Ерітінді деген не? Еріткіш деген не?
Көптеген заттар суда ериді, мысалы қант пен тұз:
Ауа мен оттегі де суда ериді. Су табиғи, әмбебап еріткіш боп табылады. Ерітінді біртекті болады. Мысалы суға қантты ерітсеңіз, пайда болған сұйықтықты мата арқылы сүзсеңіз, онда матада осы ерітіндінің бөліктері қалмай өтіп шығады.
Ерітінді дегеніміз не?
Ерітінді дегеніміз - еріткіш пен еритін заттан тұратын біртекті зат.
Мысалы тұз еріген су ерітінді болады. Бұнда екі зат бар, су бұл еріткіш және тұз еритін зат. Су мен тұз біртекті боп ериді.
Қаныққан және қанықпаған ерітінділер
Бір температурада еріткіште ерітіндінің бұдан көп мөлшері одан әрі ерімейтін болса, бұны қаныққан ерітінді деп атайды.
Мысалы 1 литр суда 2 кг қант ериді (температура 200 С), бірақ бұдан артық қантты қоссаңыз қант ерімейді. Бұл ерітінді қаныққан болады.
Ал ерігіште ерітіндінің тағы да мөлшері ери берсе, бұндай ерітінді қанықпаған ерітінді деп аталады.
Мысалы 1 литр суға 1 кг қант қоссаңыз (температура 200 С), онда ерітінді қанықпаған болады, себебі қанттың бұдан арттық мөлшері де суда жақсы ериді.
Ерігіштік
Ерітінділерді сандық жолмен сипаттау үшін, ерігіштік деген ұғымы пайдалынылады. Ерігіштік дегеніміз ерітінді массасының еріткіштің көлемінің қатынасына тең сан. Мысалы қанттың 200 С температурадағы ерігіштігі 2000 гр/л.
Ерітінділер үшке бөлінеді - көп еритіндер, аз еритіндер және ерімейтіндер.
Бөлме температурасында 100 гр суда 10 гр артық зат ерісе бұндай заттар көп еритіндер деп аталады. Ал осы жағдайда 10 гр емес, 1 гр аз зат ерісе, аз еритін деп аталады. Және егер 0,01 гр аз зат ерісе, бұл ерімейтін зат деп аталады.
Суда жақсы еритін заттарға ас тұзы мен қантты жатқызуға болады. Ал аз еритін заттарға гипсті жатқызуға болады, себебі 1 литр суда гипстің небәрі 2 гр ериді.
Күміс хлориді іс жүзінде суда ерімейтін затқа жатады, себебі 1 литр суда күміс хлоридінің небәрі 1,5*10-3 гр ериді.
Көптеген қатты заттардың суда ерігіштігі, температура жоғарлаған сайын артады.
Газдар мен сұйықтардың судағы ерігіштігі
Кейбір сұйықтықтар суда шексіз ериді, мысалы спирт суда шексіз ериді. Ал кейбір заттар суда ерімейді, мысалы күнбағыс майы су бетінде қалқып тұрады, бұл зат аз мөлшерде суда ериді, қалған бөлігі су бетінде қалқып тұрады.
Кейбір газдар суда жақсы ериді, мысалы хлорсутек (HCl) немесе аммиак (NH3), ал кейбір газдар суда нашар ериді, мысалы аргон, сутек, оттек сияқты газдар.
Газдардың судағы ерігіштігі температура төмендегенде және қысым артқанда артады.
Пән: Химия
Комменттер
Көпқой!
Мысалы - суда еріген қант, суда еріген тұз, суда еріген сода, суда еріген сабын, суда еріген шампунь және басқалары. Бұл заттар суда еріп ерітінді түзеді. Судағы қанттың ерітіндісі тәтті болады, судағы тұздың ерітіндісі ашты болады. Ал суда еріген сабынның ерітіндісі көпірленіп тұрады. Бұл ерітінділер сүзгі арқылы өткенде түгелдей өтіп қалады, сүзгіде қалдығы қалмайды. Ерітінді дегеніміз осы. Су еріткіш ал қант еритің зат болады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
ағай рахмет!!!!
Inzhu Slyam
Жауап беру | Өзгерту | Жою