады. Билік Жетісуда наймандар қолына көшеді, сөйтіп Шығыс Қарахан мемлекеті жойылады.

1212 жылы Самарқан қаласын Хорезм шахы Мұхаммед басып алады да Батыс Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатады.

Пән: Тарих