Көл дегеніміз не? Ащы және тұшы көл. Ағынсыз және ағынды көл
Көл дегеніміз не? Көл - сумен толған табиғи шұңқыр. Көл мұхиттармен қатынаспайды. Мысалы Балқаш көлі жан-жағынан құрлықпен қоршалған:
Көл табиғи жолмен пайда болуы тиіс. Мысалы Қапшағай су қоймасы көл деп саналмайды. Себебі Қапшағай су қоймасын 1970 жылы адамдар сумен толтырған еді. Ал Балқаш көлі өз бетімен талай заман бұрын пайда болған. Яғни Балқан көлі өздігінен, табиғи жолмен пайда болған.
Ащы және тұщы көл
Көлдің суындағы тұздың мөлшеріне байланысты көлдер - тұщы және ащы деп бөлінеді. Тұщы су деп судың құрамындағы минералдар мөлшері бір литрде бір граммнан аспайтын су. Ал асып кетсе бұндай су ащы деп аталады.
Тұщы көл бұл суы тұщы болатын көл. Ал ащы көл бұл суы ащы болатын көл.
Карталарда тұщы көлдер көк түспен ал тұщы көлдер күлгін түспен бейнеленеді. Мысалы Балқаш көлінің батысы тұщы ал шығысы ащы. Соңдықтан батыс бөлігі көк түспен ал шығыс бөлігі күлгін түспен бейнеленеді:
Ағынсыз және ағынды көлдер
Өзендер көлге құяды. Ағынды көлдер бұл көлден шығатын өзендері бар көлдер. Ал ағынсыз көлдер бұл көлден шығатын өзендері жоқ көлдер.
Мысалы Зайсан көлі ағынды көл, себебі бұл көлге шығысынан Қара Ертіс өзені құяды ал батысынан Ертіс шығады.
Ал Балқаш көлі ағынсыз көл. Себебі көлге құятын өзендер көп, ал көлден шығатын өзендер жоқ.
Пән: География
азысхухцххзәузищшлшкщыщиезцққмқоцқті¨
Жауап беру | Өзгерту | Жою