×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дыбыс толқындары, дыбыс жылдамдығы, ультрадыбыс, инфрадыбыс

Создание интернет магазина

Дыбыс деген не? Жиілігі 16-дан 20000 Гц дейін болатын механикалық тербелістер дыбыстық деп аталады. Бұндай тербелістерді адамның құлағы ести алады:

Дыбыс толқындары

Алыста бір зат құласа немесе жел соғып ұшырса адам бұны естиді.

Атауы да осыдан. Біреу сөйлесе де, адамның ауызында ауаның тербелістері пайда болады, ауа арқылы тарайтын бұндай механикалық тербелістерді адамның құлағы естиді.

Табиғатта дыбыстық тербелістерді жасай алатын заттар өте көп. Адамның жүрісі, доптың секіргені, балалардың күлгені, найзағайдың соғуы, боранның басталуы, ағаштың құлауы, шынының сынуы, смартфондағы музыканың ойнауы және басқалары.

Дыбыс толқындары бұл адамның құлағы ести алатын механикалық тербелістер.

Дыбыс толқындары тарала алатын орта бұл негізінен ауа, бірақ ауадан басқа дыбыс тарала алатын орталар да бар. Мысалы су, судың ішіне сүңгісеңіз дыбысты ести аласыз. Дыбысты сонымен қатар есіктін қасында тұрып ести аласыз. Дыбыс газдарда, сұйықтарда және қатты заттарда тарала алады.

Дыбыс жылдамдығы

Дыбыстың ауада тарайтын жылдамдығы 340 м/с. Қатты заттар мен сұйықтарда дыбыс ауадан гөрі тезірек тарайды. Мысалы суда дыбыс толқындары секундына 1400 метр жылдамдықпен тарайды.

Дыбыс жылдамдығы ортаның тығыздығына, температурасына, қысымына тәуелді. Ортаның серпімділігі артса механикалық толқындар тезірек тарайды.

Ультрадыбыс

Жиілігі 20000 Гц жоғары болатын механикалық тербелістер ультрадыбыс деп аталады. Бұндай механикалық тербелістерді адамның құлағы ести алмайды. Ультрадыбыстың көмегімен адамдардың ішкі ағзаларын көруге болады. Бұл УДЗ деп аталады.

Инфрадыбыс

Инфрадыбыс бұл жиілігі 16 Гц аз болатын механикалық тербелістер. Бұларды да адам құлағы ести алмайды.

Пән: Физика