Призманың көлемі
Призма дегеніміз мынандай пішін:
Призманың көлемі V призманың табанының ауданы S призманың биіктігі h-тін көбейтіндісіне тең:
V = Sh
Мысалы призманың табанында бір катеті 3 см ал екінші катеті 6 см болатын тік бұрышты үшбұрыш жатса және призманың биіктігі 15 см болса оның көлемі қандай?
Бұндай призманың көлемі оп-онай аңықталады. Табанындағы үшбұрыштың ауданы:
S = 1/2*3*6
S = 9 см2
Енді бұны призманың биіктігіне көбейтеміз де призманың көлемін табамыз:
V = Sh = 9*15
V = 90 см3
Жоғарыдағы формула барлық призмаларға ортақ, табанында жатқан көпбұрыштан тәуелді емес. Және призманың тік не тік болмауына да тәуелді емес, бұл формула барлық призмаларға ортақ.
Жаттығулар:
1) Призманың табанында катеттері 7 см және 12 см болатын тік бұрышты үшбұрыш жатсын және призманың биіктігі 30 см болса оның көлемі қандай?
2) Призманың табанында қыры 5 см шаршы жатса және призманың биіктігі 50 см болса призманың көлемі қандай?
3) Призманың табанында тік бұрышты үшбұрыш жатыр, оның бір катеті 4 см ал гипотенузасы 5 см. Призманың биіктігі 14 см болса оның көлемі қандай?
Пән: Геометрия