×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Мұхтар Шаханов | Республика батырлары

Создание интернет магазина

Желтоқсандықтардың қаны сіңген қасиетті Республика алаңына Мұхтар атамыз 2006 жылдың күзінде жалғыз өзі митинг жасап, жалғыз өзі шықты. Қолына қазақ тілін құрметтейік, қазақ тілінің мәртебесін көтерейік сияқты жазулары бар плакатты алып ортаға ұмтылды. Көне заманның қамал бұзатын батырлары сияқты алаңның қақ ортасына жақындады.

Бет ажары сондай жылы, сондай жарқын! Жақыннан көргендер білетін шығар, ол сөз алғанда жан жаққа нұр шашып тұрғандай болатын. Аздап қырылдаған, қоңыр дауыспен жастарға тура жолды нұсқап отыратын.

Бірақ полиция ма, омон ба әйтеуір оған ұмтылды. Олардың жүзі Рейхстагты алуға келген әскер сияқты тым мейірімсіз, тым қатал. Алдында ұлт мақтанышы, бәріне белгілі ақын емес жау, Қалдан Церен тұрғандай. Шамамен пайғамбар жасына келген ақынның қолын жас полиция қызметкері лезде бұрап салды. Алаңда болғандарды да біртіндеп ұстап автобусқа отырғыза берді. Апаратын жері түрме, полиция бөлімшесі.

Бірақ ешкімде мұн, қайғы жоқ. Бәрі өз ісіне, істеген тірлігіне кәміл сенеді. Бәрі ел үшін алаңға шықты. Ешкім қара басының қамын ойлап келмеді. Ондайлар Назарбаев ты лидер нации, давайте его сделаем ханом деп о кезде жиі айтатын. Арасында талай академик, талай ақын мен жазушы да бар. Ал қазір кілт бұрылып оны жамандай қалды.

Шахановты соттау

Алаңда ұсталған Мұхтарды соттады. Ол замандағы заңдар бойынша рұқсат етілмеген митингке қатысқаны я ұйымдастырғаны үшін жаза бар еді. Атамыз танымал болған соң, сот халық қаһарынан қорқып шағын айыппұл салды. Қателеспесем жиырма мың теңге. Ол заманда да, бұл заманда да аса көп ақша емес.

Басқаларын екі не үш сағаттай ұстап жібере салды. Полицияда басқа амалы болмаған сон. Оған қоса биліктегілер халықаралық сынға ұшыраймыз деп қорықты. Қайткенмен Мұхтар жалғыз қазаққа ғана таныс адам емес қой! Оны Юнеско ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Одақ біледі. Олармен ұрысу, олардың сынына ұшырау, біреудің қалтасына салынатын инвестициядан қағылумен тең. Соңдықтан ақынды тым қатты жазаламай қойды. Биліктегілер лезде бір жерін қыса қалды.

Шаханов кейін не істеді?

Атамыз кейін де неше түрлі жиналыстарға қатысты. Кеңес Одағы заманнан танымал болған басқа жазушы я ақын сияқты билікке жағымпаз бола қоймады. Елін сүйген соң, жерін сатпаған соң әрекет етті. Елмен бірге болды.

Әсіресе оның ақын жайлы ойлары құнды. Қазір ғой мектеп оқулықтарында не бір ақын классик, не бір жазушы керемет ғұлама болды делінеді. Ал солардың көбін өз көзімен көрген атамыз басқа ойда.

Шаханов Махамбетті сүйеді

Мұхтар Шаханов басқа ақындардан гөрі Махамбет Өтеміс ұлын ерекше құрметтейді. Тіпті Абайды одан кем санайтын. Ол бір рет сөйлегенде Абай үйде отырған ақын ал Махамбет өз өмірін халық үшін құрбан еткен батыр-ақын деген.

Ол Махамбеттің көп өлеңің жатқа білетін. Бірде "Ереуіл атқа ер салмай..." деп бастап кетсе, бірде "Сарғыш құс..." деп айта салатын. Қап, о кезде қазіргідей сапалы камерасы бар телефондар жоқ еді. Ал камера болса тым қымбат болатын. Сондықтан Мұхтардың ел алдына шығып сөйлеген көп сөзі жазылмай қалды. Көп ойы ел есінде ғана сақталды.

Мемлекеттік сыйлық құтты болсын!

Қантарда болған ұлт-азаттық көтерілістен кейін ақынымызға мемлекет сыйлығын берді. Өз көзімен көрмесем де сол жерде болғандар Тоқаев өз қолымен, ауылдағы құдағи алдына келген жас келін сияқты тік тұрып, күлімдеп жатып аса құрметпен сыйлықты берді дейтін. Негізі халық қаһарманы сыйлығына лайықты болса да оған сәл төмендеуін ақынымызға бұйырды.

Бүткіл ел, бүткіл халық білетін Мұхтар Шаханов мемлекеттік сыйлық алуға лайықты болмаса, одан басқа кім алуға лайықты? Алып жатыр ғой ешкімге белгісіздері. Рас кейбірі мемлекеттік медаль алғаны үшін ақынды сынап отыр, кейбірі тіпті сатқын деп Ютубта не бір роликтерді қосып жатыр.

Ол білмегендіктен. Мемлекеттік медаль елден жиналған қаржыға құйылып елге сыйлы адамға берілуі керек. Рас Тоқаев пен Назарбаевты ұнатпағандар ақынды медаль алған үшін сынап отыруы мүмкін, билікке жақын болдың деп. Бірақ ол медалді Тоқаев өз қалтасынан ақша шығарып берді ме? Өз ақшасына құйды ма? Жоқ! Ол елдің қошаметі, елден жиналған игілік.

Қазақи ақын мен еуропалық ақын

Қазақтың бұл күнде белгілі көне - ақын, жырау, би, шешендердің барлығы елмен бірге болып жаумен алысты. Ешқайсысы жаумен тіл байласып халыққа қастандық жасамады. Ел сыртынан жау пайда болса бірінші боп Асан Қайғы, Бұқар жырау, Махамбеттер қалын елді жаумен соғысуді үгіттеп.

Жастарды жиып жаудың тас талқаның шығарып отырған. Жас батырларға бас болып, елді тура жолға салып отырған. Осындай ақындарды қазақи ақын деп айта аламыз.

Одан бөлек негізінен шығармашылыққа бет алған. Елмен болудан гөрі оқшау жүріп. Я ел алдына шықса да зұлымдармен соғысуды жөн көрмеген ақын мен жазушылар бар. Ондайларды еуропалық ақын деп айта алатын шығармыз. Мысалы Пушкин, Гоголь, Лермонтов сияқтылары. Пушкин кезінде Петерборда декабристердің көтерілісі болды. Ол бірнеше ай бойы дайындалып жатты. Оған Пушкиннің талай достары, таныстары, тіпті туысқандары қатысқан. Мақсаты ақ патшаның тираниясымен күресу.

Сөйтіп 1825 жылы декабристер алаңға шығып ақ патшаның кетуін талап етті. Жаңа реформалардың керектігін айтты. Демократиялық мемлекетті құруды көздеп. Пушкин сол кезде жиырма бесте болды. Алаңға оның талай достары, туысқандары шықты. Бірақ ол шықпады. Өйткені Пушкин күрестің, соғыстын адамы емес. Ол шығарма жазуды, өлен айтуды ұнататын ақын.

Шын ақын қандай болуы керек?

Мұхтар Шаханов ақын деп шыңдықты жырлайтын адам болуы керек дейтін. Ақын дегені жаңа ой айта алатыны болуы шарт деп жиі айтатын. Ол не бір жағымпаз не бір жексұрын қылығы бар адамдарды жек көретін.

Және тура сөйлеуі керек. Халық пен елдің мұның жырлауы қажет. Яғни осы тұрғыдан Мұхтар Шаханов еуропашыл емес, қазақи ақын. Баяғыдағы Асан Қайғы, Бұхар Жырау сияқты. Көріп тұрсыз ғой оның осы ерекшелігін.

Кеңес Одағы заманында танымал болған ақын жазушылардың көбі Мұхтар Шаханов сияқты билікті сынамайтын. Билікке жағымсыз ойларды айтпайтын. Керісінше амалын тауып өкімет арқасында байып кетуді, билікке қол жеткізуді қалайтын.

Болашақ жастардың қолында. Ал оларға не бір топас, не бір жағымпаз адамдар керек емес. Ондайларды ел лезде ұмытып кетеді. Мысалы осыдан жүз елу жыл бұрын Алматы әкімі болған адамды сіз білесіз бе? Оның көмекшісін? Ал он тоғызыншы ғасырдың соныда Торғайда билік құрған әкімді ше?

Сіз түгіл көп тарихшылар да оларды жатқа білмейді. Ел үшін істеген тірлігі болмаған сон ұмытылып қалған бишаралар. Қазіргі өкіметтегілердің көбін де ел лезде ұмытып кетеді.

Білетіні, есте қалатыны - Ыбырай, Махамбет, Абылай хан, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Төле би сияқты еңбегі елге сіңген ғұламалар, батырлар.

Солардың қатарында Мұхтар Шаханов та бар!

Пән: Тарих